Ахмет Байт?рсын?лы ?гіз бен ба?а та?ырыбына ашы? саба?ы
Ахмет Байтұрсынұлы – 20 ғасырдың басында қазақ елінің егемендігі жолына аянбай тер төккен Алаш азаматы, мемлекет қайраткері. Қазақ ғылымы мен білімінің қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ағартушы, ғалым. Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек елді мекенінде дүниеге келген.Ахмет Байтұрсынұлының күреске толы ғұмыры қазақ халқының мүддесіне арналған. Ол – халық ағарту ісіне ерен еңбек еткен тұлға. Халық санасын ояту мақсатында жан-жақты ізденіп, өлең, жыр жазған, оқу құралдарын жасаған, фольклор нұсқаларын жинап, аудармамен шұғылданған.Ахмет Байтұрсынұлының алғашқы кітабы – «Қырық мысал» (1909) деп аталған. «Қырық мысалда» автор Ресей отаршыларының зорлық-зомбылығын, қазақ халқының сол тұстағы ауыр халін жұмбақтап, тұспалдап мысалмен жеткізген. Ахмет Байтұрсынұлы көлемі шағын, идеясы ұғынықты, тілі өткір мысал жанрын ала отырып, саяси-әлеуметтік, танымды-тәрбиелік, ағартушылық мәселелерді көтеру арқылы халық санасын оятуға зор ықпал еткен.Ахмет Байтұрсынұлы. «Өгіз бен бақа» мысал өлеңіМысал көбіне өлең түрінде жазылатын сюжетті шағын жанр. Мысалда мінез-құлық, қасиеттер ажуа етіліп,, астарлы сынға алынады, дидактикалық өсиет айтылады. Мысал жанрында қолданылатын көркем тәсілдің бастысы аллегория (пернелеу). Мысалдың құрылысы әдетте екі бөліктен құралады: бейнелі әңгіме, оқиға-сурет және дидактикалық өсиет. Ахмет Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа» мысалын 36 жол өлең түрінде И.Крыловтан аударған. Қазақ әдебиетінде алғаш мысал жанрында жазған Абай «Өгіз бен бақаны» 40 жол өлең түрінде аударған. Екі аударманың да тықырыптық, идеялық мазмұны жақын. Автор «Өгіз бен бақа» мысал өлеңінде адам бойындағы көрсеқызарлық, күншілдік сынға алынады. Мысалда күншіл бақаның әрекеті екінші кейіпкер (жолдасының) тарапынан да сынға алынады. Өлеңнің жеті шумағында көл басындағы өгізді күндеген бақаның іс-әркетін оқиға желісінде өрбітіп, соңғы екі шумақта автор оқырманына қорытынды ғибраттық ой түйеді.