Презентация ?аза? ?дебиетінен С.Сейфуллинні? К?кшетау поэмасында?ы Ада? батыр бейнесі
С.Сейфулиннің «Көкшетау» поэмасындағы Адақ батыр бейнесіКүресте жеңеді алып, дауда – шешен,Ақыл мен болжау істе қырағы озбақ,Жұмбақтың көп қамалған кілтін тауып, Төреге қолын созды бір ер боздақ.
Адақтың портреті:Қара сұр, ұзын бойлы, емес талпақ,Денесі көк құрыштай, өрдеш-шалқақ,Қыр мұрын, қарагер көз, қара мұртты,Қақпақтай қобы жауырын, топшы жалпақ.Солқылдап көк құрыштай, біткен тіп-тік,Жараған аш бөрідей белі жіптік,Ыңғайлы, сұлу сида, сұңғақ денеЖараған бәйгі кердей ықшам, сыптық
Адақтың шыққан тегі, сипаты:Ұлы арғын Көкшетауды қылған мекен,Аз кезі көшпелі елдің жүрген жекен.Арғынның бір баласы ҚуандықтыңСұр жігіт жұмбақ шешкен баласы екен.Жасынан кедейліктен кемдік көрген,Жігерлі талабы зор өзі мерген.Жылқысын бағып жүрген байын тастап,Төренің бір себеппен қасына ерген.Сыпайы, тиянақты өзін баққан,Артықсып әңгіленіп, емес лаққан.Күші де, ерлігі де жолбарыстай,Әділдік, кішілікпен көпке жаққан.Тағы әнші, керней дауыс, ерен ақын,Келтірген көркем сырлы сөздің нақынСұрқия өтіріктен аулақ қашып,Шындыққа ерлікпенен жүрген жақын.
Адақтың іс – әрекеті:Қалмақ қызының бірінші шартын орындайды: Үш қырлы оқ дал-дал қылған мана құсты, Шіреніп сілтеген соң қайрап тісті, Оталған қурайдай көк шалғыменен, Қада мен орамалды жұлып түсті.2. Қыздың жұмбағын шешуі. Тұтқын қыз өз басының жырын айтты. Кептерді мысал қылып өз басына, Не көрген бала күннен сырын айтты.Адақтық биік адамгершілік қасиетін мына жолдардан білеміз: ...Бұл сұлу бәйгіме енді маған тиді, Тақсыр хан, билігіңе басымды идім. Ұрықсат бердім қызға елін тапсын, Олжаны ұры қиған мен де қидым... Еліне аман қайтып сұлу бикеш, Өлмесе, тауып алсын жомарт ерін...