Т?рбие са?аты Та?ырыбы: «?ліппеге рахмет» (1 сынып)
Сыныптан тыс жұмыс:" Әліппеге рахмет"
Мақсаты: Әліппеден алған білімдерін тексеру, оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, ана тілі пәніне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу. Іс-шара жоспары: Мұғалімнің құттықтау сөзі: Музыка қосылып тұрады. (Асылбек Енсепов.) -Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата-аналар! Балаларыңыздың білім шыңына басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! «Әліппе бітіру»мерекесіне арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер! Армандасаң да, қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған әліппемен қоштасқалы отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!
Диляра : Так, так, так Бәрін бері қара.
Бүгін бізде Болмақ қандай шара?
Ерасыл: Тағзым етем, тақсырым,
Айтайын мен жан сырын
Естідім ұзынқұлақтан 1 «Ә» сыныбында
Әліппемен қоштасуға жиналыпты көп адам.
Диляра: Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында қызғалдақтай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Ерасыл:Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
қош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Нұрдос: Ассалаумағалейкум, уа халайық!
Аниса:Армысыздар, ардақты әкелер мен ару аналар. :
Ерасыл Т:
Кешегі сәби балаңыз, Жарады міне қараңыз. Ғылым, білім жолына Енді қайық саламыз.
Есімжан:
Осы біздер қандаймыз? Аружан:
Мың бұралған бишіміз Бердах:
Біз қызықпыз, қызықпыз. Сәл еркелеу бұзықпыз. Ш. Мирас:
Үлкенге ізеттіміз Кішіге қамқоршымыз Көп оқимыз Терең оқимыз Сұңғат:
Өнерліміз Жанып тұрған шырақпыз Толқынды су бұлақпыз Даниель:
Елімізді өркендетін Қазақ тілін көркемдететін Мирас:
Бабаларға тағзым ететін Аналарға бас иетін.
Балнур:
Елтаңбасымен еңселі Туымен тұғырлы Әнұранмен айбатты Хормен: «Біз қазақ елінің болашағымыз!»
Ерасыл: Қыздардың орындауында «Айгөйлек» биін тамашалаңыздар!Диляра: -Біз бүгін шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік.
Ерасыл -Біз енді өзіміз оқып, өзіміз жаза аламыз. Ертегі, әңгімені де өз бетімізше оқи аламыз.
-Біз көп нәрсені-кітап оқуды, өлең жаттауды, сурет салуды, ән айтуды үйрендік. Диляра:-Балалар, мен сендерге сұрақ қоямын: Іші толы әріпке, Білімдегі жарық не?
Оқушылар хормен: Болашаққа жол ашар, Ол -сүйікті Әліппе, Ол-сүйікті Әліппе!
Мұғалім: Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық!
Хормен:
Әліппе,Әліппе,Әліппе
Аида 3 сыныпӘліппе ортаға шығады: -Армысыңдар жас достар! Армысыңдар, ата-ана! Болашаққа жол бастар, Әліппең келді ортаға. Білім деген ғажаптың, Әліппесін меңгерген. Келешегі қазақтың, Басталады сендерден. Таудай болса талабың, Айтары көп әріптің Қуанышы баланың Қуанышы ананың Жақсы білім көрімдік, Болсын бізге халайық. Не үйреніп, не білдік, Қане, ортаға салайық!
Мұғалім: -Балалар, өнер-білімнің барлығы да мектептен басталады. Біз әліппенің арқасында көп нәрсені оқып-үйрендік. Жүрекке жылы тиетін: «Отан. Ата-ана, Мектеп, Әліппе» сөздерімен таныстық О Т А Н:
Бердах
О: Отан- жерім, Отан –суым.
Отан қуат нәр береді.
Отан –ұран, Отан туым
Отан мәңгі гүлденеді.
Аружан:
Туған тілім – бабам тілі- өз тілім
Туған тілім- анам тілі- өз тілім
Туған-тілім- далам тілі – өз тілім
Туған тілім – адам тілі – өз тілім.ЕсімжанА:
Ернар
О, адамдар ,айтарым бар Нанды баспаңдар!
Онда қол жетпейтін аспан бар
әні ешкім жазбаған дастан бар,
Өтініп сұраймын
Ана- бол , дана –бол, бала- бол,
Нанды баспаңдар!
