Ашы? саба? М.Ж?мабаевты? Батыр Баян поэмасында?ы кейіпкерлер бейнесі


«Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған
мектеп-лицей-интернаты» КММ
АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ
(қазақ әдебиеті, 8 «Б»-сынып)
Тақырыбы: М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі
Мұғалімі: Ануарбекова Райхан Аскербеккызы
Өскемен қаласы,
2017 ж.
Пән:
Қазақ әдебиеті Сынып: 8 «Б»
Күні: 25.01.2017 ж. Барлығы: 26
Қатысқаны:
Тақырып: М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі
Сілтеме: Оқу бағдарламасы, ҚР Білім беру стандарты, күнтізбелік жоспар,
6-сыныптың қазақ әдебиеті оқулығы мен қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі, А.Әлімов «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері» (оқу құралы), Алматы, 2013
Оқытудың
негізгі мақсаты: Поэма бойынша оқушылардың алған білімдерін қорытындылап бекіту, кейіпкерлер бейнесін жан-жақты аша түсу. Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту
Оқытудың әдіс-тәсілдері мен формалары.
Сыныптағы әріптестік «Сұрақты ұстап ал», «Жүзімнің шоқтары», «Ток шоу», «РАФТ» әдісі,
«6 Неліктен?», СТО, АКТ, «Керек сөзді белгіле» Дербес, жұптық, топтық жұмыстар
Түпкі нәтиже Сабаққа деген қызығушылығы мен ынтасы артады, шығармашылық, танымдық қабілеттері артады
Ресурстар мен техникалық құралдар Интерактивті тақта, слайд, бағалау парақтары, бағалау дескрипторы, түрлі түсті бояулар, микрофон, қоңырау, доп, кино үзіндісі
Сабақ кезеңдері, уақыты Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыратын ойсергекті орындату.
«Комплименттер бұрқасыны» 2 мин. а) Оқушылармен сәлемдесу, бүгінгі сабақта сәттілік, белсенділік тілеу.
ә) Топ ішінде оқушыларға бір-біріне жұптастырып комплимент айтқызады.
б) Топқа кейіпкерлер бойынша бөлу. Топ ережесімен таныстыру.
Кейіпкерлерді таңдау бойынша
4 топқа бөлінеді.
1-топ: «Абылай хан»
2-топ: «Баян»
3-топ: «Ноян»
4-топ: «Қалмақ қызы»
Топ басшыларын жұлдызша арқылы сайлау, топ ережесін іштей оқып шығады.
Қызығушылықты ояту кезеңі
«Сұрақты ұстап ал» ой ашар сұрақтары
5 мин. Өткен материалдарды еске түсіру (доп лақтыру арқылы).
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баянын» оқығанда қандай сезімде болдыңыз?
Поэмасындағы кейіпкерлерді атаңыз.
Кейіпкер бейнесін қалай ашуға болады?
Қай кейіпкердің ісіне сүйсіндіңіз, кімге күйіндіңіз? Оқушылар оқып келген материал бойынша жауап беруі қажет.
Топ басшысы бағалайды.
«Мағынаны тану» кезеңі
27 мин. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып өту.
Қазақ поэзиясының жұлдызы М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасымен танысып, алғашқы сабағымызда талдаған болатынбыз. Кинодан да көрдіңіздер. Бүгінгі сабақта алған білімімізді көрсете білейік. Қазір сол поэмадағы кейіпкерлер әлеміне енеміз. Соған орай әртүрлі шығармашылық тапсырмалар орындайсыздар.
1-тапсырма.
1-топ: «Абылай хан»
Шарты, қойылатын талап:
Абылай хан бейнесін тарихпен байланыстыра отырып «Жүзімнің шоғы» (кластер) әдісі арқылы ашу.
2-топ: «Батыр баян»
Шарты, қойылатын талап:
«Айтуға оңай» ток-шоуын жүргізу арқылы Баян бейнесін ашу (Жүргізуші Бейбіт Құранбек). Жүргізуші сайлап алу, қалған оқушылар қонақтар рөлінде болады.
Баянның бейнесі ашылатындай орындалу керек.
3-топ: «Ноян»
Шарты, қойылатын талап:
«РАФТ» әдісі арқылы кейіпкер бейнесіне еніп монолог оқу және кейіпкерге хат жазу.
Рөл – Ноян, оқушы
Аудитория – Баян батыр, Ноян
Форма – монолог немесе хат
Тақырып: «Кешірім», «Өкінген іс»
4-топ: «Қалмақ қызы»Шарты, қойылатын талап:
«6 Неліктен» әдісі арқылы қалмақ қызының бейнесін жасау.
Жұптасып бір-біріне сұрақ қою. Сұрақ «Неліктен?» деп басталу керек. Кейіпкер бейнесі ашылатындай сұрақтар ойластыру қажет.
Тапсырмаларды орындайды, жариялайды.
Дәстүрлі «5» балдық жүйемен бағалау тәсілі.
«Смайликтер» тәсілі
«Бағалау критерийлері» арқылы
«Термометр» тәсілі
Барлық топтар үшін
мұғалім мадақтауы
Дескриптор арқылы оқушы өз деңгейін анықтайды
Қорытындылау
Ой-толғаныс кезеңі
СТО
5 мин.
Балалар, тақтаға назар аударыңыздар.
2-тапсырма:
Интербелсенді тақтадан «Батыр Баян» фильмінен үзінді көрсету (Баяннның Ноян мен қалмақ қызын атқан жері бойынша). Басты кейіпкер Баян бейнесін аша отырып, сабағымызды қорытындылайық.
Туған елге деген махаббат, намыс мәселесі туралы не айтасыздар?
Баянның орнында болсаңыздар не істер едіңіздер? Оқушылар көргендерін топта талқылайды, ой түйеді, ой толғайды, өз пікірлерін айтып ой жинақтайды. Басты кейіпкер Баян образын толығырақ ашады.
Мұғалімнің қорытынды сөзі
1 мин. Баян нағыз ер болмаса, есімі тарихта қалмас еді, ақын-жырауларымыз шығармасына арқау етпес еді. Айтылғаннан ой түйеді.
Бағалау 3 мин. Мұғалім топ басшысының бағалауын және бағалау дескрипторын ескере отырып жиынтық баға қояды. Топ басшысы оқушыларды бағалау парағы және дескриптор бойынша бағалайды.
Үй тапсырмасы
1 мин «Алаштың жоқтай білсем Баян-айын...» тақырыбында эссе жазып келу. Күнделіктеріне жазады.
Кері байланыс
1 мин. «Керек сөзді белгіле» әдісі
Оқушыларға кері байланыс парағын тарату. Керекті сөздердің астын сызғызу.
Мұғалім сабақтан соң жазуларды қарап шығып, қорытынды жасайды.
Кері байланыс жасайды.