Ас атасы — нан саба?


Пән: Қазақ тілі Сынып:5
Сабақтың тақырыбы: Ас атасы - нан
Мақсаты:
Білімділік: Аталмыш тақырып бойынша оқушыларға білім беру, білімдерін бір жүйеге келтіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін, ойлау шеберлігін, сабаққа деген қызығушылықтарын дамыту
Тәрбиелік: Нан туралы айта отырып, қасиетті нанды сүйіп, құрметтеуге, оның қадір-қасиетін бағалауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа материалды оқыту.
Әдіс-тәсілі:Әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, диалог т.б.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, үлестірме парақтар, суреттер.
Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі
2 Сәлемдесу
3 Кезекші жауабы
2. Үй тапсырмасын тексеру (септік жалғаулары бойынша тест орындау)
I Қызығушылықты ояту.
Нан қиқымын шашпаңдар! Жерде жатса, баспаңдар! Теріп алып қастерлеп, Торғайларға тастаңдар.
Оқушылар осы тақырып аясында қазақ тілінде сөйлейді. Өлең не туралы екенін айтады, сабақтың мақсаттарын айтады.
II Мағынаны тану
1 Мәтінмен жұмыс.
Оқушыларға «Ас атасы-нан» деп аталыт мәтін таратылады. Оқып, түсінеді, топтп талқылайды, әр топ бір-біріне бір сұрақ дайындайды. (1 топ-2 топқа, 2 топ-3 топқа, 3 топ-1 топқа)
2 Диалогпен жұмыс
Оқып, түсіну, рольге бөліп оқу.
Бірде Рауан әжесіне еріп, егіс даласына келді. Ол шашақты басы иіліп тұрған бидай сабақтарын көріп, әжесінен: - Мынау өсіп тұрған не? - деп сұрады. - Рауанжан, бұл пісіп тұрған – нан, - деп жауап берді әжесі. - Нан болса, таба наны қайда? - Таба наны да осы дәннің ішінде. - Ал тоқаш ше? - Ол да осы дәннің ішінде. - Бауырсақ ше? - Бауырсақ та осы дәнге сыйып тұр. - Әже, кіп-кішкентай қауызды дәнге осынша көп нан қалай сыйып тұр? - деп Рауан таңғалды. - «Ас атасы – нан, нан атасы – дән» деген. Осынша мол дүние, тоқшылық әрбір дәннің ішінде, - деді әжесі.
*Ас атасы - нан.
*Ас – елдің құты.
*Айран ішсең ас болады.
5. Мәтәнмен жұмыс
а)жаңа сөздермен жұмыс
скатерть- дастархан(перен. стол с яствами; еда)
дастарқан аттау - пренебрегать хлебом-солью (букв.перешагивать через дастархан); отвечать черной неблагодарностью
қастерлеу-уважение,почтение
төр-почетное место
тыйым сөз – запретное слово
ә)мәтінді кезекпен оқу, аудару
Біз келген адамды дастарқанға шақырамыз.Бұл – қазақтың салты. Қазақта дастарханды қадірлейді. Бізде «дастарханды аттама» деген тыйым сөз бар. Біз үлкенді сыйлаймыз. Бірінші қарияларға төрден орын береміз.Дастарқанға бірінші нан қоямыз.Сосын ұлттық тамақты қоямыз.Қариялар батасын береді.Жақсы тілектер айтады. Бұл - біздің халыққа тән тәрбие.
б)Мәтіннен септік жалғауы бар сөздерді теріп жазу, септігін анықтау
Қорыту
1.Қазақтың қандай салты бар?
2.Қазақта нені қадірлейді?
3.Қандай тыйым сөз бар?
4.Дастарқанға бірінші нені қояды?
5.Үлкендерді қалай сыйлайды?
6.Кім бата береді?
7.Қандай тілектер айтады?
Үйге тапсырма. Ас туралы 5 мақал-мәтел дәптерге жазу, 3 мақал жаттау
Бағалау