М.Ж?мабаев «Батыр Баян» поэмасы
Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы тарихи оқиғаларды зерттеу арқылы Батыр Баян бейнесін ашу
Тәрбиелік – Ақынның үздік туындысы « Батыр Баян» – поэмасы арқылы Отанын, туған жерін, халқын сүюге тәрбиелеу. Сатқындықты кешірмеуге,еліне адал болуға үйрету.
Дамытушылық – әр оқушының өзіндік қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, тақырыптас шығармаларды салыстыра отырып дамыту, шығармашылық жұмыстар арқылы таным – түсініктерін дамыту.
Көрнекілік: М. Жұмабаевтвң өмірі мен шығармашылығына қатысты деректер. Ш.Уәлихановтың шығармалар жинағы, «Жеті ғасыр жырлайды» жинақ
Сабақтың түрі: білімді жүйелеу, жинақтау.
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Сабаққа дайындық
Сынып үш топқа бөлініп жұмыс жасайды.Тапсырма үйге беріледі.
1.Тарихшылар
2.Әдебиетшілер
3.Сарапшылар
Мұғалімнің сөзі: Балалар бүгінгі сабақты бастамас бұрын мына бір бейнебаянды назарларыңызға ұсынғым келеді.
Экранда Көкше өңірінің суреттері.
-Қазақстанның қай аймағының табиғаты бейнеленген?
-Балалар, мен неліктен бүгінгі сабағымды Көкше табиғатынан бастадым?
-Біз бүгін «Батыр Баян» дастанын талдаймыз.
-Өте жақсы. Бүгінгі біздің сабақтың мақсаты «Батыр Баян» дастанының басты кейіпкері Баянның тарихи тұлға және әдеби кейіпкер екендігін дәлелдейміз. Баян Қасаболатұлы туралы тарихи деректермен танысамыз. Кластер арқылы Баянның бейнесін ашамыз.Венн диаграммасын құру арқылы тарихи тұлға және әдеби кейіпкерді салыстырамыз. Ол үшін Сіздер үйде дастанды үш бағыт бойынша талдап келдіңдер.
Тарихшылар:
1. Баян Қасаболатұлы туралы дерек. (оқиды)
2.Шоқан Уәлиханов. “XVIII ғ. батырлары туралы тарихи мағлұматтар” атты еңбегін Мағжан Жұмабаев өзінің дастанына негіз қылып алған.
«XVIII ғ. батырлары туралы тарихи мағлұматтар» « Батыр баян» дастанынан
1.Үдіре қашқан торғауыттарды түп ізіне түсіп соңғы қуу ел аузында «ішкі жорық» деп аталады. Хан жиылған жұрттың ортасында бір жерден жылжымай қалшиып тұрды да қояды. Ол жау жүрек баянды күтіп тұрады.Ақыры, соңына ерткен 540 жігіті бар ол да жетеді.
2.Алла жар болсын! Ұса мен Серен хан қалмақ пен қазақ бір туған, қазір де сол баяғынша бауыр болып қалайық деп, сыйлыққа ақбоз үйді жіберді.
Содан батырлар жиылып кеңес құрады да:
-Қалмақтарды дәмелендіріп, ақбоз үйді алайық. Артынан қайра шабуыл жасап, шауып алармыз ғой,- дейді. Баян батыр тұрып:
-Жоқ! Ақбоз үйді алмаңдар, қалмақты алдаймыз деп ойламаңдар.
3.Хан өз сөзін екі рет қайталайды, батыр да өз жауабын екі рет қайталайды. Бірақ хан айтқанынан қайтпай өз дегенін істетеді.
4.Қалмақтар қозыкөш жерде отыр еді. Екі күн күтеді, келетін қалмақ жоқ, қарасын да көрсетпейді. Айтқан ақбоз үйі және жоқ. Бақса олардың тік көтеріліп көшіп кеткеніне екі күн болыпты.Баян жанына 1000 жігіт алып, артынан қуады. Келмесе, қандыбалақ Батыр Баян,
Баянсыз қанатымды қалай жаям?
2. Кеңесті қос қоңтайшы: Ұса, Серен,
Жіберді кеңесті де жеті қалмақ.
