Ашы? саба? Денелерді? ж?зу шарттары
Сабақтың тақырыбы: Денелердің жүзу шарттары
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға денелердің жүзу шарттары түсіндіру және оны тәжірибе жүзінде көрсету мағнасын ашу.
2.Оқушыларды өз бетімен ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
3.Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: шыны ыдыс, су, жұмыртқа, парафин, тұзды су, тығын, шеге, тарелка, слайд суреттері.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныппен амандасу, түгелдеу.
ІІ.Үйге берілген тапсырманы тексеруҚысым дегеніміз не?
Архимед күші дегеніміз не?
Ығыстырушы күшті анықтайтын формула?
Ауырлық күші дегеніміз не?
Тығыздық дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Кейбір денелер сұйық бетінде жаңқа тәрізді қалқып жүрсе, екіншілері батып кетеді, ал үшінші біреулері сүңгуір қайық тәрізді оның ішінде жүзіп жүре алады.Әр түрлі материалдан жасалған денелерді сұйық ішіне батырайық. Сұйық ішіндегі денеге екі күш –тік төмен бағытталған ауырлық күші Ға (Ға= mg m –дененің массасы), және тік жоғары бағытталған архимед күші ҒА әрекет етеді. Дененің массасы mд = pд Vд , ал ығыстырылған сұйықтың массасы mы.с = pсVы.с екенін ескерейік.
Егер дене сұйыққа толық батып, оның ішінде жүзіп жүрсе, онда денеге әрекет ететін ауырлық күші архимед күшіне тең, яғни ҒА = Ға (1-сурет бойынша ) рд = рc
Егер денеге әрекет ететін ауырлық үші архимед күшінен артық, яғни Ға > ҒА болса, онда дене сұйыққа батады. Бұдан егер дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығынан артық болса, онда дене сұйық түбіне шөгеді. рд > рc(2-сурет бойынша )
Егер ауырлық күші архимед күшінен кем, яғни Ға < ҒА болса, онда дене
сұйықтың бетіне көтеріледі. (3-сурет бойынша ) Дене сұйық бетінде жүзуі
үшін ығыстырылған сұйықтың көлемі дененің сұйыққа батқан бөлігінің көлеміне тең болады: Vб.б = Vы.с . Дененің жүзуі кезінде ҒА = Ға, онда pд g Vд = pс g Vб.б немесе pд Vд = pс Vб.б бұдан Vб.б = Vб.б pд/ pс (рд < рc)
сонымен, егер дене сұйық бетінде жүзіп жүрсе, дененің сұйыққа батқан бөлігінің көлемі сұйық пен дене материалы тығыздықтарының арақатынасына байланысты болады. Дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығына қарағанда неғұрлым аз болса, оның сұйыққа соғұрлым аз бөлігі батады. Дене материалының тығыздығы сұйық тығыздығына жақын болса, дененің көбірек бөлігі сұйық ішінде болады.Мысалы, мұздың тығыздығы 900 кг/м3, ал судың тығыздығы 1000кг/м3 бұдан 0,9 V д мұздың оннан тоғыз бөлігі су ішінде болады.
ІV. Өзін-өзі тексеру: сұрақтарға жауап беру
1.Сұйық ішіндегі денеге қандай күштер әсер етеді, олар қалай бағытталған?
2.Сұйық ішіндегі денеге әсер ететін күштердің формуласын жаз?
3.Қандай шарттар орындалғанда:
А) дене сұйықтың ішінде тепе-теңдік қалпын сақтай алады
Б) дене сұйыққа батады
В) дене сұйықтың бетіне көтеріледі
4. Дене сұйыққа толық батып және оның ішінде жүзіп жүрсе, онда дене тығыздығы сұйық тығыздығымен қандай байланыста?
V. Есептер шығару30-жаттығу №1,2,3,5
№3 Берілгені шешуі есептелуі
m=100 кг Ға= mg Ға = 100кг*10 =1000Н
v=0.2м3 ҒА= pс g Vб.б ҒА= 1000*10*0,2= 2000Н
т/к Ғ Ға < ҒА ол жүзіп жүреді
№1,2,5 тәжірибе жасау арқылы жауабын түсіндіру
V. Қорытындылау формула бойынша сұрақтар бару.
V І.Үйге тапсырма беру 155 беттегі эсперименттік тапсырма тақырыпты мазмұндау.
Бағалау
Өзін-өзі тексеру: сұрақтарға жауап беру
1.Сұйық ішіндегі денеге қандай күштер әсер етеді, олар қалай бағытталған?
_____________________________________________________________________