М. Ж?мабаев «?аза? тілі», «Мен кім?» ?ле?дері
Сабақтың тақырыбыМ. Жұмабаев «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдері
СілтемеКүнтізбелік жоспар, орта мерзімдік жоспар, оқулық. Мұғалімге арналған нұсқаулық, СТО стратегиясы, 6- сынып оқулығыЖалпы мақсатыОқушыларға бүкіл өмірін Алашына арнаған ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білім беру, өлеңдерінің мазмұны мен идеясын меңгерту. Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқыта отырып, ой - өрісін дамыту, шығармашылық қа баулу. Оқушыларға ақынның қаламынан туған «Мен кім?», «Қазақ тілі» өлеңдерінің мазмұнын талдата отырып, оқушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды жетілдіру, Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу
Оқыту нәтижесіМағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдері кеңейеді, өлеңді мәнерлеп оқу, талдау дағдылары қалыптасады
Оқыту формасыЖеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізуОқуда қолданылатын модульдер мен әдістерСұрақ- жауап (диалогтік оқыту), топтастыру, топтағы белсенді әрекетті дамыту үшін (сыни тұрғыдан ойлау), бақылау, (оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау), жеке тапсырма, (талантты және дарынды балаларды оқыту)
Құрал – жабдықтарОқулық, стикерлер, көрнекі құралдар
КезеңМұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті1 кезеңҰйымдастыру 2 мин
Үй тапсырмасын тексеру 5мин Қызығушылықты ояту«Шаттық шеңбер»
Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне жақсы тілектер тілеу
арқылы сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыру
Топтастыру
С. Торайғыров
2. «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңін жаттау3. «Кім боламын?» тақырыбында ойтолғау жазу Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер тілеу арқылы амандасады.
Үй жұмысын орындау. Қосымша сұрақтарға жауап береді
2 кезең
Қызығушылықты ояту
3 мин
Мағынаны тану 20 мин (жаңа сабақ бойынша тапсырмалар, сергіту сәті 2 мин) «Ой қозғау» стратегиясы
- Балалар, бүгін біз сендермен жерлес ақын Мағжан Жұмабаевпен және оның «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдерімен танысамыз.
Таныспас бұрын осы жерлес ақын жайында кім не біледі?
Білу
Жұптық жұмыс1.М. Жұмабаев өмірі мен шығармашылығы2.Қосымша мәліметтер3. «Қазақ тілі» өлеңін мәнерлеп оқыту.
«Блумның сұрақ қою өлшемі»
Білім бойынша: Өлеңнің негізгі тақырыбы не?
Түсіну: Ақынды толғандырған тіл тағдыры екеніне көз жеткіз
Қолдану: Бұл өлеңнің бүгінгі күндегі маңыздылығы неде?
Талдау: Ана тілінің келешегіне деген ақын сенімі мен үмітінің өміршеңдігін дәлелдеп көріңдер.
Жинақтау: Мемлекеттік тіл туралы сұхбат жүргізу.
Баға: Өлең мазмұны сендерге қалай әсер етті?
- Өте жақсы, ал енді тілге байланысты мақал – мәтел айтып көрейікші.
4. «Мен кім?» өлеңін мәнерлеп оқып, өлеңдегі жалынды сөздерге мән беріңдер
-Арыстан, жолбарыс, күн, жалын сөздерінің нені, қандай қасиетті бейнелейтінін айтыңдар.
5. Ақындық тұлға немесе лирикалық қаһарман туралыТүсіну
-Ұлт деген сөзді қалай түсінеміз?
-Тілі, діні, жері, мәдениеті бір адамдар тобы.
«Табиғаттың өз тілі бар» дегенге сенетін, қазақ әдебиетіне ғажап өнерін алып келген дара ақынның өлеңіне тоқталу.
1.Мәнерлеп оқу
2.Өлеңнің өміршеңдігі
Сұраққа жауап бере отырып, ақынның мақсаты атадан қалған асыл мұра сөз өнерін ұрпаққа жеткізу екенін айта отырып, ақын осыдан 100 жыл бұрын көтерген тіл мәселесі туралы айта келе ана тілінің келешегіне деген ақын сенімі, үмітінің өміршеңдігін дәлелдейді
Қолдану
3.Сөздік жұмысы
Ерікке ұмтылған – тәуелсіздікке
Ұшқыр жаны кісенде – қазақ тілі тәуелді
Қос қанат — көне тіл, баба тіл
Нұрлы жұлдыз – жарық сәуле
Салыстыру.
«Шығамын тірі болсам адам болып» «Мен кім?»
Екі ақынның ой-арманының үндестігін табу.
Талдау
Топтық жұмыс (талдау)
4 шумақ, 16 тармақ, 3 бунақ,11, 12 буынды қара өлең ұйқасы
Эпитет – Алтын күн (Нұрлы жұлдыз)
Ұшқыр жаны,қыран құс, жауыз тағдыр.
Тіл – Аманат – Өсиет – Парыз.
Тапсырма1.Қазақ тілі жайлы өлең оқу2.Мақал-мәтел айту3.Жұмбақ жасыру4.Даналық сөздерЖинақтау
«Бабам тілі — мәңгілік» атты тақырып бойынша ақын ойына өз пікірлеріңмен үлес қосыңдар. (шағын мәтін жазу)
Бағалау
-Мәуелі бәйтерек қай кезде жеміс береді?
(ел еңбегін бағалап, ұрпағы мақтан еткен кезде)
Синтездеу кезеңі: Ақындық тұлға немесе лирикалық қаһарманОқушылар жұптасып, топқа бөлінеді. Бір- біріне сұрақтар қою арқылы және әр түрлі тапсырмалар арқылы жаңа тақырыпты меңгеріп отырады.
3 кезеңСабақты бекіту 5 мин Ой толғаныс Не білдік?
Мағжан Жұмабаев кім?
Шығармаларын атаңдар.
Белсенділік таныту. Жинаған білімдерін қолдану
Бағалау 3 мин Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады. Бақылаушылар формативтік баға қояды.
Үйге тапсырма 2 мин «Қазақ тілі» өлеңін жаттау«Мен кім?» өлеңін мәнерлеп оқу«Ана тілі — ардағым» тақырыбында шағын шығарма жазу Рефлексия 3 мин