флипчарт на тему символьные величины на казахском языке(9 класс)


Сабақтың тақырыбы: Символдық және жолдық шамалармен жұмыс істеу тәсілдері.
Сабақтың мақсаты:Оқушыларды символдық және жолдық шамалармен орындалатын амалдармен таныстыру.Символдық мәліметтерді енгізу, шығару ерекшеліктерін түсіндіре отырып, программа құруға дағдыландыру.
Дамытушылық: Символдық мәліметтерді Паскаль тілінде программалау арқылы өңдеу тәсілдерін жүзеге асырып, оқушылардың логикалық ой-өрістерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, дербес компьютерлер, үлестірмелер.
Сабақтың түрі: топтық жұмыс
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Психологиялық дайындық
Оқушыларды 2 топқа бөліп.Топ атауларын беріп, топ басшыны сайлау.
Топ туралы бейне баян.
ІІ.Өткен тақырыпты қайталау
"Бай болам десең, білімді бол " ойыны. Ойынның шарты: оқушы интерактивті тақтадағы теңгелердің суретінің бірін шертіп , шыққан сұраққа жауап беру керек.Егер жауап бере алмаса оның тобы көмектеседі.
200 теңгеде жасырылған сұрақ
Алгоритм дегеніміз не? Қасиеттерін ата.
200 теңгеде жасырылған сұрақ.
Есептерді шешу кезеңдерін ата.
500 теңгеде жасырылған сұрақ
Программалау тілі дегеніміз не?
Программа қанша бөліктен тұрады ?
500 теңгеде жасырылған сұрақ
Жиым дегеніміз не?
Сиппаттау бөлімінде қалай жазылады?
700 теңгеде жасырылған сұрақ
Көпөлшемді жиым дегеніміз не?
Сиппаттау бөлімінде қалай жазылады?
700 теңгеде жасырылған сұрақ
Индекс дегеніміз не?
1000 теңгеде жасырылған сұрақ
Программаның 3 қатесін тап.
PROGRAM MART;
VAR A:ARRAY [1.3,1..4] OF INTEGER;
K,I:INTEGER;
BEGIN FOR K:=1 TO 3 DO FOR I:= 1 TO 4 DO READ (A[K,I]); S:=0;
FOR K:=1 TO 3 DO FOR I:=1 TO 4 DO IF A [K,I]>0 THEN S:=S+1 WRITELN (S) END.
1000 теңгеде жасырылған сұрақ
Программаның 3 қатесін тап.
Program esep;
var t:array[1..5] of real;x,max: real;i,n: integer
begin for i:=1 to 5 do
begin write ('x енгіз'); end; max:=x[1]; for i:=2 to 5 do if x[i]>max then begin
max:=x[i]; writeln(max) end.
"Жеміс жидек жинау"ойыны
Логикалық типке жататын жеміс-жидектерді жина.Жеміс-жидектің үстінде логикалық функциясы бар жеміс-жидекті шерту керек.
Real, integer типті жеміс-жидектерді жина. Сандары бар жеміс-жидекту шерту керек.
ІІІ.Жаңа сабақ
Символдық шамалар
Мән ретінде бір ғана таңбаны қабылдай алатын шамалар символдық типке жатады және Char қызметші сөзімен белгіленеді. Char типті шамалар апостроф ішінде жазылады.мысалы: С:=’A’, F:=’?’ т.с.с.
Символдық шамаларға қолданылатын стандартты функциялар:
Chr(x)-x санын символға түрлендіреді, мысалы: Chr(90)=’Z’; Chr(57)=’9’
Ord (x)-x cимволының кодын береді Ord (б)=161; Ord (!)=1
Pred (x)-x-тың алдыңғы коды сәйкес символды береді; Pred (‘M’)= ‘L’
Succ(x)-x –тан кейінгі кодқа сәйкес символды береді; Succ(‘M’)=’N’
Upcase (x)-латын және орыс алфавитінің кіші әріптерін сәйкес бас әріптерге айналдырады.
EOLN (End of line) - жолдың соңы болды немесе мәндер енгізіліп болды дегенді білдіреді.
Жолдық шамалар
Апострофқа алып жазылатын, бір жолда орналасқан ASCII тобына жататын символдар тізбегі –символдар жолы деп аталады. Қызметші сөзі string.
Мысалы, а =’Turbo’; symb=’dom’ т.с.с.
Программада сипатталауы Var а:string [5].
Жолдық шамаларға біріктіру амалын конкатенация деп атайды, ол «+» белгісімен белгіленеді, мысалы: ‘8’+’сынып’=’8сынып’.
Қолданылатын функциялар.
Concat(s1,s2,...,sn)-s1, s2, ..,sn айнымалылар мәндерін тұрған орындары бойынша біріктереді.
Length(s)-жолдың ұзындығын анықтайды.
Copy (s,p,n)- s сөзінің р нөмірінен бастап қатар тұрған n символды көшіріп алады.
Delete(s,p,n)- s сөзінің р нөмірінен бастап қатар тұрған n символды өшіреді.
Insert(s1,s2,n)- s1 сөзін s2 сөзіне n-нөмірінен бастап қатар тіркеп жазады.
Pos(s1,s2)- s1 кіші сөзі s2 ұзын сөздің ішінде бар ма/жоқ па, соны анықтайды.Осы функцияларды қолданып мысал ретінде мына есептерді шығарамыз.
1 есеп.Берілгені 'а' , 'н' символдары.
Екі символдан 'ана' сөзін
құрау керек.
Program esep;
Var a,k:char;
s:string;
Begin
a:='а';
k:='н';
s:=a+k+a;
Write (s)
End.
2 есеп. Берілгені 'кітапхана' жолдық айнымалысы.Стандартты функцияларды қолданып "танк" , "кітаптар" сөздерін құрау керек және "танк" сөзінің ұзындығын табу керек.
Program esep;
Var a,k,p: string;
l:integer;
Begin
a:='кітапхана';
p:=copy(a,3,2)+copy(a,8,1)+copy(a,1,1);
l:=length(p);
delete (a,6,4);insert ('тар',a,6);
writeln (l);
writeln (p);
write (a)
End.
ІҮ.Сабақты бекіту
Есептер шығару
1. Берілген жолдық айнымалыларды біріктіріп, нәтижесінде шыққан сөйлемнің ұзындығын табатын программа құрыңыз.
'Менің'
'Қазақстанымның'
'Тәуелсіздігіне'
'22 жыл'
Program esep;
Var a,k:char; s:string;
Begin a:='а'; k:='н'; s:=a+k+a; write (s) end.
2.Берілген мәтінде барлық «қа» буынын «са» буынына ауыстыру программасын құру керек.
Берілгені:
Қапыда ит қапты, қатты қапты, қапты қатты.
Program esep;
Var a,k,p: string; l:integer;
Begin a:='кітапхана'; p:=copy(a,3,2)+copy(a,8,1)+copy(a,1,1); l:=length(p);
delete (a,6,4);insert ('тар',a,6); writeln (l); writeln (p); write (a) end.
Ү.Қорытындылау.
1."Адасқан функциялар" ойыны.
ҮІ. Бағалау. Топ басшы ұпай беріп бағалап отырады.
ҮІІ.Үйге тапсырма