Презентация по казахскому литературу на тему М.Ж?мабаев ?аза? тілі,Мен кім?! (6класс)


Мағжан – алдымен сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей «тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін» үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарда болған емес. Мағжан не жазса да, сырлы, көркем, сәнді жазады... (Ж.Аймауытов) Мағжан Жұмабаев«Қазақ тілі», «Мен кім?» ӨЛЕҢДЕРІ Білемін 1. Өмір жолы2.Шығармашылық мұрасы3.Өлеңдері туралы4. Ақындығы туралыНені білгім келеді? Топтық жұмыс 1. Ақындар тобы. Мағжанның өмір жолы 2. Лириктер тобы. Мағжанның шығарма- шылық мұрасы 3. Эпиктер тобы. Мағжанның өлеңдері 4. Сыршылдар тобы. Мағжанның ақындығы туралы Қазақ тіліКүш кемiдi, айбынды ту құлады, Кеше батыр – бүгiн қорқақ, бұғады. Ерiкке ұмтылған ұшқыр жаны кiсенде, Қан суынған, жүрек солғын соғады.  Қыран құстың қос қанаты қырқылды, Күндей күштi , күркiреген ел тынды. Асқар Алтай — алтын ана есте жоқ, Батыр, хандар — асқан жандар ұмытылды!  Ерлiк, елдiк, бiрлiк, қайрат, бақ, ардың, — Жауыз тағдыр жойды бәрiн не бардың... Алтын Күннен бағасыз бiр белгi боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тiлi, сен қалдың! Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тiлiм, Таза, терең, өткiр, күштi, кең тiлiм, Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тiлiм! Тапсырма1. Өлеңді оқып, ғасыр басында ақынды толғандырған тіл тағдырына бүгінгі заман талабы тұрғысынан көңіл аударыңдар.2. Ана тілінің келешегіне деген ақын сенімі мен үмітінің өміршеңдігін дәлелдеп көріңдер. «Қазақ тілі» сөзіне кластер жасаңдар. Қазақ тіліҚазақ тілідамығанжетілгенмемлекеттіктазатәуелсізикемдібайұлт тілі Мен кім? Арыстанмын, айбатыма кім шыдар? Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар? Көкте бұлт, жерде – желмін гулеген, Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар? Көкте - Күнмін, көпке нұрым шашатын, Көңілге алсам, қазір ғарышқа асамын, Шеті, түбі жоқ теңізбін қаракөк, Ерігемін – толқып, шалқып, тасамын. Жалынмын мен, келме жақын, жанарсың, Тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың. Күл болсын көк, жемірілсін жер, уайым жоқ, Көз қырымен күліп қана қарармын… «Мен кім?» өлеңіне сатылый кешенді талдау жасаңдар. 1 - топ 1 .Авторы: 2. Тақырыбы: 3. Жанр түрі: 4. Өлеңнің идеясы:«Мен кім?» 2 - топ Өлең құрылысы 1. Шумақ саны: 2. Тармақ саны: 3. Бунақ саны: 4. Буын саны: 5. Ұйқас түрі: 3 - топ Әдеби- теориялық ұғымдар 1.Троп- сөзді құбылту а) синоним – ә) антоним- б) метафора - 4 - топ 1. Өлеңнің түйіні:«Мен кім?» «Мен кім?» өлеңіне сатылый кешенді талдау Авторы: М.ЖұмабаевТақырыбы: «Мен кім?»Жанр түрі: Лирика(арнау)Идеясы: «Көкте күнмін, көпке нұрым шашамын...»Шумақ саны: 3Тармақ саны: 12Бунақ саны: 3Буын саны: 11Ұйқас түрі: қара өлеңӘдеби - теориялық ұғымдар10. 1.Троп – сөзді құбылтуа ) синоним – түбі, шетіб) антоним – көкте, жердев) метафора - көкте - күнмін, арыстанмын, жолбарыспын, жерде- желмін, тұлпармын, теңізбін, жалынмын.11. Өлеңнің түйіні: «...Жалынмын мен , келме жақын – жанарсың» Тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың. КубизмМағжан кім? Мағжан қандай ақын? Мағжанның қандай шығармаларын білесіңдер? Мағжан өлеңдерінің тақырыптары қандай? Үйге тапсырмаҚазақ тілі – қазақ баласының мақтанышы.Эссе жазу. НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!