Психологиялы? тренингМені? отбасым -сыйласты? жарас?ан ортам.


1Ә класының ата-аналарымен жүргізілген психологиялық тренингі.
Тақырыбы:«Менің отбасым - сыйластық, жарастық орнаған ортам»
Мақсаты: Ата - ананың бала тәрбиесіндегі қарым - қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата - аналардың білімдерін көтеруге көмектесу.
Барысы:
Мұғалім: Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар, оқушылар және әріптестер. Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану. Олай болса, бүгінгі тренингімізді бастамастан бұрын өздерімізді таныстырып өтейік.Қатысушы ата-аналар өздерін таныстырып өтеді.
Отбасы - Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.
Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі әке - шешесінің қасында өтеді екен. Ал сіздердің ата - ана, өміріңізде үш рет мектепке баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет – өзіңіз, екінші рет – балаңыз, ал үшінші рет – немереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі сабағымызға қатысып отырған ата - аналарға әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп мектепке келе беріңіздер демекпіз! 1ә класс қыздарының орындауында «Қазақ биі»
І. Жаттығу. Есімдер аллитерациясы
Мақсаты: Тренингке қатысып отырған ата - аналар мен оқушыларды таныстыру.
Ата - аналарға қойылатын сұрақтар:
- Есіміңіз кім?
- Қандай мағына береді?
Оқушыларға қойылатын сұрақтар:
- Есімің кім?
- Өз атыңыздың алғашқы әріпінен басталатын бойыңыздағы жақсы қасиетті атап өту.
Мұғалім ата - аналарға арнап сұрақ қояды.
Сұрақ: - Сіз қаншалықты өз балаңызды толық қанды, жақсы білесіз?
Ата - аналардың жауаптары тыңдалады.
Мұғалім: Олай болса, біз балаларымызды қаншалықты жақсы білетінімізді іс жүзінде тексеріп көрейік.
ІІ. Жаттығу. «Өз балаңызды жақсы білесіз бе?» Әр ата-анаға 1сұрақтан қойылады.
Мақсаты: Ата - анамен баланың ортасындағы қарым - қатынасты анықтау.
1. Балаңыздың жақсы көретін түсі қандай?
2. Қандай тағамды сүйсініп жейді?
3. Балаңыздың атын еркелеткенде қалай атайсыз?
4. Балаңыздың ең жақын досының есімі кім?
5. Сүйіп оқитын пәні?
6. Балаңыз мектепте нешінші кабинетте оқиды?
Нұсқау: Берілген сұрақтарға ата - ана да, бала да бірдей жауап жазып отырады. Соңында жазылған жауаптарды өзара сәйкестендіру. Дұрыс сәйкес келген жауапқа бір ұпайдан беріліп отырады.
Қорытынды: Көп ұпай жинап алға шыққан ата - аналарды мадақтау. Ал, аз ұпай жинаған ата - аналарға болашақта балаларымен тығыз байланыста болу керек екеніне ұсыныс беру.
Ән «Қос бәйтерек» орындайтын Назарали мен Аяла.
ІІІ. Жаттығу. Шығармашылық жұмыс «Отбасылық құндылық ағашы»
Нұсқау: Үлкен ағаштың суретін салу керек. Бұл сіздің отбасылық құндылық ағашыңыз. Бірнеше берілген отбасылық құндылықтарды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру. Тамыры сіздің ең негізгі отбасылық құндылық болып есептеледі, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, бұтақтарына отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек. Берілген уақыт 7 - 10 минут.
1. Мықты денсаулық
2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік3. Ауызбіршілік4. Ортақ қызығушылық
5. Бір - біріңіздің жұмысына араласпау6. Қамқорлық
7. Тәртіп8. Бос уақытыңызды бірге өткізу
9. Сенімділік10. Ата - ананың сөзі заң
11. Ата - ана отбасының үлгісі
12. Әлеуметтік жағдай
13. Отбасылық қарым - қатынас
14. Махаббат15. Мейірімділік16. Шынайылық
17. Сырт көзге үлгі болу
18. Береке
19. Үлкенге - ізет, кішіге - құрмет
20. Көп бала
Соңында үлкен бәйтерек ағашы шығу керек. Шыққан суретті қорғап шығамыз.
