Д?ниетану п?ніне арнал?ан саба? жоспары Нан- тама?ты? атасы 2-сынып 
Тақырыбы: Нан – тамақтың атасы.Сыйға-сый.
Мақсаты:
 Білімділік: Еңбекпен келген нан – қасиетті тағам екенін түсіндіру нанның дастарханға қалай келетінін үйрету.
Дамытушылық: Танымдық қабілеттерін ,ой-өрісін, дүниетанымын дамыту.
Тәрбиелік: Нанды қадірлеуге, сыйлауға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ типі: Жаңа білім беру.
Сабақ түрі: Аралас.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, бейнелеу. 
Көрнекілігі:суреттер, сөзжұмбақ, кестелер.
Күтілетін болжам: Оқушылар тұқымның нанға айналу жүйелігін жазып, түсіндіре алады.
Оқушылар адам үшін нанның мәнін түсіндіреді және бағасын береді.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Адам өміріне ең қажетті жағдай. Сұрақтарға жауап алу.Түсінгендерін сұрау.
Сабақты бекіту:  Адам жылуды қайдан алады?   Адам өміріне ең қажетті жағдайлар
 Мақсат қою:   Еңбекпен келген  нан – қасиетті тағам.
Жаңа сабақ:  Жұмбақ жасыру:
                                   Өзі қызыл,
                                  Бауырында бар,
                                  Жалғыз сызық. 
                                  Бұған жұрттың
                                  Бәрі де ынтық. (Бидай) 
                                  Ел көреді,
                                  Теңіз емес-
                                  Тербеледі. (Егін)
                                  Ұзын мұртты сарылар,
                                  Қойынында наны бар. (Бидай)
                      
 а/  дастарханға  нан қалай келетіні туралы айтып, түсіндіру.
ә/ тақырыпты оқып, түсіндіру. 
Оқулықпен жұмыс:
 б/ іштей оқу - тізбектей оқу  -жеке-жеке оқу 
Сергіту сәті:                     
                                          Нан қиқымын шашпаңдар!
                                         Жерде жатса баспаңдар!
                                         Теріп алып, қастерлеп,
                                         Торғайларға тастаңдар!
Кестемен жұмыс:                                         
Топпен жұмыс: Мұғалім оқушыларға нанды өндіру үшін қандай жұмыс тәртіптері орындалатынын бірге құруды ұсынады.
Сабақты бекіту: «Бауырсақ» сөзжұмбағын шешу.
Сабақты қорыту:  Сүт, айран, май отбасы дастарханына қалай келеді? Тыйым сөздер айту. 
 Үйге тапсырма  -8-9 бет оқу .
Оқушыларды бағалау: