Халы??а жеткіз к?йімді ?.С?рсенбаев (3 класс)


№ 50 орта мектеп
Бастауыш класс мұғалімі Жукаева А.К.
Әдебиеттік оқу 3-класс
Сабақтың тақырыбы: Халыққа жеткіз күйімді . Әбу Сарсенбаев .
Сабақтың мақсаты: 1) Ә.Сәрсенбаевтың «Халыққа жеткіз күйімді» әңгімесінің мазмұнын ашу, күй атасы Құрманғазы және Дина туралы тереңірек түсінік бере отырып, өз бетінше білім алуға үйрету;2) Мәтін желісінде түсінік бере отырып сөздік қорын молайту, әр оқушының қабілетін, ойын, тілін дамыту, түсініп оқу дағдысын қалыптастырып, есте сақтауға дағдыландыру;3)Дарынды, білімді, өнерді сүюге, оны құрметтеуге, берген антын орындауға және ұлттық өнерді насихаттауға тәрбиелеу;Әдіс - тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелесу.Сабақтың өту әдісі: сұраққа жауап, ой қозғау, түртіп алу стратегиясы.Технология: СТОПәнаралық байланыс: музыка, дүниетану.Көрнекілігі: Әбу Сәрсенбаев сурет, Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы слайд,Дина өмірі туралы слайд, кесте, суреттері, үнтаспа.Сабақтың барысы:
І Қызығушылықты ояту.
1) Психологиялық дайындық
Сәлемдесу рәсімі«Сәлем- сөз анасы» деген қане амандасып алайық.
Армысың , асыл күн!
Армысың, асыл жар!
Армысың, көк аспан!
Армысың, жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Міне менің қолым.
2.Топқа бөліну
«Ою таңда" 4 топқа бөлу Алатау, Сарыарқа, Адай, Балбырауын
ІІ. Мағынаны тану
3. «Сен мұны білесің» Үй тапсырмасын сұрау.
Сұрақтар арқылы.
2. Сәкен Сейфуллин кім?3. Оқиға қай мезгілді суреттеген?4. Іңкәрбектің отбасы,тұрмыс жағдайы.5. Неліктен Іңкәрбек Сәкенге мұңын шақты?6. Омар неліктен секем алды?7. Сәкен қандай бала болды?8. Аналары қалай айналып,толғанушы еді?
Ой ашар ..
4. Күй тыңдау «Адай » Құрманғазы
Біз қандай музыка жанрын тыңдадық?
Күй туралы не білеміз?
Қандай күйшілерді білесіңдер?
Жаңа сабақ .
- Бүгінгі сабақта біздер, қазақтың ұлы , данышпан күйшісі Құрманғазы мен Дина Нұрпейісова туралы өтпекпіз.Құрманғазы 1818 жылы Бөкей хандығында , қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жерде дүниеге келіп, 1889 жылы Астрахан облысының Құрманғазы төбе деген жерде өмірден озды.
Дина Құрманғазының шәкірті. Дина кішкентай кезінен Құрманғазының күйлерін үйреніп, осы қазіргі кезге бізге жеткізген мұрагері деп білеміз. Өйткені ол кезде нотаға салу деген болған емес. Дегенмен де Дина күйлерді домбырада орындау арқылы нотаға түсіріп кейінгі ұрпақтарға жеткізген. Құрманғазының күйлерін барлық жерлерде орындалып, үлкен оркестрлерде орындалып жүр. Оның күйлерін бишілеріміз де би ырғағына салып билеп сахна төрінде үлкен орын алды. Біз бүгінгі сабақта қарт Құрманғазының кішкентай қыз Динаның алғашқы кездесуі туралы білмекпіз.Ол әңгімені бізге Әбу Сарсенбаев жазған. Ал, Әбу Сарсенбаев кім? Ол сұраққа жауап беру үшін танысып алайық
.Слайд:5.Оқулықпен жұмыс Тізбектей оқу.
Сөздік жұмыс
6. Топтарға тапсырма
1-тапсырма
Суретке зер сал . Көргеніңді әңгімеле.
2-тапсырма
«Сұрақ-жауап » марафоны
3-тапсырма
Құрманғазы мен Динаның кездесуін сахналау.
4-тапсырма
«Өнер» туралы мақал-мәтелдің жалғасын тап.
1.Өнерлінің қолы алтын
(Өлеңшінің сөзі алтын)
2.Өнерге өлім жоқ
(.........................................)
3.Талапты ерге ( нұр жауар)
4. Ақыл тастан шығады (өнер жастан шығады)
5.Ақыл көпке жеткізер (Өнер көкке жеткізер)
6.Сергіту сәті «Есіңе сақта» ойын
Құрманғазының күйлері :
Сарыарқа, Кішкентай, Балбырауын, Адай, Алатау, Серпер, Төремұрат, Ертең кетем, Бұқтым-бұқтым, Көбік шашақан, Кісен ашқан, Түрмеден қашқан, Қайран шешем, Аман бол, шешем, аман бол, Лаушкен, Пәбескі, Арба соққан, Бозшолақ, Машина, Демалыс, Итог.(21)
Ойын шарты: Мұғалім бір рет слайдтан оқып береді. Оқушылар естеріне сақтап қалып, айтып береді.
Дина Нұрпейісова әйгілі күйші-компазитор . 1861 жылы Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданының Бекетай құмыыы деген жерде дүниеге келіп, 1955 жылы Алматы қаласында қайтыс болған.
Күйлері :
Қарақасқа ат, Бұлбұл, Жігер, Байжұма, Кербез, Он алтынша жыл, Қосалқа, Әсем қоңыр, Еңбек ері, Сауыншы, Көкөніс, Сталин, Делегат.(13)
Ойын шарты: Мұғалім бір рет слайдтан оқып береді. Оқушылар естеріне сақтап қалып, айтып береді.
ІІІ Ой толғаныс
7.Топтық тапсырма
1-тапсырма
5 жол өлең «Құрманғазы»
2-тапсырма
«Күйші шығармашылығындағы өзекті мәселелер»
3-тапсырма
5 минуттық Эссе . «Ардақтымыз- Дина Ана»
4-тапсырма
Венн диаграммасы «Құрманғазы мен Дина»
8.Мұғалімнің қорытындылауы
Құрманғазы өзінің қанатты күйлерімен поэзиядағы Махамбет сияқты, ғылымдағы Шоқан сияқты, майдан даласындағы Кенесары сияқты, өршіл рухына қылау түсірмей, замана тауқыметін қайыспай арқалап ғұмыр кешті.
Шын асылды тот баспайды. Динаның қанатты өнері халқының рухани асыл қазынасы ретінде бүгін мен болашаққа қызмет көрсете бермек.
Бағалау . Оқуды бағалау және оқу үшін бағалау
Жеңімпаз топты марапаттау .
Рефлексия « Басбармақ» әдісі
Үйге тапсырма : Мәтінді оқу. Мазмұндау.
«Өнер» туралы мақал-мәтел жинақтау.