9 сынып?а арнал?ан «Абайтану» факультативтік курсыны? ба?дарламасы.
Ақмола облысы
Бурабай ауданы
Бурабай кенті
С.Сейфуллин атындағы орта мектебі
Факультативтік курс бағдарламасы.
«Абайтану»
Жалпы білім беретін
мектептің 9-сыныбына арналған.
2015 жыл
Бурабай кенті
5129530-810895
Факультативтік курс бағдарламасы.
«Абайтану»
Авторы: Серікбай. А.
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Қолданылған әдебиеттер
Абай. Энциклопедия. Ред. басқарған Р.Нұрғалиев. – Алматы: Атамұра, 1995. – 720 б.
Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі. –Алматы: ҚМКӘБ, 1960. - 364 б.
Мұхамедханұлы Қ. Абайдың ақын шәкірттері. –Алматы: Дәуір, 1993. -224 б.
Мұхамедханов Қ. Абай мұрагерлері. –Алматы: Атамұра, 1995. - 208 б.
Әуезов М. Абай Құнанбаев. – Алматы: Санат, 1995.
Әуезов М. Абайтану дәрістерінің дерек көздері. – Алматы: Санат, 1997.
Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы 20 т. – Алматы: Жазушы, 1985.
Мырзахметұлы М. Абай және Шығыс. – Алматы: Қазақстан, 1994.
Бекітемін: Мектептің әдістемелік Келісілген:
Мектеп кеңесінде қаралды: АББ басшысы:
директоры: Оқу ісінің меңгерушісі: Оразов Е.Ж. Қасымова У.У. Қасымова У.У. _______ _________ _____________ Хаттама №___ «___»______2015 ж «___»______2015 ж «___»______2015 ж
Факультативтік курс
бағдарламасы.
«Абайтану»
9-сыныпқа арналған.
Түсінік хат
Қазақ жері қаншалықты ұланғайыр кең болса, сол байтақ даламызда сөзімен өрнек өрген, әр сөзін орамды, қиыннан қиыстыра білген ақын-жазушыларымыз қаншама. Осы орайда қазақтың сөз өнерінен ойып орын алатын ақынымыз – Абай Құнанбайұлы.
Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Осы орайда жалпы білім беретін мектептерде «Абайтану» курсын өткізу міндетті болып табылады.
«Абайтану» курсында Абай мұрасын жан-жақты әрі терең танытуға мүмкіндіктер жасай отырып, оқушылардың ғылыми танымын қалыптастыруды басты нысана етіп алып отыру керек.
Жалпы білім беретін мектептердің 9-сыныбына арналған «Абайтану» курсының жылдық оқу бағдарламасына 34 сағат бөлінген. Осы уақыт аралығында «Абайтану» курсы оқушылардың таным-түсініктерін кеңейтіп, болашақ өмірінің кетігін қалауға септігін тигізетіні сөзсіз.
Ескертулер
Ескертулер
Курстың мақсаты:
Абай Құнанбайұлының шығармалары арқылы ұлттық идеологияны бойына сіңірген, халқымыздың әдебиетін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, терең ойлайтын тұлға қалыптастыру.
Курстың негізгі талаптары:
- Абай Құнанбайұлының шығармашылығының зерттелу жайына тоқталып, абайтану ғылымының тарихынан мәліметтер беру;
- Ұлы ақынның ғұмырнамасына байланысты тың деректерге иек сүйеп, ақынның жазба әдебиеттің көшбасшы ретіндегі орынын айқындау;
- Абайдың қазақ поэзиясына әкелген жаңалығын айтып, өлең өрнектерін дамытудағы рөліне тоқталу;
- Ғұлама ойшылдың философиялық нақыл сөздерінің мән – мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымы жайында сөз ету;
- Ақынның аудармадағы еңбегіне тоқталу, басқа ел шығармаларын қазақ тіліне аударудағы шеберлігін айқындау.
№ Тақырыбы Сағат Мерзімі
1 Кіріспе. Абайтанудың өзектілігі 1 І тарау. «Мен бір жұмбақ адаммын,
оны да ойла» 3 2 Кемел ақын, кемеңгер ойшыл 1 3 Ақынның халық даналығын тануы 1 4 Абай шығармашылығындағы шығыстық сарындар 1 ІІ тарау. Абай және әлем әдебиеті 6 5 Абай және орыс әдебиеті 1 6 Абай және Пушкин 1 7 Абай аудармасындағы Онегиннің сипат 1 8 Абай және батыс әдебиеті 1 9 «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңі 1 10 Абай мұрасының орыс және басқа тілдерде танылуы 1 ІІІ тарау. Абайтанушы ғалымдар 3 11 Абай мұрасын зерттеушілер 1 12 Қ.Мұхамедхановтың абайтану ғылымына қосқан үлесі 1 13 М.Әуезовтің абайтануға қатысты зерттеу еңбектері 1 14 Шығармашылық жұмыс 1 IV тарау. «Мен жазбаймын өлеңді
ермек үшін» 5 15 Абай өлеңдерінің тақырыбы мен тәрбиелік мәні 1 16 Абайдың жастарды білім, ғылымға жетелейтін өлеңдері 1 17 «Ғылымға көңіл бөлсеңіз» өлеңі 1 18 «Ғылым таппай мақтанба», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңдері 1 19 Жас шәкірттерге ақынның аманаты. «Интернатта оқып жүр» өлеңі 1 V тарау. Даналық сөзден дән ізде 6 20 Абай қарасөздерінің тақырыбы мен идеясы 1 21 Абай қарасөзіндегі білім, ғылым тақырыбы. «Сегізінші» қарасөзі 1 22 «Он жетінші» қарасөзі 1 23 Абай қарасөздеріндегі тәлім-тәрбие мәселесі.«Екінші» қарасөзі 1 24 «Оныншы» қарасөзі 1 25 Абай қарасөзіндегі өмір мәні туралы философиялық таным. «Отызыншы» қарасөзі 1 VІ тарау. «Құлақтан кіріп бойды алар» 4 26 Абайдың ән мен күй туралы пікірі 1 27 Абай әндерінің таралуы 1 28 «Сегіз аяқ» ән-өлеңіндегіАбайдың көркемдік-эстетикалық ерекшелігі 1 29 «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, қаламқас» әндері 1 VІІ тарау. Абай поэмалары 3 30 Абай поэмалары туралы жалпы түсінік 1 31 «Ескендір» поэмасының сюжеті мен композициясы 1 32 «Ескендір» поэмасындағы образдар жүйесі 1 33 Шығармашылық жұмыс 1 34 Қорытынды 1 Барлығы: 34