Разработка внеклассного мероприятия на тему «Мен ?аза?станны? патриотымын!»
Күні 01.09.2016 жыл.
Сыныбы 11 «Б»
Орны 216 кабинет
Формасы Алғашқы (кездесу) сабақ
Тәрбие сағатының тақырыбы «Мен Қазақстанның патриотымын»!
Мақсаты: Өз республикасын танып-білуге, жақсы көруге, Отанына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу,оқушыларға туған жері, туған тілі, туған дәстүр, салт санасы жайлы көркем сөздерді айтқызу арқылы әсемдік пен әдептілікке тәрбиелеу;
І. Ұйымдастыру кезеңі.ІІ. Кіріспе. Қазақстан Республикасы
Мұғалім сөзі.
Біздің мемлекетіміздің рәміздері еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің, халық пен үкімет бірлігінің талассыз куәсі. Осы арқылы белгілі бір қазақстандық демократияның мемлекеттік идеясына, ортақ мүддеге және жалпы адамзаттық құндылықтарға ұмтылатындығын көрсетеді. Біреуді мемлекеттік нышанмен мақтануға зорлау қиын, бірақ әрбір азамат өзін елінің патриоты санаса оны біліп, құрметтеуге міндетті. Біз ежелден ер деген даңқы шыққан халықтың ұрпағымыз, ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың ұланымыз. Біз алтын күн бедерленген көк байрағын әлем биіктерінде желбіреткен бейбітшіл елдің азаматтарымыз, кең байтақ жерінде бірлігі жарасқан алуан ұлт ұлыстардан тұратын біртұтас халықпыз! Біз қазақстандықтармыз және мұны үлкен мақтанышпен айтамыз.
Қазақстандық болу – бізге тағдыр сыйлаған ұлы бақыт. Біз оны әрдайым зор мақтаныш сезіммен ұрпақтан-ұрпаққа табыстайтын боламыз! Бүгінгі біздің ұйымдастырылған тәрбие жұмысымыз осындай мақсаттарды көздейді.
Қазақстан көп ұлтты тәуелсіз мемлекет. Жер көлемі 2,7 миллион шаршы шақырымнан асады. Республика шығысында Алтай тауларынан басталып, батысында Каспий ойпатына, ал Солтүстігінде Батыс Сібірден оңтүстігінде Тянь-Шань (Ереңқабырға) шыңдарына дейін созылып жатыр. Қазақстан жерінің өте үлкендігінен әр аймағының табиғаты бір-біріне ұқсамайды, біркелкі емес. Оңтүстігінде ағаштар гүлдеп, жер көгергенде, солтүстігінде әлі қар жатады.Қазақстанның оңтүстік облыстарында жылуды жақсы көретін күріш, қант қызылшасы, мақта, жеміс түрлері, әртүрлі дәрілік шөптер мен өсімдіктер өседі. Бұл аймақтарда жаңбыр аз жауады, жазы ыстық, әрі құрғақ болады. Бірақ ол аймақтың байлығы — тау өзендерінің мол суы. Республиканың солтүстік аудандарында астық пен көкөністер жақсы өседі. Мұнда жауын-шашын мол, жазы да ыстық емес.
Қазақстан – ежелгі ел, бірақ әлемнің қазіргі картасынан ол таяуда ғана, яғни 1991 жылы орын алды. Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті. Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған Алатаулы өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастарқандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады!
Еліміз Егемендік алған жылдардан кейін көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Өз тарихымыз, салт-дәстүріміз зерделеніп, жинақталған, кең мағыналы кітаптар, әдеби зерттеулер жарық көре бастады. Қазақстан Республикасы экономикасы, әлеуметтік тұрмысы тұрақты дамып келе жатқан Орта азиядағы беделді мемлекеттер қатарына қосылды.
Бостандық! – деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған. Осы апрылысты жай тілмен тарих дейді.
Егемендік! Тәуелсіздік! Осыдан 19 жыл бұрын бұл сөздердің қаншалықты мағыналы екенін біз дәл қазіргі уақыттағыдай түсінбеген шығарамыз. Ешкімге тәуелді болмауды арман еткен Кенесары секілді айбарлы ханымыз, Наурызбай, Ағыбайдай айбынды батырларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен күресіп құрбан болса, Төле, Қазыбек, Әйтеке секілді дуалы ауыз билеріміз қызыл тілдің арқасында ел тыныштығын сақтады. Сол заманнан бері азаттық, егемендік елімнің арманы болды. Халқының қамын жеген ата-бабаларымыздың қайсар ұрпағы 1986 жылы арман еткен тәуелсіздіктің, азаттықтың туын тікті.
Тілім – қазақ, тегім – түрік, ислам– дінім, иманым,
Ұлт едім мен ұлы едім, құл бол деп жат қинады….
Жоңғарға да, шүршітке де дес бермеп ем, орыстың,
Құшағына еніп кеттім, жел сөзіне иланып.
«Тілім – шұбар, тегім –күмән, имансызбын , дінсізбін,
Өз — өзімді алдарқаттым», — дедім, — елге мұңсызбын,
Халқымды да, салтымды да дайын болдым сатуға,
Жерім тозды, елім азды, күні осы ғой құнсыздың.
Өзегімде өкініш бар, баққа қалдым жарымай,
Өзімді өзім сыртқа тептім, қасиетімді танымай.
Хан Абылай ұмыт қалды, Қабанбай мен Бөгенбай,
Отаршылға оқ боп тиген Кенесары , Ағыбай.
Төл тарихтан бейхабармын, айтуға оны арландым,
Ажыратпай ғасыр озды, ақиқат пен жалғанды,
Көзайым боп таптым қайта Ахаң, Жахаң, Жүсіпбек,
Шер көңілді Шәкәрім мен ұлы ақын Мағжанды.
Кіл қаймағын қалқып алған, көк жасығын қалдырып,
Отызыншы жылғы ойраннан қауым қалды мәңгіріп.
Арманда өткен Бейімбеттің, Ілиястың, Сәкеннің,
Тым болмаса жатқан жерін табармыз деп жанды үміт.
Желтоқсанда еркіндігін мұрат тұтқан халықтың,
Жалын жастар, ерлік жолы жалғасқанын таныттың.
Қайрат сынды қайраттанған бауырларым мәңгілік.
Рух көтеріп тұрып қалды тұғырында даңқтың.
Мұғалім сөзі: Міне, Сіздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұланысыңдар! Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шағармайық. ХХІ ғасырда Қазақстанда бейбітшілік, тыныштық болып, егеменді елдігіміз ұзағынан болсын деп тілейік.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. Мамандығы – инженер-металлург. Экономика ғылымының докторы.
Өзінің еңбек жолын 1960 жылы Қарағанды облысы Теміртау қаласында «Қазметаллург-строй» тресі басқармасында түрлі қол жұмысын істеуден бастады. Кейінірек шойын өңдеуші, реттеуші, газ маманы, Қарағанды металлургия комбинатының балқыту пешіндегі аға газ маманы болып істеді.
1969 жылы партия саласына ауысты да, Теміртау қалалық комитетінің өндірістік-көлік бөлімінің меңгерушісі болды. 1969-1971 жылдары Теміртау қалалық комсомол комитетінің екінші хатшысы қызметін атқарды. 1971 жылы Теміртау қалалық партия комитетінің екінші хатшысы болып сайланды. Ал 1973-1977 жылдары Қарағанды металлургия комбинатының парком хатшысы, Қарағанды облыстық партия комитетінің екінші хатшысы, 1979 жылдан 1984 жылға дейін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болды. 1984 жылдан Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің төрағасы болып Қызмет істеді.
1989 жылғы маусым айынан Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы. 1990 жылы сәуір айында Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңесі Н.Ә.Назарбаевты Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президентті етіп сайланды. 1991 жылғы желтоқсаннын І-інде бүкілхалықтық сайлау қорытыныдысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды.