ІV. Жаттығу. Ата - ананың балаға қаншалықты көңіл бөлуін анықтайтын әдістеме
р/с Сұрақтар ---------------------------------------------------ия -------жоқ------кейде
1. Мен балама өз балалық шағымды айтып отырамын
2. Баларыммен сирек ойнаймын
3. Менің балам әрдайым маған өз сырын айтуға дайын
4. Басына түскен қиындықтарымен менімен бөлісетіне сенімдімін
5. Мен ойлаймын, кез - келген баланың ісіне үлкен мән беру керек себебі, оның барлығы ұйымшылдыққа тәрбиелейді
6. Айына екі рет баламмен бірге қыдырамын
7. Егер менің балам үй тапсырмасын орындауға көмек сұраса, мен көмектесуге әрдайым дайынмын
8. Баламның қандай оқулықтарды сүйіп оқитынын жақсы білемін
9. «3» немесе «2» баға алса, міндетті түрде жазалаймын
10. Баламды мақтау үшін әрдайым сылтау іздеймін
11. Бірге сырласып, әңгімелескенді жақсы көреміз
12. Кейде мен уақытымды, тек балаға ұрысуға ғана жұмсайтын сияқтымын
13. Әрқашан баламның басынан сипап, құшақтаймын
14. Менің дауыс ырғағым тек бұйырып, қатаң сөйлеу
15. Балаларыммен бірге үйге берілген тапсырмаларды орындауым керек, себебі, олар өз еріктерімен орындамайды
16. Баламның қандай арманы бар екенін жақсы білемін
17. Басқа біреудің балаларын немесе өзімді өнеге тұтамын
18. Балам ашуланып бір нәрсе бүлдірсе, міндетті түрде жазалаймын
19. Оқыған кітаптарды немесе көрген киноны бірге талқылаймыз .
20. Үйдегі келеңсіз жағдайларды балаларыма айтып отырамын
21. Мен ауырғанда немесе шаршағанда балам оны сезеді және көмектеседі
22. Менімен бірге жие болғанды жақсы көретінін әрқашан айтып жүреді
23. Баламмен сөйлескенді өте жақсы көремін
Қорытынды: әр түстерді жеке - жеке санап, әр түске бір ұпайдан беріледі. Әр түстің өз ұпайларын санаймыз.
иә:
А) 0 - 5 ұпай аралығында - балаңызға сіздің көңіл бөлуіңіз жетіспейді. Әрдайым жұмыстан қолыңыз тимейді бірақ, бала сіздің көңіл бөлуіңізді күтеді. Балаға көп көңілдің саны емес, сапасы маңызды. Жұмыстан кейін тамақ әзірлеудің үстінде немесе ыдыс жуып тұрып балаңызбен сөйлесіңіз.
Б) 5 - 10 ұпай аралығында - балаңызға көп көңіл бөлінбейді. Тек тамақтандырып, киіндіріп және күнделікті қарау, ол көңіл бөлінген болып есептелмейді. Балаңыздың ішкі жан - дүниесіне көбірек көңіл бөлгеніңіз жөн.
В) 10 - 15 ұпай аралығында - балаңызға көп көңіл бөлесіз. Балаңыз сізге әбден сенеді және арқа түзейді. Барлық қиындықтарда сіздің алып шығатынына үлкен сеніммен қарайды. Болашақта жеке тұлға ретінде жақсы азамат болып өсуіне кепілдік береді.
жоқ:
А) 1 - 4 ұпай аралығында - сіздің балаңызға көп көңіл бөлінеді. Мүмкін ол көп те шығар. Ойланыңыз, балаңыздың бос уақыты жеткілікті ме? Мүмкін оның келеңсіз жағдайларын сіз шешетін шығарсыз? Осылай қалыптаса берсе, баланың жеке тұлға болып өсуі тоқтатылады, балаңыз кейбір жағдайларды өзі шеше алмай, өзіне деген сенімін жоғалтып, сізге тәуелді болып қалуы мүмкін.
Б) 5 - 9 ұпай аралығында – мүмкін сіз жасыл шаршылардан да осындай ұпай жинаған шығарсыз, ол балаңыздың сізден өзіне деген көңіл бөлетінін күтеді. Балаға күнделікті үйдегі жағдайларда көбірек көңіл бөліп, оның өзіндік пікірлерін тыңдап, ақылдаса біліңіз.
