Ма?жан Ж?мабаев «?ара?ым, о?у о?ы, бос?а ж?рме»


Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Қарағым,оқу оқы,босқа жүрме»
Сабақтың мақсаты: М. Жұмабаев өмірі, шығармалары туралы білімін кеңейту.
Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын жетілдіру. Балалардың жазу, оқу арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту. Оқушыларды білімділікке, өнерге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: М. Жұмабаев портреті, суреттер, сызба т. б.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, топпен жұмыс.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық
II. Қызығушылығын ояту.
Сұрақ
- Қай мезгіл?
- Күз айларын ата?
- Күзде қандай мерекелер болады?
1 -қыркүйек –Білім күні
22 қыркүйек - Тіл мерекесі
1қазан-Қарттар күні
5 қазан- Мұғалімдер мерекесі
III.Үй тапсырмасын сұрау.
Ә.Шынбатыров «Талапты»
3. Өткен сабақты қорытындылау.
-Ерлан қандай бала?
-Ерлан қандай сурет салды?
-Мұғалімге кімнің суреті ұнады?
IV.Мағынаны тану.
Мағжан Жұмабаев. «Қарағым,оқу оқы,босқа жүрме»
- Мағжан Жұмабаев кім?
- Қандай шығармаларын білесіңдер?
1893 жыл Солтүстік Қазақстан облысы 1910 жыл Уфа медресе «Шолпан» жинағы «Педагогика» оқулығы «Батыр Баян» поэмасы «Ертегі» поэмасы 1914 жыл Омбы мұғалімдер семинариясы 1923 жыл Мәскеу көркемөнер институты
Өлеңді оқу. (мұғалімнің оқуы)
Түртіп алу стратегиясы (таныс емес сөздермен жұмыс).
Өлеңді оқушыларға оқыту.
Сұрақ - жауап
- Өлеңдегі негізгі ой не?
- Балаларға ақын өсиет айтады?
- Талаптансаң, арманыңа жетерсің,
Еңбек қылсаң дегеніңе жетерсің - деген ой өлеңінің қай жолында.
- Өлеңдегі мақалдың мағынасын тап?
- Өнер, білімге шақыратын қандай өлең білесіңдер?
Сергіту сәті
Өлеңді талдау.
а) Өлеңнің мағынасын қара сөзбен әңгімелеу.
ә) Ұйқас табу.
б) Қазақ тілімен байланыстыру (жүрме, ерме, бөлме - болымсыз етістік).
«5 жолды өлең»
Кім?
Қандай?
Не істейді?
Сөйлем.
Мағыналас сөз.
Венн диаграмасыТоптық жұмыс.
I - нұсқа. Өлең құрастыру «Ұстазыма»
-------------- жасырып,
-------------- асырып.
-------------- ұстазым,
-------------- ұқсағым.
II - нұсқа. Логикалық тапсырма.
«Енді он жылдан соң тақта қандай болады»?
V.Ой толғаныс
Өнер, білім, еңбек туралы мақал айту.
- Мағжан кім?
- Қарағым өлеңі балаларды неге шақырады?
Оқу оқы
Босқа жүрме
Ойынға көңіл бөлме
Жолама
Қасына ерме
Кідірме
Аялдама
Қолың серме
- Білімді болу үшін не істеуіміз керек?
VI. Бағалау. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау,бағалау.
VII.Үйге тапсырма. «Қарағым,оқу оқы,босқа жүрме» (Өлеңді жаттау)