1997 жылы 20 қазанда Н.Ә.Назарбаев «Ақмола қаласын ҚР-ның астанасы деп жариялау туралы» жарлыққа қол қойды. 1998 жылы 6 мамырда Елбасының жарлығымен ҚР астанасы – Астана қаласы болып аталды, ал 20 мамырда «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» ҚР-ның Заңы қабылданды. Бүгінде жас қазақ мемлекетінің астанасы ретінде әлемді тамсандырып отырған Астана қаласы жайлы деректер көп. Ол Есіл өзенінің оң жағасындағы жазық жерге орналасқан және Есіл өзенінің көшкен ел аттылы-жаяу өте беретін бұл тайыздау жерін Сарыарқа қазақтары Қараөткел деп атаған.(12) Кеңес дәуірінде Ақмола Орталық Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмірінде үлкен орын алды. 1929 жылы қалаға алғашқы поезд келді. 1950 жылы қалада 58 өнеркәсіп орны жұмыс істеді. 1954 жылы 5 наурызда Ақмолаға тың игерушілер тиелген алғашқы эшалондар келіп тоқтады. 1956 жылы 26 желтоқсанда Тың өлкесі құрылып, Ақмола оның орталығы болды. Қаланың аты 1961 жылы 20 наурызда Целиноград болып өзгертілді. Қалада алғашқы жоғары оқу орындары – ауыл шаруашылығы институты, пединститут, инженер-құрылыс институттары ашылды. 1960-80 жылдары қалада 30 жобалау және ғылыми-зерттеу институттары ашылды. 1965 жылы Тың өлкесі таратылып, 1994 жылы қалаға ежелгі Ақмола аты қайтарылды.
Ақмоланың геосаяси тұрғыдан тиімді орналасуы, өнеркәсіптік әлеуеті, құрылыс индустриясын дамытуға қажетті базасының болуы және ірі тасымал торабына орналасуы ескеріліп, 1994 жылы ҚР Жоғары Кеңесі және 1996 жылы 6 шілдедегі Министрлер кабинеті ҚР-ның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулылар қабылдады.
Ту
Күнді құшқан қас қыран,
Аясында қалқыған
Аспан түсті туым бар
Көк теңіздей шалқыған.
Көкірек жауар шымқай өң,
Көрген жерден елітер,
Көркем өрнек, кең көңілКөл пейілге кенелтер.
Тәжім етіп бас иер,
Туы елімнің егемен.
Тұтастығым куәсі
Туғандай бір енеден.
Елдігімді әлемге
Паш ететін байрағым,
Тұнық менің көгімдей
Әуемде мәңгі жайнаған
Елтаңба
Дүние әлем көзіндей,
Дөңгеленген жамалы.
Еге елімнің қорғаны-
Кереге қанат қамалы.
Көгілдір көктің жүзінде
Шаңырақ-күн, уық-нұр.
Мәңгі сенбес күйінде,
Маңдайдан жұлдыз туып тұр.
Қуат отын қоздырған
Қос қанатты пыпағым.
Хас тұғырға қондырған
«Қазақстан» — Ұраным.
Тұлғасында түзілген
Ыстық қаным, діл, арым.
Төріме іліп,
Төсіме
Тағып жүрер Тұмары
Әнұран
Қаһарман қажыр, қайратым,
Шайлықпас текті айбатым.
Арман, абырой, толғаныс-
Айтылатын ар, затым.
Жұртымның мұң, мұратын
Құлқыма құйып тұратын
Сіңірген тұла бойыма,
Тәңірлік күштің қуатын.
Жан дауысы халқымның
Шабыттана шырқалар.
Киелі сөз, сазды әуен
Шырқағанда, нұр тамар.
Беріле тыңдап,
ЕгілеЖанып тұрар мың жанар.