Сөздері: “Абылайдан бар да тілен,
Ағаттық бізде болды кешсін Абылай,
Ақ отау айдағанға мал беремін.”
3.Түспеспіз, тірі болсақ, алдағанға,
Күні ертең не бергенін жолдан алып,
Қалғанын алсақ қолдан арғы таңда.
Ерлерім, ойым-осы”!” –деді Абылай .
4.Қол қалды. Жүз жолбарыс майданды ойлап,
Тартады шабуылмен Іле бойлап.
Алдында ақсұңқардай батыр баян,
Екпінді қауға тиген өрттей ойнап
ІІ .Әдебиетшілер:
1. Кластер арқылы Баянның бейнесін айқындау
Абылайдың сенімді серігі
батыр
Батыр Баянөжет
ақылды
Мәтінмен жұмыс:
Ақынның Баянды суреттеген үзінділерін тауып, жазып алу.
ІІІ. Сарапшылар:
Тарихи тұлға Әдеби кейіпкер
Алғырлығымен, тапқырлығымен Абылай ханның ерекше құрметіне бөленген. Қазақ –жоңғар шайқастарына қатысып,«батыр Баян» атанған.
Баян бейнесі М.Жұмабаевтың дастанында ғана емес сонымен қатар Тәттіқара, Үмбетей жырауларды,толғауларында кездеседі. Мысалы: Тәттіқара жырау:
Өзге батыр қайтса да, бір қайтпайтын
Сары мен Баянды айт уақтағы! –десе
Үмбетей жырау:
Сары ,Баян, Сағынбай
Қырмап па еді жауыңды.
қуантпап па еді қауымды,
ұмыттың ба соны Абылай?!
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» дастанының басты кейіпкері. Баянның әдеби бейнесі тарихи тұлғасына сай суреттелген. Тек ақын батырдың мінезін ашу үшін кейбір оқиғаларды өзі қосқан.
Келесі кезекте дастанның кейіпкерлеріне тоқталайық:
«Сен білесің бе?»
Абылай хан 1711-1780 ж. қазақтың ұлы ханы, ел
азаттығы үшін күрескен тарихи тұлға
2.Батыр Баян Жоңғарларға қарсы күрескен батыр.
3.Ноян Әдеби кейіпкер
4.Қалмақ қызы Әдеби кейіпкер
5.Қанай би XVIII ғ. Көкше жерінің беделді биі
Егер мен ....... болсам...
Оқушылар өз қалаулары бойынша кейіпкерлерге тән бас киімді киіп өз ойларын білдіреді.
Батыр Баянның Ноян мен қалмақ қызын өлтіргені құптарлық іс пе?
Даттаушылар Жақтаушылар
Сабақты бекіту:
Баян бейнесін әдебиет теориясына сәйкес топшылау жасап, өз пікірінің растығына басқа оқушылардың көзін жеткізу үшін мақсатты талдау жасайды және өз болжамын дамыта отырып өз пікірін қорғап шығады.
тарихи бейне
аңыздық кейіпкер
Батыр Баян реалистік бейне
романтикалық бейне
трагедиялық бейне
батырлық бейне
Қорытындылау
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма: «Батыр Баян» дастанынан үзінді жаттау.
Баян Қасаболатұлы(шамамен 1710/15-1757 ж.ж.) - бүкіл өмірін қазақ жұртының
тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған ержүрек ардагерлердің бірі, батыр.
Батырлығымен, тапқырлығымен Абылай ханның ерекше құрметіне бөленген.
Қазақ-жоңғар шайқастарына қатысып, «Батыр Баян» атанған.
Батыр Баян жөніндегі деректерді Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян»
поэмасынан, жыраулар шығармаларынан, Шоқан Уәлихановтың еңбектерінен
кездестіруге болады. Тарихи деректерде Баян жоңғар шапқыншылығына қарсы
күрескен қазақ батырларының ішіндегі шоқтығы биік болып көрсетіледі.
Қазақ батырларының елдікті сақтап қалудағы ерлігі Үмбетей мен Тәтіқара
толғауларында жақсы баяндалған. Үмбетей жыраудың «Бөгенбай өлімін
Абылай ханға естірту »атты толғауында былай делінген:
Қара керек Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай,
Сары, Баян мен Сағынбай
қырмап па еді жауыңды,
қуантпап па еді қауымды,
ұмыттың ба соны Абылай?!