Мұғалім -Балалар, сендер 4 ай ішінде көп нәрсені үйрендіңдер -Осының бәрін үйреткен кімдер? Оқушылар (хормен): -МЕКТЕП! - ӘЛІППЕ! - МҰҒАЛІМ! - АТА-АНА!Диляра-Біздің білім алатын ордамыз- мектеп. -«Мектеп-кеме, білім-теңіз». Мектеп –екінші үйіміз, себебі, біздің бір күніміздің жартысы мектепте өтеді, бір аптаның алты күні мектепте өтеді. -Біз мектепке не үшін келеміз?
Ерасыл.-Оқумен қоса ән-би үйренеміз, ойын ойнаймыз -МЕКТЕПКЕ арналған тақпақтар тыңдайық:
АнисаМектеп деген білім кені , жыр кені, Мектеп деген ғылымның ең үлкені. Мектеп деген тәрбиеші адамға. Мектеп деген даналардың мекені. Ш Мирас Мектебім- білім берер алтын ұям. Ер жетіп сенде сөзім, артты санам. Баулисын 4жыл бойы ата- анамдай. Әрқашан қасиетті атың маған. БердахАрмысың сен алтын ұя мектебім, Саған айтар жыр алғысым көп менің. Жүректерге жаққан білім шырағын, Мақтан етем сені мәңгі мектебім. СұңғатҰлылықты ардақ тұтар үнемі, Алтын ұя, ақ босаға киелі. Қанат қаққан білім алып өзіңнен, Күллі шәкірт саған басын иеді. Ерасыл А Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық, Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып. Сүйкімді сенің күміс қоңырауың, Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Даниель Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам, Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам. Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек. Тамырланып , сан тарапқа тараған.
Диляра
1 « Ә» сыныбының « Аяулы мектебім » әнін қарсалыңыздар! (хормен)
Аида
Әліппе сөйлейді: -Әліппеде тізілген 42 әріп бар, Тізілген соң ізімен, Өз кезінде танып қал.
Диляра-енді оқушыларымыздың әліппеге арналған тақпақтарын тамашалаңыздар.
Әділхан Әке, шеше, атын сен, Бізге үйреттің Әліппе Бізге жақын нағыз сен, Сенен білдік әріп ті ТемірланІзгілікті ойға тоқитын, Шәкірт боп үздік оқитын. Әліппе атты кемемен, Кеземін Білім мұхитын. Д. МирасҮйретті бізді әліппе, 42 дербес әріпке. Сөз, сөйлем құрап әріптен, Лайық болдық дәріпке Жанерке Барлық әріп бағалы, Айттық әділ бағаны. Әріпсіз сөз болмайды, Буын онсыз толмайды. Адам барлық әріпті, Ардақтайды, қолдайды.
Даулен
Ең алғаш алғанымда «Әліппені»
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Нұрым
Әліппем, менің әліппем,
Өмірді келем танып мен,
Қайталап айтам мың рет,
Өзіңе көп рақмет!
Әлішер
Қош бол , құтты «Әліппем
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
Алина
Бар кітапқа бас болған
Әліппе- ғылым анасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
ӘлішерАлфавиттің А тұрады басында, Әрқашанда Ә тұрады қасында. Байқадың ба Б тұрады үшінші, Ал, осының сыры неде түсінші.? ЕсімжанА деген ол-аналар ғой ардақты,
Ә деген ол-әкелер ғой салмақты.Б деген ол-балалар ғой әдемі, Біздің елде үшеуі де кәделі Алшақ кетпей сондықтан да расында, Тұрады олар алфавиттің басында.
Диляра:1 « Ә» сыныбының « Әліппе » әнін қарсалыңыздар!
Мұғалім: -Рахмет, шәкірттерім! -Міне, білімнің кілті - Әліппемен қоштасар уақыт та жақындады. -Қане, әліппеге Қош айтайық!
Оқушылар хормен: -Бізге білім салып берген, Қош бол, құтты Әліппем, Қош бол, құтты Әліппем! Әліппе сөйлейді: Білімінің көп қой саласы, Әліппе соған жолбасшы. Ғылымның қиын жалғасын, Басқа кітаптан табарсың! -Қош болыңдар, балалар! Мұғалім: -Балалар қарандаршы бізде тосын сый тұр.Бұл не екен? Не деп ойлайсындар?