Мен, Қазақстанның болашағы бүгінгі жас ұрпақ, Тәуелсіз, Егеменді Еркін ел Қазақстанда дүниеге келгенімді мақтан тұтамын. Мұндай кең байтақ елді, бүгінгі ұрпағына аман-есен сақтап жеткізу үшін ата-бабаларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен, қызыл қанымен қорғап, ғасырлар бойы күресіп, бастарынан талай қиын кезеңдерді өткізді. Сол армандар орындалып, 1991 жылы 16 желтоқсанда өз егемендігін паш етті. Қазір аяғынан тік тұрған, дамудың нарықтық жолына түскен ел атандық, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың дана бастауымен, көрегендік саясатының арқасында еліміздің экономикасы қарыштап дамып бүкіл әлемге танылдық.Көк байрақты, нұр елімнің мәртебесі биіктеп жақын жылдарда әлемдегі дамыған елу елдің қатарына кіретінімізге біз кәміл сенеміз. Қазіргі кезеңде Елордамызда қаншама әлемдік деңгейдегі кездесулер, жиындар, самиттер, форумдар өтіп жатқанын әлем көріп, тыңдап отыр.Біздер, яғни жас ұрпақтар келешек Қазақстанымыздың әлі де еңсесі биік, татулығы берік, жылдан-жылға гүлденіп, көркейе беруіне өз үлесімізді қосатынымызға уәде беремін.
Адам баласының бір қуанышы, жарық жұлдызы, темір қазығы — туған елі. Әркім де туған елін жақсы көреді. Еңсесі биік, мәртебесі асқақ, көгінде көк байрағы желбіреген қазақ елін мен де жақсы көремін.Ең қымбат қазына — адам өмірімен бағаланған қазақ елінің ата заңы, көгінде көк байрағы желбіреген туы, шарықтаған әнұраны бар. Осындай көркейген ел ішінде мен де өмір сүріп, ер жетіп, есейіп келемін. Бүгінгі өміріме, өз ортама, ризашылықпен қарай отырып, ертеңгі өмірімнің жарқын боларына толық сенемін.Жас ұрпақтың білім алуына, денсаулығына жағдай жасап, ұлтының болашағын ойлап жүрген аға-апаларымыз бен ағаларының ерен еңбектері-елдігімізді нығайта түсуде. Елдікті — білімді ұрпақ қана жалғай алады. Ендеше,сол білімді ұрпақтар қатарында мен де барамын.Мен өзге ұлт өкілі болғанымен, бақытты балалық шағым Қазақстанда өтті. Шындығында мен Қазақстанды мақтан тұтамын. Әрбір оқушының жүрегіне жылылық ұялатқан ұстаздарымыздың арқасында қазақ тілін еркін үйрендім. Ана тілін, өз мемлекетін, ұлттық нышардарын қастерлеп, құрметтеу әрбір оқушының парызы деп санаймын. Ендігі менің алға қойған мақсатым алған білімімді жалғастырып, өз мемлекетімде оқу орнына түсіп, өндіріс орындарына жұмысқа орналасып, елімнің болашағына үлес қосу.Еліміздің рухани құндылықтарын қастерлеп, қадірлеу, парызым деп санаймын. Егемен елімнің ертеңіне қажетті мамандық таңдап, жақсы кәсіпті игерген ұлт азаматы боламын деген сенімдемін.
