Арнаулы курс информатика


КЕЛІСІЛДІ “__________” БЕКІТІЛДІ: “___________ ” Ә/б ОТЫРЫСЫНДА
«Мұғалжар аудандық Мектеп директоры: ҚАРАЛДЫ: “__________”
білім бөлімі» ММ Шолтаев Е.Т. ӘБ жетекшісі Қожанова Ә.У.
Хаттама № _______ Хаттама № ______ Хаттама № _______
“____” ______________ “____” ______________ “____” ______________
Арнаулы курс бағдарламасы.
Тақырыбы: «Ақпараттық мәдениет негіздері»
Пәні: информатика
Сыныбы: 4 – сынып.
Пән мұғалімі: Тулегенова Гүлнұр Бисембайқызы.
2014-2015 оқу жылы.
Информатика пәні.
«Ақпараттық мәдениет негіздері»
пәнін бастауыш мектепте оқыту бағдарламасына
ТҮСІНІК ХАТ
ҚР Үкіметі 2004 жылдың 24 ақпанында (№3 хаттама) мақұлдаған Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасының негізгі міндеттерінің бірі оқушылардың ақпараттық дайындығын жетілдіру болып табылады.
Қазіргі кездегі орта білім беру жүйесіндегі информатиканың рөлі бүгінгі қоғамдағы ақпараттық және коммуникациялық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырудағы ақпараттық білімнің мәнімен анықталады.
Осыған орай білім берудегі ақпараттық технологиялар жөніндегі ЮНЕСКО институтының «Бастауыш білім берудегі информатика» атты ұсыныстарын, информатиканы оқыту тәжірибелерін талдау қорытындыларын және компьютердің дидактикалық мүмкіндіктерін негізге ала отырып, 1-4 сыныптарда «Ақпараттық мәдениет негіздері» пәнін оқытуды ұсынып отырмыз.
Бұл пән арқылы оқушылар ақпараттық мәдениеттің негізі болып саналатын коммуникация мен түсініктердің және ойлаудың математикалық негіздерін меңгереді.
Пәннің негізгі мақсаты балалардың операциялық (логикалық) ойлау қабілетін ерте бастан қалыптастыру болып табылады. Өйткені психолог ғалымдардың анықтауы бойынша, адамның жинақтаған білімінен гөрі, оның ойлау қабілетінің дамуы, талдау жасай білуі, алынған ақпаратты жалпы тұрғыдан қарастыра отырып, соның негізінде шешім қабылдауы өте маңызды рөл атқарады екен. Осы мақсаттын барып мынадай міндеттер туындайды:
Оқушылардың логикалық және алгоритмдік ойлау қабілетін жетілдіру;
Компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру;
Оқушылардың коммуникативтік (тілдік) ойлау қабілеті мен шығармашылыққа бейімділігін дамыту;
Оқушылардың әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру және олардың өзін-өзі жетілдіре отырып қызмет субъектісі деңгейіне көтерілуін қамтамасыз ету.
Жоғарыдағы аталған міндеттерден «Ақпараттық мәдениет негіздері» пәнін оқытудың мақсаттары айқындалып, нақтыланады.
«Ақпараттық мәдениет негіздері» пәні бастауыш мектептегі пропедевтикалық курс болып саналады және оның қолданбалық сипаты әр түрлі деңгейдегі қызықты тапсырмалардан, сұрақтардан, логикалық есептер мен ойды жетілдіретін ойындардан, сергіту жаттығуларынан тұратын жұмыс дәптерлері түрінде көрініс табады.
Бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениеттің негізгі базалық ұғымдары жайлы алғашқы мағлұматтарды қоршаған ортадан алынған тірі және өлі табиғаттағы нысандар, заттар, ақпараттар түрлері мен оларды алу және тасымалдау негізінде қалыптасады.
Бұл пәннің бағдарламасының мазмұны оқушыларды мынадай негізгі мәліметтермен таныстыруға мүмкіндік береді.
Ақпарат және оның түрлері туралы түсініктер;
Ақпараттық процестің негізгі заңдылықтары;
Әрекеттерді жоспарлау және оны сипаттау, нысандардың ерекше белгілері;
Нысандарды топтарға бөліп, оларды жіктеу;
Логикалық модельдер мен тұжырымдар;
Тұтынушы ретінде компьютерде жұмыс істеу дағдылары;
Графикалық және мәтіндік редакторлар;
Алгоритмдеу және оның атқарушылары.
Сонымен, пәннің мазмұны оқушыларды ақпараттық қоғамда өмір сүре білуге жан-жақты дайындап, олардың өздігінен үйрену әрекеттерін және ізденімпаздық – танымдық мүмкіндіктерін қалыптастыруға бағытталған.
«Ақпараттық мәдениет негіздері» пәнін оқыту бастауыш мектеп балаларын біртұтас ақпараттық-білім ортасына тиімді әрі үйлесімді бейімделуге дайындайды.
Пәннің әрбір сыныпқа арналған курсы оның алға қойған талаптарын қанағаттандыра алатын тақырытарға бөлінген. Әрбір оқу жылы басындағы алғашқы сабақтар компьютер сыныбындағы тәтіп сақтау ережелері мен техника қауіпсіздігін қайталаудан басталады. Соынмен бірге курстың әрбір тақырыбы оқушылардың дүниетанымдық және технологиялық салалар бойынша білімдерін тереңдетіп отырады. «Ақпарат», «ақпараттық процестер» сияқты ұғымдарды оқып-үйрену кезінде қоршаған әлем туралы білім талап етіліп, балалардың абстрактілі түрде ойлай білу қабілеті мен логикалық тұжырымдар жасай білу қасиеттері жетілдіреді.
Курс соңында оқушы бағдарламада көрсетілген әрбір тақырыпқа сәйкес белгілі бір білім қорына, біліктілікке ие болады. Жекелеген тақырыптар бойынша қызықты тапсырмалар мен сұрақтар, компьютерде орындалатын практикалық жұмыстар қарастырылған.
Пәннің кейбір тақырыптары оқушылардың басқа пәндерден алған білімдерін пайдалануды қажет етеді. Солар арқылы пәнаралық байланыс жүзеге асырылып, оқу процесіндегі жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде пәндер сабақтастығы қамтамасыз етіледі.
Бұл пән 1-4 сыныптарда аптасына 1 сағаттан жүргізіліп, барлығы 136 сағатты қамтиды.
Осы бағдарламасын құрастыру барысында әрбір сынып оқушыларының жас ерекшеліктері мен олардың жалпы білім қорының қалыптасу деңгейі ескерілген.
«Ақпараттық мәдениет негіздері» пәнінің мазмұны
Компьютер сыныбында тәртіп сақтау ережелері және техника қауіпсіздігі.
Ақпарат және оның түрлері. Ақпарат қасиеттері. Ақпарат көзі және қабылдаушы. Ақпарат алмасу және ақпаратты алу арналары. Ақпаратты сақтау. Ақпараттармен жұмыс жасау әрекеттері. Ақпаратты кодтау. Хабарламаның ақпараттық көлемі. Екілік код. Ақпараттық модельдер. Графикалық ақпаратты өңдеу (графикалық редактор).
Компьютермен алғаш танысу. Компьютер құрамы. Тышқанмен және пернетақтамен жұмыс. Пернетақталық жаттығу. Компьютер жады. Компьютерлік желілер. Ақпараттық қауіпсіздік.
Нысан оның қасиеттері. Тізбектер. Тізбектегі әрекеттер реттілігі. Жиын және оны топтау. Жиындарды салыстыру. Ішкі жиын. Тұжырым (айтылым). Ақиқат, жалған және терістеу. Бұтақ. Графтар. Комбинаторика. Координаттық жазықтық.
Алгоритм және оның түрлері. Сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер. Атқарушылар: Қара жәшік, Робот, Қайық, Суқұйғыш. Шегіртке, Тотан, Өткел. Атқарушылардың командалар жүйесі.
Оқушылардың білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар
Нені білуі тиіс:
Компьютер сыныбындағы тәртіп сақтау ережелері мен техника қауіпсіздігін;
Көздің шаршағандығын қалпына келтіретін негізгі жаттығуларды;
Компьютердің негізгі құрылғыларының қызметін;
Пернетақта мен «тышқан» қолтетігінің атқаратын қызметін;
Нысан ұғымының мағынасын және оның қасиеттерін;
Ақпарат және оның түрлері туралы түсініктерді,
Ақпарат қасиеттерін;
Ақпарат көзі мен оны қабылдаушы туралы мағлұматтарды;
Ақпаратты кодтау туралы мағлұматты;
Тізбекетің мағынасы мен мәнін және онымен жасалатын әрекеттер реттілігін;
«жиындар» ұғымын;
Логика алгебрасының кейбір түсініктерін – тұжырым (айтылым), ақиқат, жалған және терістеу ұғымдарын;
«модельдер» ұғымын;
Графикалық және ақпараттық модельдер түсінігін;
Алгоритм және оның түрлері;
«атқарушы», «орта» және «атқарушының командалар жүйесі» ұғымдарын;
Графикалық редактордың мүмкіндіктерін.
