Нан тама?ты? атасы 2-сынып 
Дүниетану2-сынып
  Сабақтың тақырыбы: Нан – тамақтың атасы
Сабақтың мақсаты:  Нанды қадірлеп қастерлеуге үйрету.Нанның дастарханға қалай келетіндігін айтып, оған көптеген адамдар еңбек еткендігін түсіндіру.Оқушыларды дәстүрді сақтауға, нанды қастерлеуге ас ішу тәртібін есте сақтауға тәрбиелеу.Көрнекілігі:  Нақыл сөздер, нанның суреттері,                             слайдтар.
Сабақтың барысы:        Ұйымдастыру кезеңі:  Сабаққа даярлық.       Үй тапсырмасын сұрау.  Адам еңбегімен қадірлі.       Өткенді пысықтау.   Еңбектенген адам қалай өмір сүреді?                                             Тоқымқағар деген не?                                             Бәсіре деген не?                                             “Еңбек етпеген ішіп-жемейді”                                               мақалының мағынасын түсіндір?Жаңа сабақ.    Дастарханға нан қалай келетіні туралы айтып,                                  түсіндіру.                                 Нан туралы тақпақтар, нақыл сөздер айту.       Нан – қиқымын шашпаңдар Жерде жатса баспаңдарТеріп алып, қастерлепТорғайларға тастаңдарАс біткенің атасы –нанНан көрінер әр астың арасынанҚиқымын түсірмей қорға оныАртық көріп, көзіңнің қарасынанНан – қиқымын шашпаңдар Жерде жатса баспаңдарТеріп алып, қастерлепТорғайларға тастаңдар
Жаңа сабақ.    Дастарханға нан қалай келетіні туралы айтып,                           түсіндіру.                          Нан туралы тақпақтар, нақыл сөздер айту.       
Егін ексең  - тыңғаШықтым дей бер шыңғаҚоныс көркі – тамДастархан көркі - нанНан – тамақтың атасыЫнтымақ – көптің батасы Тістем  нанның - қадірінТарыққанда  білерсіңДүниедегі көп байлықтың ең негізгісі -  нан
Сергіту  сәтіҰзын құлақ сұр қоянЕстіп қалып сыбдырдыОйлы қырлы жерлерменЫтқып-ытқып жүгірді
 Түсінгендерін тексеру. Нан дастарханға қалай келеді?                  Нанды неден пісіреді?  “Нанды аяқ астына тастама, баспа” дегенді қалай түсінесің?        Қорыту.  - Бүгін не өттік?       Нан туралы тақпақтар, тыйым сөздер айтқызу   
YIII. Үйге тапсырма:  Нан тамақтың атасы. Сыйға сый” мәтіндерін оқу.  Бағалау.