Ұлттық тіл — әр халықтың өзіне тән ой – санасың парасатты бүкіл болмыс – тіршілігі мен сезім – түйсігін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін күретамыр. Қазіргі уақытта қазақ тілі – Қазақстанның мемлекеттік тілі. «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, қазіргі өмірімізде, оның ішінде жастар үшін мемлекеттік тілдің алар орны ерекше.Тілсіз ұлттың болуы мүмкін емес десек, біз жастар өз ана тіліміз – қазақ тілінің мәртебесін көтеруге тиіспіз.Елімізде қазақ тілін дамытудың мемлекеттік жоспары жасалған, Конституцияға енгізілген, енді оны жүзеге асыру жағына ерекше көңіл бөлуіміз қажет.Бүгінде дамыған елу елдің қатарына бет бұрған еліміз үшін – мемлекеттік тілге көшу міндеті тұр. Менің ойымша, қазақтың әдебиетін, төл мәдениетін, өнерін асқақтатып, бағалау баршамыздың ісіміз. Өйткені, ел бірлігін нығайтып, тіл дамытуда ұлттық мәдениеттің, дәстүрлер мен әдет – ғұрыптардың алатын орны ерекше.Президентіміздің стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыратын – біз, жастар.Сондықтан, өмір деген үлкен жолға өз тілімізбен, мәдениетімізбен, салт-дәстүрімізбен қадам басатынымызға сенімім мол. Өз басым қазақ елінің абыройын асыруға, өз ана тілінде сөйлейтін сауатты маман болуға ұмтыламын.
Біздің елде биыл Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдау жазды. Мен бұл Жолдауды оқыдым. Жолдауда Президент халық, мемлекет алдына көптеген мақсаттар қойды. Менің ойымша, біздің ел бәсекеге қабілетті болу үшін экономикасын дамытуы керек. Елімізге білікті мамандар керек. Менің ұлтым қазақ, Отаным — Қазақстан. Мен елімнің патриотымын. Мен Батыс өлкенің тамаша жерінде тудым. Бұл жер Ақтөбе деп аталады. Бұл табиғаты тамаша жерде балалық шағым өтті. Қазақстандық патриотизм — Отанды, туған өлкені, оның халықтарын сүю, табиғатын қорғау. Мен өз елімді әлемдегі дамыған елдердің қатарынан көргім келеді. Мен елімнің патриоты ретінде Отанымды қорғаймын.
Қорытынды.
Туған жердің қадірін туғалы түзге шықпаған елдегі адам қайдан білсін?
Туған жердің кәдірін алыс жерге ұзатқан, ұзатқанына әлде талай жыл өткен қыз білмесе, кім білсін?
Туған жердің қымбатын ғылым іздеп, шет жайлап, кітап қарап сарылып, көзінің майын тауысқан, көшенің шаңын көп жұтқан шәкірт білмесе, кім білсін?
Туған жердің артығын, жазатайым іс етіп, күштілерге күш етіп, еріксіз елден айырылған, шеттен дәмі бұйырған, жаттан сыйлау көрмеген ер білмесе кім білсін?
Туған жердің асылын қараңғы үйге қамалып, қара нан мен қара шай жүрегін кесіп жатқанда, қазы, қарта, сары қымыз көзінен бір – бір ұшып есіл елін сағынған, бір көруге зар болған тұтқын білмесе, кім білсін?
Туған жердің кәдірін әлеуметтік ісіне басын байлап жегілген, кеңседе қағаз кемірген, күйіп – пісіп, көбеп боп, еңбегінің жемісін көрсем – ау деп телмірген, тар көше мен тар үйде бойы бір сергіп көрмеген азамат білмей, кім білсін?
Ыстық қой, шіркін, туған жер! Туған жерге жеткенше, қайтіп дәтің шыдайды? Кім сағынбас өз қағын? Кім сүймесін өз жерін?
Сүймесе сүймес зердесіз, шерсіз жүрек, тілеуі бөлек жетесіз…
Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін сендер. Ол үшін терең әрі жан – жақты білімді болу – міндеттерің. «Туған жер –алтын бесік» — демекші, бүгінгі айтылғандарды өнеге етіп, елді, жерді сүюді, қадірлеуді өмірлік мақсат етейік, туып өскен жеріміз Қазақстан Республикасын құрметтей, еліміздің Рәміздерін қастерлей, отан – отбасынан, туған жерден басталатынын түсіне білейік.
Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев: Өткеніңді еске алсаң, Өскеніңнің белгісі. Өткеніңді ұмытсаң, Өшкеніңнің белгісі, - деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!