Сценарий спортивной эстафеты Зырлайды шанамыз
Тақырыбы: Зырлайды шанамыз.
Мақсаты:Мектеп жасына дейінгі балалардың спорт туралы білімдерін кеңейту, қызығушылықтарын арттыру. Ата-аналардың балабақшамен тығыз байланысын дұрыс жолға қою және қысқы ойындарға ата-аналардың белсене қатысып, нәтижелі болатындығына көз жеткізу.
Сайыс барысы:
Тәрбиеші: Құрметті ата - аналар, балалар, балабақша ұжымы, қонақтар қош келдіңіздер! Біздің «Балдәурен» тобында үлкен мереке.Біздің бүлдіршіндеріміздің ата - аналары арасында «Зырлайды шанамыз» сайысы өтпекші, сайысқа түсетін 2 тобымыз бар. (Топтарды шақыру)
«Зымыран» тобы «Ұшқын» тобы. Топтарымызға сәттілік тілеп, қошемет көрсетейік. Музыка ойналады.
1.Таныстыру
2. «Такси» ойыны. 3. «Қар жинау» ойыны . 4. «Аққала жасау» ойыны. 5. «Қай топтың шанасы алда» сайысы.
Тәрбиеші: Кане, бір- бірімізді қостаймыз, Бүгінгі жарысымызды бастаймыз. «Жеңіске жетеміз» - деп , Жалынды ұран тастаймыз.
Психологиялық сәт:«Қуаныш шеңбері » ата- аналар бір – біріне жылылық лебіздерін білдіріп, сәттілік тілейді.Армысың ару күн! Армысың асыл жер!Армысың көк аспан!Армысың ата-ана!Жылуыма жылу берМіне менің қолым .Сайысымызды бастаймыз. 1. «Біздің сәтті күніміз» Зымыран тобы ұраны: Қатар өскен құрдасқа, Жарыс ұнап тұрмасқа. Қуып жету жақсы гой, Озып шығу бір басқа. Топтың атын, ұранын, төс белгісін таныстыру. 2. «Ұшқын» тобы ұраны: Ұшақтан да ұшқырмыз , Желден озған жүйрікпіз. Жарысуға сендермен, Келіп тұрған мықтымыз. Топтың атын, ұранын, төс белгісін таныстыру2. «Такси» ойыны. (Топ басшылары кедергілердің арасымен жүгіріп топ мүшелерін бір- бірлеп жинау)3. «Қар жинау» ойыны. (Кішкентай шелекпен қар алып,кедергілерден өтіп үлкен шелекті толтыру)4. «Қай топтың шанасы алда» сайысы. (Ата-аналар өз балаларын шанаға мінгізіп кедергілерден өтіп, жылдам келуге жұмыстанады) Сайысымыз аяқталып өз мәресіне жетті. Диплом тапсыру