Урок Махамбет ?теміс?лы Тарланым
Сабақтың тақырыбы: М.Өтемісұлы «Тарланым»
Сабақтың мақсаты:
Б: М.Өтемісұлының өмірінен мәлімет бере отырып, өлеңнің негізгі идеясын
ашу;
Д:Мәнерлеп оқу, мазмұндау,өлең құрылысын ерекшелігін жете талдай білу
дағдысын дамыту;
Т:Ақын шығармаларын оқи отырып,Отанынсүюге,еңбексүйгіштікке,
ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі:дәстүрлі
Сабақтың әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап,талдау
Сабақтың көрнекілігі: М.Өтемісұлы портреті,сызба,кесте
Пәнаралық байланыс:тарих
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Үй тапсырмасын сұрап,бағалау.
3.Сабақтың мақсатымен таныстыру.
4.Жаңа сабақты түсіндіру:
М.Өтемісұлы 1804 жылы Орал облысы Нарындағы Бекетай құмында туған. Арабша,орысша хат таныған. Жасында Жәңгірханның ордасында жүрген. Ақын жас кезінен-ақ хан сарайындағы әділетсіздікке қарсы болып,халықтың ауыр мұңы,тұрмысын жан жүрегімен түсіне білген. Махамбет ел ісіне ерте араласқан ,керекті кезінде ел басын қосуға шебер, ұйымдастырғыш,қабілеті мейлінше күшті,жалынды ақын.
«Тарланым» өлеңінде ауыз әдебиетінің үлгісі бар. Әсіресе жоқтау сарыны айқын көрінеді.
Өлеңдері: «Мінкен ер», «Тайманның ұлы-Исатай», «Исатай сөзі», «Исатай деген ағам бар», «Ей,Махамбет жолдасым», «Қызғыш құс» т.б
Слайд көрсету
Оқулықпен жұмыс.
Кітаптан өлеңді мәнерлеп,нақышына келтіре оқып береді.
Сөздікпен жұмыс
Кермиық,кербез-паң,сұлу.
Шандоз-асыл,ардақты
Жебе-садақ оғы
Сусар-аң
5.Жаңа сабақты бекіту
1.Ақынның арманын,өкінішін қай жолдардан байқауға болады?
2.Исатайдың сырт бейнесі, жан дүниесі,ақылдылығы,ержүрек батырлығы қандай жолдар,сөздер арқылы берілген?
6.Сабақты қорытындылауҮйге тапсырма:М.Өтемісұлының «Тарланым» өлеңін оқып келу.
Бағалау: