Краткосрочный план по физике на тему Денелерді? ж?зу шарттары 7 класс


Сыныбы: 7 «А» Күні: 02.03.2016 ж Пәні: Физика Пән мұғалімі:Балманова Г.М.
Сабақтың тақырыбы: Денелердің жүзу шарттары.Ареометрлер.
Сілтеме: Оқулық «Физика және астрономия» 7-сынып Р.Башарұлы,Д.Қазақбаева, У.Тоқбергенова,
Алматы «Атамұра» 2012
Мақсаты: Денелердің жүзу шарттары туралы мағлұмат алу. Формулаларды пайдалана отырып есептер шығаруды үйрену.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыра отырып топпен бірлесіп жұмыс жасау дағдылары мен өзара және өзін бағалауға дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар:
Денелердің жүзу шарттары туралы мағлұмат алады. Формулаларды пайдалана отырып есептер шығаруды үйренеді.
Топпен жұмыс жасауда ережені ұқыпты сақтай білуге дағдыланады;
Критерий бойынша бағалау қалыптасады.
Негізгі дереккөздер: Оқулық,интерактивті тақта, плакат, таратпа материалдар, стикер,тақта, ареометрдің суреті,су құйылған ыдыс, әр түрлі материалдардан жасалған денелер,мұз.
Әдіс-тәсілдер: Диалог, топтық жұмыс, АКТ, СТО, «Джигсо» әдісі,рефлексия, кітаппен жұмыс
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
(3 мин) Оқушылармен амандасу;
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;
Сыныпта психологиялық ахуал тудыру мақсатында «Шаттық шеңберін» өткізіу(оқушыларға есімің кім? Есімің қандай мағына береді? деген сұрақтар қойылады.).
Оқушыларды 6 топқа бөлу (суреттерді құрастыру арқылы)
Кезеңдер Блум таксономиясы Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті
Үй тапсырмасын тексеру Білу
Диалог жүргізу арқылы өткен сабақты пысықтау мақсатында 6 топтың оқушылары бір-біріне сұрақтар қояды. Әр топтан оқушылар жауап береді.
Жаңа білімді меңгерту Түсіну Тақырыпты оқулық арқылы түсінуде «Жигсо» әдісін қолдану.
Оқушылар түсінгендерін топта талдайды және өз түсінгендерін басқа топтағыларға түсіндіреді.
Пысықтау Қолдану Алған білімді практикада қолдана білуге үйрету үшін топтарға есептер беру. Берілген тапсырманы оқушылар жұппен орындайды.
Бекіту Талдау Топ ішінде есептерді талқылатқызу.
Есептерді бір-біріне тексерткізу.Дұрыс шыққан есепті анықтау. 1. Топта есепті талқылайды.
2. Бір-бірінің шығарғын есептерін тексереді.Тақтаға есептер шығарып дұрыстығына көз жеткізеді.
1,2-топ
1.Дененің салмағы 8 Н,ал көлемі 500 см3 болса, дене суға бата ма?
Берілгені: Шешуі:
P=8Н FА= ρс g Vд =1000кг/м3*10Н/кг*5*10-4м3 =5Н
V=500см3=5*10-4м3 FА< P-дене суға батады.
т/к: FА-? Ж: FА< P-дене суға батады.
2.Толығымен керосинге батып тұрған тығынға 50 Н архимед күші әсер етеді.
Тығынның көлемі қандай?
Берілгені: Шешуі:
FА=50 Н FА= ρк g Vд
ρк=800кг/м3 Vд=FАg ρк = 50Н : 10н/кг*800кг/м3=0,00625м3
т/к: Vд-? Ж: Vд=0,00625м3
3,4-топ.
1.Көлемі 0,3 м3 темірбетон тақта көлемінің жартысына дейін суға батырылған.Тақтаға әрекет ететін архимед күшін анықта.
Берілгені: Шешуі:
V= 0,3 м32 =0,15 м3 FА= ρс g Vд =1000кг/м3*10Н/кг*0,15м3 =1500 Н=1,5 кН
ρсу=1000кг/м3 Ж: FА =1,5 кН
т/к: FА-?
2.Судағы денеге 1500Н архимед күші әсер етеді. Осы денені сынап қандай күшпен кері итереді?
Берілгені: Шешуі:
FА=1500 Н FА= ρс g Vд
ρсу=1000кг/м3 Vд =FАg ρс =1500Н : 10Н/кг*1000кг/м3 =0,15 м3
ρсын=13600кг/м3 FА=13600кг/м3*10Н/кг*0,15 м3=20400Н
т/к: FА-? Ж: FА=20400Н
5,6-топ
1.Көлемі 1,05м3темірбетонды тақта толық суға батырылған.Тақтаға әрекет ететін
Архимед күшін анықтаңдар.
Берілгені: Шешуі:
Vд=1,05м3 FА= ρс g Vд=1000кг/м3*10Н/кг*1,05м3=10500Н=10,5 кН
ρсу=1000кг/м3 Ж: FА=10,5 кН
т/к: FА-?
2.Суға толығымен батырылған денеге 2000мН архимед күші әсер етеді. Егер осы денені бензинге батырса,қандай күшпен ығыстырар еді?
Берілгені: Шешуі:
FА=2000мН=2Н; Vд =FАg ρс=2Н : 10Н/кг*1000кг/м3 =0,0002 м3
ρсу=1000кг/м3 FА= ρк g Vд=800кг/м3*10Н/кг*0,0002м3=1,6Н
ρк=800кг/м3 Ж: FА=1,6Н
т/к: FА-?
Қорытындылау Жинақтау Оқушылардың алған білімдерін жинақтау мақсатында денелердің жүзу шарттарына
трек-схема сызады, Семантикалық картамен жұмыс жасайды,сұрақтар қойылады.
1.Бүгін сабақта қандай тақырыпты өттік?
2.Денелердің жүзу шарттары қандай?
3.Неліктен мұз суға батып, оның ішінде жүзіп жүреді?
4.Денелердің жүзу шарттары қандай шамаларға байланысты?
5.Сұйықтың тығыздығын қандай құралдың көмегімен анықтайды?
6.Сұйықтың майлылығын қандай ареометрмен анықтайды?
FА>Fа
FА=Fа
FА<Fа
Дене қалқып жүреді
Дене жүзеді
Дене батады
Денелердің жүзу шарттары
1.
Сематикалық картамен жұмыс:
2.Семантикалық картамен жұмыс:
Су Сынап Бензин
Толық батып ортасында жүзеді Батады Қалқып жүзеді. Бағалау Критерийлер бойынша формативті бағалау. Табыс критерийлері арқылы бағаланады.
Үйге тапсырма беру. §56 оқу. Кітаптағы жаттығу есептерін шығару. Рефлексия (1мин) Оқушыларға бүгінгі сабақ туралы түсінгендерін стикерге жазып, ілу тапсырылады. Не үйрендім? Не білгім келеді? Келесі сабаққа ұсыныс пікірлер, талап-тілектер.