Ма?жан Ж?мабаев «С?йемін» ?ле?і.
№222 Т. Рысқұлов атындағы орта мектеп
«Сүйемін»
Қызылорда қаласы
Сабақтың тақырыбы:Мағжан Жұмабаев «Сүйемін» өлеңі.
Сабақтың мақсаттары:білімділік-М.Жұмабаев жайлы мәлімет беріп,өлеңнің мән-мазмұнын түсіндіру;
тәрбиелік-өлеңдерінің мазмұны арқылы адамгершілікке,имандылыққа,туған елін,Отанын сүюге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:оқулық,шығармалар жинағы,ақын портреті.
Сабақтың түрі:дәстүрден тыс,шығармашылық сабақ.
Әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,әңгіме,өздігінен оқу-іздену,5 жолды өлең,еркін жазу
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру.Оқушылармен амандасу,оқушылардың сабаққа қатысуларын,сабаққа даярлықтарын тексеру,оқушыларды уш топқа бөліп,топтарға атау беру(«Намыс», «Азамат»,«Болашақ»).
II Үй тапсырмасын тексеру.Тест тапсырмасы бойынша өткен сабақтарды еске түсіру.
1.І.Жансүгіров қашан дүниеге келген?
А)1894
ә)1873
б)1893
2.Абай ой кеселдері,олардан арылудың маңызы жайлы қай қарасөзінде айтқан?
А)отыз бірінші сөз
ә)оныншы сөз
б)бірінші сөз
3.Белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырылып,үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесін не дейміз?
А)қарасөз ә)тұрақты тіркес б)өлең
4.Батырлар жырында не айтылады?
А)ғашықтық жайлы
ә)ерлік пен ел қорғау жайлы
б)салт-дәстүр жайлы
5.Көне түркі дәуіріндегі жазбаларды «руна жазбалары» деп атаған.Ол қандай ұғым береді?
А)көне
ә)құпия
б)жыр
6.Әмірхан қай әңгіменің кейіпкері?
А)әнші
ә)Қозыкүрең
б)Қоңыр күз еді
7.«Шәкірт ойы» өлеңі қай жазушынікі?
А)С.Торайғыров
ә)С.Сейфуллин
б)Ә.Тәжібаев
8.Абайдың поэмасы қандай?
А)Ескендір
ә)Көкшетау
б)Құлагер
9.Махамбет Өтемісұлы қашан дүниеге келген?
А)1804
ә)1873
б)1902
10.«Аягөз қайда барасың» кімнің өлеңі?
А)Дулат
ә)Абай
б)Махамбет
11.«Көксерек» шығармасының кейіпкері?
А)Құрмаш
ә)Хамит
б)Қайсар
Жаңа сабақ.М.Жұмабаевтің өмірі мен щығармашылығына шолу.
I топ.Өздерінің алдарына берілген материалды қарастырып,Мағжан туралы мағлұматтарын ортаға салады.
Мұғалім сөзі слайд арқылы көрсетіледі.
Ал енді оқулығымызда берілген ақынның «сүйемін» өлеңіне тоқталайық.Өлеңді оқымас бұрын II топ өлеңді мәнерлеп оқудың шарттары мен маңызы жайлы айтып өтсін.
II топқа «Сүйемін» өлеңінің әр шумағын бір оқушыдан мәнерлеп оқу(мәнерлеп оқудағы пунтуациялық,психологиялық кідірістерге назар аудару).
III топ.Өлеңнің тақырыбы мен идеясына талдау жасау,өлең мазмұнында ақын кімдерді,нелерді сүйеді?Оларды неліктен сүйеді?Ақынның өлі Сарыарқаны сүюінің мәні неде?
Енді ақынның жары-Зылиха апай естелігін тыңдалық.
Мағжанды 1929 жылы 6 маусымда Қызылжардағы үйде ұстады.Біздер үрпейісіп қалдық Келген ННВД-ның адамдары екен,қарулы. Келесі күні оны поездбен Алматыға алып кетті. Кейін Москвадағы Бутырь түрмесіне жіберген екен.Бұл хабарды естісімен Мағжанмен кездесуге дайындалдым. Бірақ түрме бастықтары рұқсат бермеді.Екінші рет 1930 жылы 10 жылға Каремияға жіберді.Бұл хабарды естісімен жолға жиналдым.Алдымен Ленинградтан пәтер жалдап,төтесінен Петродоводск арқылы тура Мағжан жүрген жерген бардым.Айналасы темір тікенектермен қоршалған жерге жету өте қорқынышты.Төңірек қалың орман орман.Түрме,лагерь дегенде ылғи баскесер пәлелер отырады деп ойлайтынмын ғой,ал мұндағылардың бәрі оқыған білімді азаматтар екен....
-Мағжан-өз халқын сүйген ақын.Сол халқының мұң-мұктажын,қайғы-мұңын жырлап жұртының жүрегіне шұғылалы сәулесін шашты.Айыбы осы екен ау!Шындықты жырлағаны ма жазығы?Үшінші рет азамат ақын 1937 жылы тұтқындалып,1938 жылы атылды.Елім деп,халқым деп өмірінің соңына дейін өз халқына қызмет етті.
Бекіту.Бес жолды өлең
1)Зат есім. Мағжан
2)Сын есім.Сыншыл,ақ жүректі.
3)Етістік сүйеді,өмір сүреді,қызмет етті.
4)Сөйлем. Мағжан-сыншыл,ақ жүректі,отты,рухы биік болып өмір сүрген,халқына қызмет еткен.
V.Жылы лебіз стратегиясы.Оқушылар Мағжанға,қазақ еліне арнаған өздерінің тілектерін айтады.
VI.Бағалау.
VII.Үй тапсырмасы:өлеңді жаттау.
«Мағжандай боп өсемін»тақырыбында шағын шығарма
№222 Т. Рысқұлов атындағы қазак орта мектебі.
Қызылорда қаласы