Призентация на казахском языке Байлык пен а?ыл(4-класс)
Қазақ ертегілері, оның ерекшеліктері, түрлері жөнінде оқушы танымын кеңейту.Оқушыларға халық ауыз әдебиетінің түрлері жайында мағлұматтар бере отырып, ертегілер жайында әңгімелеу. Ертегінің мазмұнынтүсінікті тілмен жеткізе отырып, оқушылардың өз ойын еркін жеткізу қабілеттерін жетілдіру. Білімділігі: Халық ауыз әдебиетінің өлмес мұрасы-ертегінің мазмұнын түсіндіре отырып, байлық, сәндіктің баянсыз екенің, ақыл, қайрат, нұрлы жүректің мұқалмас мұрат екенің ұғындыру.Дамытушылық: Ой шақыра білуге, топпен жұмыс істеуге дағдыландыру, ертегіні қорытындылауға, тірек сызбаның маңыздылығын дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекқорлыққа, әдептілікке баулу, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу. 1.«Аңқау арыстан» ертегісінің мазмұнын айтып, сахналап көрсету.2. Қай кейіпкер өзіңе ұнағандығы туралы сұрау Байлық сөзін қалай түсінесіңдер?Денсаулық зор байлық мақалының мағынасын түсіндіру ІІ- қатар Ақыл сөзін қалай түсінесіңдер?Ақыл жастан,- деген мақалды қалай түсінесің? Ертегі – халық ауыз әдебиетінің атадан балаға ауыз екі сөйлеумен жеткен әдеби өнердің бірі. Ол мынадай түрге бөлінеді. Ертегі Тұрмыс-салт, хайуанаттар жайлы Қиял-ғажайып ертегілер Шыншыл ертегілер Ертегі үшке бөлінеді бүгінгі ертегіміздің тақырыбымен танысайық. Олай болса бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Байлық пен ақыл» ертегісі. Бір күні шал ұлдарын жинап, былай депті:Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уакыттарың жетті. Кімнің ақылы мен байлығы сай болса, сол мұрагерім болады.Әрқайсысың маған байлықтарың мен ақылдарыңды көрсетіңдер,-депті. Үлкен ұлы асыл тасты жүзік салған қолын көрсетіп: Міне, менің байлығым. Ал кім бай болса, сол ақылды, - депті. Екінші ұлы асыл киімдерін киіп, әдеміленіп келеді де:Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді, - дейді. Үшінші ұлы күміспен және асыл тастармен әшекейленгенбелдігін буынады да:Мұндай белдікті, - дейді ,- ешкім ешқашан буынып көрген жок... Әкесі үлкен балаларына карап басын шайқайды да, ең кіші ұлына қарап:Сен неге үндемейсің? Сен қандай байлығыңмен мақтанасың ?- дейді. Сонда кенже ұлы былай депті:-Менде асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, қымбат тастармен әшекейленген белдік те жоқ. Тек еңбек сүйгіш екі қолым, қайрат – жігерге толы жүрегім бар. Шалға кенже ұлының жауабы ұнайды. Ол өзінің мұрагері болады деп кіші ұлын атапты. Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпауды өсиет етіпті. Суреттерге қарап, мыны заттардың кімге қатысты екенин айт. 1.Мәтінен кенже ұлдың жауабын тауып оқы. Осы кейіпкерге қатысты қандай сурет салар едің?2. Саған кімнің жауабы ұнады? Неліктен? Бай болсаң, ақылдың қажеті жоқ. Ақылды болсаң, ба боларсың. 2- топқа 1- топқа Адал еңбек етіп,көп ақша жинадың делік,ол ақшаны қайда жұмсар едің?Дәптерге өз ойларын түсіріп жазады Мақал – мәтелдерді жалғастыр:Ақылдың айнасы - ....Айтысып сөзге келгенше, ..............Ақыл айнымас, .........Ақыл - алтын сандық .....................................5. Байлыққа қосар үлесің болмаса, ........................................................6.Қанша байлық жисаң да,..............7.Бай байға, ......................................