В) 9 - 13 ұпай аралығында - сіздің көңіл бөлуіңіз балаға өте қажет. Егер де сіз жұмыстан қолыңыз тимесе, күнделікті әр бос минутыңызды балаға арнауға тырысыңыз. Уақытында балаңызды мақтауды, басынан сипауды ұмытпағаныңыз жөн. Уақыт өте келе сіздің балаңызбен тіл табысуға қиындық туғызуы мүмкін.
кейде:
А) 0 - 2 ұпай аралығында - сіздің отбасында барлық жағдайлар жақсы: балаға жеткілікті көңіл бөлінеді. Баланың өзіне - өзі бағалауы дұрыс қалыптасқан.
Б) 2 - 4 ұпай аралығында - сіз балаға өте қатал қарайсыз немесе сіз балаға көп көңіл бөлмейсіз. Сондықтан, ол сізді өзіне қарату үшін әр түрлі жағымсыз істер жасауы мүмкін. Кез - келген нәрселерге ұрса бермеңіз. Баланы көбірек қолпаштап, келесіде барлығы жақсы болатынына сендіріңіз.
В) 4 - 8 ұпай аралығында – Балаға үнемі ұрсып, ақыл айтқандықтан балада да тәрбие саласы бойынша дәл осындай пікір қалыптасқан. Сондықтан бала әрдайым сізді ашуландырып, айқайлауыңызды күтіп тұрады. Өзіңізді өзгертуге тырысыңыз, Ешқандай себеп болмаса да, баланы көбірек мадақтауға, басынан сипап жай сөйлесіп үйреніңіз. Дәл осылай қалыптаса берсе, күнделікті үйдегі айқай - шу азайып, балаңыздың сабағы да жақсарып, ара - қатынасыңыз дұрысталғандығыңызға көзіңіз жетеді. Жай сөйлесіп, түсіндірудің сізге де, балаға да жақсы қасиет екенін ұмытпағаныңыз жөн.
V. Жаттығу. Медитация. «Өз жұлдызыңызды табыңыз» Әдемі әуен ойнап тұрады.
Нұсқау: Жұлдызды түнді елестетіңіз. Жұлдыздар үлкен және кіші, жарық және күңгірт. Біреу үшін бұл біреу немесе бірнеше жұлдыздар, ал біреулер үшін сансыз көп, жарық шашып бірде алыстап, бірде қол созым жерде жақын орналасқан. Жұлдыздарға мұқият қарап, ең керемет жұлдызды таңдаңыз. Мүмкін, бұл балалық кездегі сіздің арманыңызға ұқсас шығар, мүмкін, ол сіздің бақытты сәби кездеріңізді еске түсірген шығар. Тағы да ол жұлдызыңызға сүйсініп, соған жетуге тырысыңыз. Бар күшіңізді салыңыз. Сіз міндетті түрде сол жұлдызға жетесіз. Аспаннан алып оны алдыңызға қойыңыз.
а) ата - ана алдарында жатқан жұлдыздардан өзіне біреуін таңдап аладыә) жұлдыздарға болашақта балаңызды қандай адам ретінде елестететінін жазады.
б) тақтаға іледі.
Мұғалім: Осы сабақтың алдында біз балалармен бірге «Отбасындағы қарым - қатынас» тақырыбында тренинг сабақ өткізген едік. Сол сабақта «Бала сіздерден не күтеді және сізге деген көзқарасы қандай?» сұрақтарына жауап алған едік. Өз балаларыңыздың жүрегін алып, оқысаңыз болады.
VІ. Қорытындылау. «Өз орталарында лидерді анықтау.»
Мұғалімнің қорытынды сөзі
Ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар және оқушылар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.
Ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық - қатыгездікке, жомарттық - тоғышарлыққа, адалдық - арамдыққа, парасаттылық - парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр.
Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл - қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет. Бала тәрбиесінде шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуыңызды бере біліңіздер! Сіздің өсірген балаларыңыз сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлей берсін! – дей отырып, біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!
Өткізген: Кубашева С.К