Бұл толғаудан батыр Баянның Абылай ханның тірегінің бірі екенінбайқаймыз. Оның ел қорғаған басқа да батырлармен, қазақ халқының туынжықпаған, талай шайқастарда ерлік көрсеткен хас батырының біріболғанына көзіміз жетеді. Тәтіқара толғауында:
Бөкейді айт Сағыр мен Дулаттағы,
Деріпсәлі, Маңдайды айт Қыпшақтағы.
Өзге батыр қайтса да бір қайтпайтын
Сары менен Баянды айт Уақтағы.
Бұл жолдар Баян батырдың ержүрек батылдығын, тұлғалы азамат болғанын
дәлелдейді. Шоқан Уәлихановтың«XVIII ғ. батырлары туралы тарихи мағлұматтар» атты мақаласында Баян батыр жайлы мағлұматтар бар. Мұнда да Баянның ержүректілігін,
ақылдылығын Абылай ханның жоғары бағалағанын айтады. Уақ батыры Баян
Абылай ханмен бірге Қытай жасақтарына қарсы соғысқа қатысады.
Қытайлармен айқаста Абылай қолы шегінуге мәжбүр болғанда Абылайдың
әскерінің шегінуіне мүмкіндік жасап, Баян қолы қытайлармен айқасады.
Бұл шайқаста Баян өзінің тапқырлығымен, ержүректілігімен,
найзагерлігімен көзге түсіп, хан әскерін құтқарады. Шоқанның айтуынша,
Баян Абылайдың ең жақын батырларының бірі болған.
Абылай хан «үш жүздің батырларының ішіндекімдерді ерекше бағалайсыз », - деген сұраққа екі батырды ерекше атайды.
«Бәсентиін Малайсары байлығымен, батырлығымен, мінезімен ерекшеленсе,
Уақ Баян ақылдылығымен, батырлығымен ерекшеленеді », - деп жауап бергенекен. Шоқанның бұл мәліметтерінен Баянның ханына да, халқына да мәлім,
айбынды қолбасшы және ержүрек жауынгер болғанын көреміз.
Шоқан Уәлихановтың«XVIII ғ. батырлары туралы тарихи мағлұматтар» Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян»
1.Үдіре қашқан торғауыттарды түп ізіне түсіп соңғы қуу ел аузында «ішкі жорық» деп аталады. Хан жиылған жұрттың ортасында бір жерден жылжымай қалшиып тұрды да қояды. Ол жау жүрек баянды күтіп тұрады.Ақыры, соңына ерткен 540 жігіті бар ол да жетеді.
2.Алла жар болсын! Ұса мен Серен хан қалмақ пен қазақ бір туған, қазір де сол баяғынша бауыр болып қалайық деп, сыйлыққа ақбоз үйді жіберді. Содан батырлар жиылып кеңес құрады да: -Қалмақтарды дәмелендіріп, ақбоз үйді алайық. Артынан қайра шабуыл жасап, шауып алармыз ғой,- дейді. Баян батыр тұрып: -Жоқ! Ақбоз үйді алмаңдар, қалмақты алдаймыз деп ойламаңдар.
3.Хан өз сөзін екі рет қайталайды, батыр да өз жауабын екі рет қайталайды. Бірақ хан айтқанынан қайтпай өз дегенін істетеді.
4.Қалмақтар қозыкөш жерде отыр еді. Екі күн күтеді, келетін қалмақ жоқ, қарасын да көрсетпейді. Айтқан ақбоз үйі және жоқ. Бақса олардың тік көтеріліп көшіп кеткеніне екі күн болыпты.Баян жанына 1000 жігіт алып, артынан қуады. 1.Келмесе қандыбалақ Батыр Баян,
Баянсыз қанатымды қалай жаям?
2. Кеңесті қос қоңтайшы: Ұса, Серен,
Жіберді кеңесті де жеті қалмақ.
Сөздері: “Абылайдан бар да тілен,
Ағаттық бізде болды кешсін Абылай,
Ақ отау айдағанға мал беремін.”
Түспеспіз, тірі болсақ, алдағанға,
Күні ертең не бергенін жолдан алып,
Қалғанын алсақ қолдан арғы таңда.
Ерлерім, ойым-осы”!” –деді Абылай
3.Түспеспіз, тірі болсақ, алдағанға,
Күні ертең не бергенін жолдан алып,
Қалғанын алсақ қолдан арғы таңда.
Ерлерім, ойым-осы”!” –деді Абылай .
4.Қол қалды. Жүз жолбарыс майданды ойлап,
Тартады шабуылмен Іле бойлап.
Алдында ақ сұңқардай батыр Баян,
Екпінді қауға тиген өрттей ойнап
Бұл деректі де Ш. Уәлиханов айтқан. Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасының желісі де осыған ұқсас.
1.993 жылы режиссер С. Тәуекелов Баян батыр жөнінде кинофильм түсірді.
Батыр бейіті Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Шекелек зиратында.
Батырдың ұрпақтары Солтүстік Қазақстан облысының Булаев ауданында
тұрады.
Қазақ осындай батырлардың арқасында тағдыры мен келешегін қорғап қалды.
1.Келмесе қандыбалақ Батыр Баян,
Баянсыз қанатымды қалай жаям?
2. Кеңесті қос қоңтайшы: Ұса, Серен,
Жіберді кеңесті де жеті қалмақ.
Сөздері: “Абылайдан бар да тілен,
Ағаттық бізде болды кешсін Абылай,
Ақ отау айдағанға мал беремін.”
3.Түспеспіз, тірі болсақ, алдағанға,
Күні ертең не бергенін жолдан алып,
Қалғанын алсақ қолдан арғы таңда.
Ерлерім, ойым-осы”!” –деді Абылай
Баян Қасаболатұлы(шамамен 1710/15-1757 ж.ж.) - бүкіл өмірін қазақ жұртының
тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған ержүрек ардагерлердің бірі, батыр.
Батырлығымен, тапқырлығымен Абылай ханның ерекше құрметіне бөленген.
Қазақ-жоңғар шайқастарына қатысып, «Батыр Баян» атанған.
Батыр Баян жөніндегі деректерді Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян»
поэмасынан, жыраулар шығармаларынан, Шоқан Уәлихановтың еңбектерінен
кездестіруге болады. Тарихи деректерде Баян жоңғар шапқыншылығына қарсы
күрескен қазақ батырларының ішіндегі шоқтығы биік болып көрсетіледі.
Қазақ батырларының елдікті сақтап қалудағы ерлігі Үмбетей мен Тәтіқара
толғауларында жақсы баяндалған. Үмбетей жыраудың «Бөгенбай өлімін
Абылай ханға естірту »атты толғауында былай делінген:
Қара керек Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай,
Сары, Баян мен Сағынбай
қырмап па еді жауыңды,
қуантпап па еді қауымды,
ұмыттың ба соны Абылай?!
Бұл толғаудан батыр Баянның Абылай ханның тірегінің бірі екенінбайқаймыз. Оның ел қорғаған басқа да батырлармен, қазақ халқының туынжықпаған, талай шайқастарда ерлік көрсеткен хас батырының біріболғанына көзіміз жетеді. Тәтіқара толғауында:
Бөкейді айт Сағыр мен Дулаттағы,
Деріпсәлі, Маңдайды айт Қыпшақтағы.
Өзге батыр қайтса да бір қайтпайтын
Сары менен Баянды айт Уақтағы.
Бұл жолдар Баян батырдың ержүрек батылдығын, тұлғалы азамат болғанын
дәлелдейді. Жырдағы Сары? Баянның ағасы. Шоқан Уәлихановтың
«XVIII ғ. батырлары туралы тарихи мағлұматтар» атты мақаласында Баян
батыр жайлы мағлұматтар бар. Мұнда да Баянның ержүректілігін,
ақылдылығын Абылай ханның жоғары бағалағанын айтады. Уақ батыры Баян
Абылай ханмен бірге Қытай жасақтарына қарсы соғысқа қатысады.
Қытайлармен айқаста Абылай қолы шегінуге мәжбүр болғанда Абылайдың
әскерінің шегінуіне мүмкіндік жасап, Баян қолы қытайлармен айқасады.
Бұл шайқаста Баян өзінің тапқырлығымен, ержүректілігімен,
найзагерлігімен көзге түсіп, хан әскерін құтқарады. Шоқанның айтуынша,
Баян Абылайдың ең жақын батырларының бірі болған. Ол ағасы Сары
батырмен бірге уақ-керей руларының жасақтарын бастап қалмақтарға қарсы
соғысқан. Осындай бір жорықта Сары мен Баян қаза болады. «Халық аузындақос батырдың аттары біріктіріліп, Сары-Баян деп қосақталып айтыла да
береді », - деп жазады Шоқан. Абылай хан «үш жүздің батырларының ішіндекімдерді ерекше бағалайсыз », - деген сұраққа екі батырды ерекше атайды.
«Бәсентиін Малайсары байлығымен, батырлығымен, мінезімен ерекшеленсе,
Уақ Баян ақылдылығымен, батырлығымен ерекшеленеді », - деп жауап бергенекен. Шоқанның бұл мәліметтерінен Баянның ханына да, халқына да мәлім,
айбынды қолбасшы және ержүрек жауынгер болғанын көреміз. Абылайқалмақтарға жорықпен келе жатқанда қалмақтан жеті адам елші келіп,
қалмақ ханы Серен хан: «Қалмақтар мен қазақтар ағайынды болған. Бізсіздерге ақ киіз үйлер силаймыз, бейбіт болайық », - деп ұсыныс жасайды.
Абылай батырларын жинап кеңес құрады. Хан: «Ақ киіз үйлерді алайық,
оларды сендірейік, одан кейін шабуыл жасайық », - дейді. Сол кезде Баян:
«Сіз қалмақтарды алдаймын деп ойламаңыз. Ұса менен Серен жоғары және
төмен Қытайды да алдаған, сізді де алдайды », - дейді. Хан өз сөзінен
қайтпайды, қазақтар екі күн қалмақтарды тосады. Шолғыншылар екі күн
бұрын қалмақ қолының жасырын кетіп қалғанын хабарлайды. Баян мың
адамдық жасақпен қалмақтарды қуып, Қытай жеріне кіреді. Бірақ қалмақ
қолын толық талқандай алмай, қайтуға мәжбүр болады. Қайтар жолдақалмақтардың өліктерінен уланған судан ұшынып ауырған Баян және оның
жауынгерлері қаза болады. Бұл деректі де Ш. Уәлиханов айтқан. Мағжан
Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасының желісі де осыған ұқсас.
1.993 жылы режиссер С. Тәуекелов Баян батыр жөнінде кинофильм түсірді.
Батыр бейіті Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Шекелек зиратында.
Батырдың ұрпақтары Солтүстік Қазақстан облысының Булаев ауданында
тұрады.
Қазақ осындай батырлардың арқасында тағдыры мен келешегін қорғап қалды.
Поэма аса
көркем деңгейде, ерекше шабытпен жазылған. Сезім де, махаббат та,
батырлық та, жан күйзелісі де дастанда жыр болып өріледі. Поэмадағы
батыр Баян тағдыры ешкімді де бей-жай қалдыра алмайды. Шоқтығы биікБаянның бейнесі поэмада былай суреттеледі:
Қанайым, ойың ұдай, тілің шаян,
Амал не, келген жоқ қой батыр Баян.
Көп жаудың албастысы, ел еркесі,
Баянның батырлығы алашқа аян.
Баянның аруақты құр атынанкөп қалмақ болмаушы ма ед қорқақ ноян?!
Наркескен, өрттей ескен қайтпас болат,
Баянсыз қанатымды қалай жаям?
Би Қанай! Аттанбайды хан Абылай,
келмесе қандыбалақ батыр Баян! ?деген Абылай сөзінен батырдың хан ордасындағы орны мен беделінбайқайсыз. Баян батыр ел рухы мен батыр рухының биіктігін барлық
құндылықтан жоғары қояды. Елдің мүддесі Баян үшін қымбат, халқының
тағдыры жау табанына басылмауы жолында жан аямай күрескен Баян батыр?
ерліктің, отаншылдықтың үлгісі.