Неге ұқсайды? Ана тілі гүлден шығадыАна тілі сөйлейді: Туған елдің тілімін, Ақылы мен танымымын. Түсіндірер бәріне, Ана тілі пәнімін. Ана тілің-арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте! -Балалар, енді сендер мені оқитын боласыңдар, ынтамен оқысаңдар, көп нәрсені үйренесіңдер.
Мұғалім:Ана тілі отырып балалардың өнерін тамашалаңыз.
Диляра: Ұлдардың орындауында «Қарандаш» биін тамашалаңыз!Диляра
Әріптерді үйретіп Жақын болған кім бізге? Хор: Ол мұғалім
ЕрасылЖамандықтан жиреніп Ақыл болған кім бізге? Ол мұғалім. НұрдосЕң алғаш алғанымда әліппені, Қызығып қарай бердім әліппені. Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді, Ұстазым оның кілтін ашып берді Диляра-Әліппе оқуға, Үйреткен әр күні -Үйретіп санауды, Көп еңбек сіңірген Мұғалім апай ғой! АнисаҮйретіп мұғалім бізге әліппені, Мұғалім ғылымға жол салып берді. Адамның ақыл-ойы, мақсаттары, Оқудың сәулесімен жарық көрді. СұңғатАлғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді, Бар асылын бізге жиып , мол береді. Қанатымен су себелеп асыл жан, Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
Д.Мирас:
Келгенімде алдыңа
Қызыл арай гүл алып,
Жақын тарттың жаныңа
Шәкіртім деп қуанып.
Ернар:
Сипадың да басымнан,
Әліппені ұсындың.
Бақытымның осыдан
Басталғанын түсіндім.
Аружан
«Әліппе» даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет ұстаз алғашқы.
Адия
Білімнің кілтіндей
“Әліппе” ұстатқан,
Оқуға іркілмей
Тоқуға ұстартқан.
Қамқоры ұл, қыздың –
Мұғалім – ол біздің.Ән «Ұстаз»
Диляра: Ұстазымызға арналған ұлдардың биін тамашалаңыз дар Ерасыл-Әліппені меңгертуге, жазуға, санауға үйреткен ата-аналарымыздың үлесі бар. Ата-анамызға ризашылығымызды білдіреміз: Диляра-Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң-қуанып, ренжісең-жұбататын асыл адам – Ана! -Ана- біз үшін ең ардақты адам. Ананы сыйлау-біздің парызымыз.
-Ана -әкелерімізге байланысты өлең шумақтарын тыңдаңыздар:
Ерасыл А
Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың, Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың. Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың, Мәпелеген баласын, аман болсын анашым! (өлеңін айтып, аналарға бас иеді )
ДаниельКеудемнен сезім селі ақтарылсын, Болармын күні ертең- ақ мақтанышың. Білім алып, тер төгем , еңбек етем, Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін! ...
БалнурАта-анаға еркелеп, Ортасында өстік біз. Жақсы оқып, қуантып, Бестік күнде алдық біз....
АлинаБолашағын баланың, Талабынан білесің. Жақсы оқыса сабағын, Жақсы көріп жүресің.... Ш. МирасӘліппені бітірдім, Әріптерді танимын. Мен атаның баласы, Мен оқушы баламын.... ЖанеркеАта келші тезірек, Ана тілін бастадым. Өзіңе айтар тағы да, Дайын менің тақпағым.....
Даулен
Жарқын жузді жан анам
сендей болсын бар адам
сендей болса бар адам
шаттык кетпес баладан
Нұрым
Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ анам!
Әлішер
Көмегімен біздерді мәпелеген,
Ардақты жан өмірде әке деген.
Бақыттымын өмірде әкем барда,
Сол бастаушым - биікке жетелеген.
Балалар хормен: -Ата-анаға мың рахмет! Ән «Ақ мама»
Мұғалім-рахмет Енді балаларымыздың әліппеге деген биін тамашалаңыздар. .
Қымбатты оқушылар, сендерді мектептегі алғашқы жетістіктеріңмен құттықтаймын! Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын! Құттықтау сөз мектебіміздің директоры У.Е. ИльясоваМақтау қағазымен марапаттау ата-аналарына. сау болыңыздар!