Нені үйрену тиіс:
Компьютер сыныбындағы тәртіп сақтау ережелері мен техника қауіпсіздігін сақтай білуді;
Көздің шаршағандығын қалпына келтіретін жаттығуларды орындай білуді;
Компьютердің негізгі құрылғыларының қызметін орынды пайдалана білуді;
Қарапайым мәтіндерді теруде пернетақтаны пайдалана білуді;
«тышқан» қолтетігін пайдалана білуді;
Нысандарға мысалдар келтіре білуді және олардың қасиеттерін (түсін, пішінін, құрамын, ұқсас және қарама-қарсы белгілерін) анықтай білуді;
Нысан қасиеттерін орынды пайдалана білуді;
Ақпарат түрлерін ажырата білуді;
Ақпарат көзі мен қабылдаушысын ажыратып, мысал келтіруді;
Кодтар кестесі көмегімен ақпараттарды кодтай білуді;
Тізбектерге мысалдар келтіре білуді,
Көрсетілген белгілері бойынша нысан жиындарын ерекшелей білуді;
Ақиқат және жалған тұжырымдарды құра білуді;
Графикалық және ақпараттық модельдерді анықтай білуді;
Сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдерді орындай білуді;
Атқарушының командалар жүйесі көмегімен берілген атқарушының алгоритмін құра білуді;
Графикалық редактор құралдарын орынды пайдалана білуді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Горячев А.В. «Информатика в играх и задачах». МЭСИ, 2000
Балапанов Е., Бөрібаев Б., Дәулетқұлов А. «Жаңа информациялық технологиялар: информатикадан 30 сабақ»-Алматы: ЖТИ, 2004, 436 б.
Балафанов Е., Бөрібаев Б.Б., Есжанов А.Е., Мамырбек Ғ. «Иформатика терминдерінің түсіндірме сөздігі», - Алматы : ЖТИ, 2004, 77 б.
Ермеков Н.Т., Стифутина Н.Ф. «Информатика - 7», - Алматы: Атамұра, 2003.
Ермеков Н.Т., Стифутина Н.Ф. «Информатика - 7», - Алматы: Атамұра, 2004.
Макарова Н.В. «Информатика». – Санкт-Петербург, 2000.
Семенов А.Л., Рудченко Т.А., Щеглова О.В. «Информатика»-ИНТО, 2000.
“Ақпараттық мәдениет негіздері.”
4- сынып, аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат.
№ Сабақ тақырыбы Сағат саны Өтетін күні
1 Компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережелерi. Қайталау 1 03.09.14
2 Жиындар 1 10.09.14
3 Жиындар 1 17.09.14
4 Ақпараттық модельдер 1 24.09.14
5 Түрлi әрекеттер 1 01.10.14
6 Керi әрекеттер 1 08.10.14
7 Тiзбектер 1 15.10.14
8 №1 бақылау жұмысы 1 22.10.14
9 Алгоритмдер1 29.10.14
10 Алгоритмдер 1 12.11.14
11 Сызықтық алгоритмдер 1 19.11.14
12 Сызықтық алгоритмдер 26.11.14
13 Тармақталу алгоритмi 1 03.12.14
14 Тармақталу алгоритмi 1 10.12.14
15 Тармақталу алгоритмi 1 17.12.14
16 №2 бақылау жұмысы 1 24.12.14
17 Циклдiк алгоритм 1 14.01.15
18 Циклдiк алгоритм 1 21.01.15
19 Циклдiк алгоритм 1 28.01.15
20 Циклдiк алгоритм 1 04.02.15
21 Циклдiк алгоритм 1 11.02.15
22 Алгоритм атқарушы – “Қара жәшiк” 1 18.02.15
23 Алгоритм атқарушы – “Робот” 1 25.02.15
24 Алгоритм атқарушылар. Қайық. Құйғыш. 1 04.03.15
25 №3 бақылау жұмысы 1 11.03.15
26 Алгоритм атқарушы – “Суқұйғыш” 1 18.03.15
27 Алгоритм атқарушы – “Суқұйғыш” 1 01.04.15
28 Алгоритм атқарушы - “Шегiртке” 1 08.04.15
29 Ертегiлер әлемiнде. Алгоритм атқарушы – “Тотан” 1 15.04.15
30 Алгоритм атқарушылар - “Өткел”және “Робот” 1 22.04.15
31 Ақпараттық қауiпсiздiк 1 29.04.15
32 Компьютерлiк желiлер 1 06.05.15
33 №4 бақылау жұмысы 1 13.05.15
34 Қайталау 1 20.05.15