«Батыр Баян» поэмасында?ы кейіпкерлер ?лемі


Пәні: қазақ әдебиеті. Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: «Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлер әлемі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың Мағжан Жұмабаевтің ақындық табиғатын тани білген, білімдерін анықтау және поэмадағы кейіпкерлер бейнелерін ашу. Абылай, Баян, Ноян атты кейіпкерлер сипатын талдап, оларға баға беру.
Дамытушылығы: Өз пікірлерін ортаға салу, іздену арқылы, логикалық ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін арттыру, өзгенің пікірін тыңдай білуге, өзінше ой түюге, шығармашылықпен жұмыс істей білуге үйрету.
Тәрбиелігі: ХVІІІ ғасырдағы Абылай хан тұсындағы қазақ-қалмақ арысындағы тарихи оқиғаға тоқтала отырып, өз отанын сүйе білуге, ұлтын мақтан етуге, сөз құдіретін түсінуге баулу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс - тәсілдері: Алдын ала тапсырмалар беру арқылы танымдық ізденісін ұйымдастыру. Оқушыларды үш топқа бөлу арқылы әрбір топтың түсінігін анықтау, поэманының мазмұнын талдау.
Пәнаралық байланыс: тарих, география, музыка.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, суреттер.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
Оқушылармен сәлемдесу, сынып қатынасын анықтау, сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
Армысыздар балалар,
Дайынсызба сабаққа?
Әдебиет сөз өнері,
Сай келейік талапқа.
Барма үйден дайындық.
Тапсырмамыз дұрыс па?
Оқымасақ уайым қып,
Тығылмайық қуысқа.
Ойымызды айтайық
Білімімізді байқайық.
Мына отырған ұстаздар
Қалсын бір сәт марқайып.
Сабаққа назар бұрайық,
Сұраққа дайын тұрайық.
Білмегенді білуге,
Сайыс сабақ құрайық.- дей отыра өткен сабақта қандай тақырып өткендерімізді айтамыз. «Батыр Баян» поэмасы.
Топтастыру стратегиясы.
«Батыр Баян» поэмасында
Махаббат Бауырмалдық
Өкініш Қызғаныш


Сұлулық Нәзіктік
Оқушылар үш топқа бөлініп, әр топ өз тобымен таныстырады.
(Үй тапсырмасы сұрақ-жауап арқылы тексеріледі).
«Абылай» тобы
Ұраны:
Батырмын ел бірлігін сақтайтұғын,
Арыммен адамдықты ақтайтұғын.
Қазақтың намысын тек ері сақтар,
Жау келсе, елі үшін жатпайтұғын.
«Баян» тобы
Ұраны:
Батыр Баян біз едік ел қорғаны,
Жорықта әскерлері олжа тапқан.
Қалмақ қызы қарындас бар болғаны,
«Алашым» деп,батыры жауға шапқан.
«Ноян» тобы
Ұраны:
Жастық қып елімді естен шығарғаным,
Сұлуменен үйлену басты арманым.
Еліме опасыздық жасап әттең...
Айдалада ажалға тап болғаным.
І. Сұрақ -тапсырмалары
«Абылай» тобына
1. Поэманың айтайын деген ойы қандай?
2. Абылай кім? Қандай тұлға екенін дәлелде?
«Баян» тобына
1.Қалмақ қызы қайдан не мақсатпен келді?
2.Абылай хан не себепті жауға аттанбады? Кімді күтті?
«Ноян» тобына
1.Поэмадағы Батыр Баянмен Мағжанның қандай туыстығы бар?
2.Айдалада сорлап мен ажал құштым,- деп не себепті Ноян өкінеді?
III.Жаңа сабақ. «Батыр Баян»поэмасындағы кейіпкерлер әлемі.
Ой қозғау әдісі. Слайд арқылы көрсетілген кесте бойынша өз ойларын жазу.
Кейіпкерлер бейнесін ашу.
Абылай хан қандай кейіпкер? Батыр Баян қандай кейіпкер? Ноян қандай кейіпкер? Қалмақ қызы қандай кейіпкер?
1.Оқушылар, Абылай туралы қандай аңыздар білесіңдер? Әрбір оқушы Абылай туралы білетіндерін өз ойлары арқылы жеткізеді.
2.Батыр Баян не себепті інісі Ноянға қастандық жасады?
3.Ноян қалмақ қызының қандай сөзіне алданды?
IV. Мәтінмен жұмыс. Әдеби-теориялық ұғымдарды поэма ішінен табу жұмыстары.
I. «Абылай» тобы
Поэмадағы теңеулерді табу.( қыран құстай, атқан таңдай,шапақтай бет,жұлдыздай, кәусардай,сұңқардай,болаттай, тәтті балдай, жас баладай, аққу құстай, барқыттай, арыстандай т.б.)
ІІ. «Баян» тобы
Поэмадағы эпитеттерді табу. (бәрі қыран, сұлу,қайсар,асау жүрек,қайнаған қан,бұзық ой,отты жүрек,сиқырлы гүлге,күміс айға, қызыл жалын, барқыт бел,терең ойға,сиқыр сөзін т.б.)
ІІІ. «Ноян» тобына Поэмадағы метафораны табу.(грек сөзі. ауыстыру)
(лебізі-жібек лебі, жұмақ желі, бөрінің бөлтірігі)
V.Жаңа сабаққа қорытынды жасау.
Абылай образын ерекшелеу үшін поэмада сол XVIII ғасырды ақын қалай сипаттаған?

Абылай туралы ой жинақтау: ел қорғаны, дана, терең ой иесі, киелі, ел ұйытқысы, т.б.
Баян батыр
Қазақтың батырлары бәрі – қыран,
Сонда да бір батыр жоқ Баяндай тап...
Тақырып мазмұнына сай мақал-мәтелдермен ой қорыту. «Ерді намыс өлтірер», «Отан-оттан да ыстық», «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі», «Батырдың қаһары-еліне қорған»
VI.Бағалау. Оқушылардың өткен және жаңа сабақ бойынша түсініктерін анықтай отырып, тиісті бағаларын қою.Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға жақсы лебіздер білдіру.
VII.Үй тапсырмасын беру. «Батыр Баянның Ноян мен қалмақ қызын өлтіргені құптарлық іс пе?» тақырыбына әрбір оқушы өз ойын шағын шығарма түрінде жазып келу.