Кесте. Кестені ??ру. Кестені редакциялау. Кестеге м?ліметтерді енгізу ж?не пішімдеу. Практикалы? ж?мыс
Барбол Тоқтықожаұлы атындағы орта мектебі
Кесте, кестені құру. Кестені редакциялау.
Кестеге мәліметтер енгізу және пішімдеу.
(панорамалық сабақ)
Пәні: информатика
Сыныбы: 6
Пән мұғалімі: Шукирбаева Талшын
Аққұм ауылы
2016 жыл
Сабақтың тақырыбы: Кесте, кестені құру. Кестені редакциялау.
Кестеге мәліметтер енгізу және пішімдеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға кестелермен және мәтіндік процессор құралдары арқылы оларды құрудың жолдарымен таныстыру;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, әр оқушының үш деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындауына жағдай жасау арқылы оның қабілетіне сәйкес жеке құзырлылығын дамыту.Тәрбиелік: Оқушыларды техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға, берілген тапсырманы уақытында орындауға, жылдамдыққа, жүйелікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: панорамалық сабақ
Әдіс-тәсілдері: практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: дербес компьютер, таратпа, деңгейлік тапсырмалар, слайд
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. Оқушыларға жасырын хат тарату арқылы топтарға бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Үй тапсырмасын өтілген тақырыптардан себетке жеміс жинау арқылы сұрақтарға жауап беру, терезе элементтерін толтыру.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Бағанға сандарды түзу және әдемі етіп қою, түрлі мәліметтерді орналастыру, нысандар мен басқа да элементтерді кірістіру үшін кесте қолданылады. Кесте - бұл бағандар мен жолдардың қиылысы. Кестенің бағаны мен жолдарының қиылысуын ұяшық деп атайды. Ұяшықтар бірігіп кестені құрайды. Ұяшықтағы мәтін кәдімгі құжаттың абзацтары сияқты енгізіледі.
Кестені құру үшін келесі әрекеттерді түрлі тәсілдермен орындаймыз.
Бірінші тәсіл:
Лентаның Кірістіру қосымша бітіндегі Кесте тобынан (60 сурет) Кесте тізімін ашу.
Кестені кірістіру (Вставка таблицы) тізімінен Кестені кірістіру бөлімін таңдау.
Кестені кірістіру терезесінде кесте жолының қатары мен бағанының санын көрсету.
Ок батырмасын басу.
Екінші тәсіл:
Лентаның Кірістіру қосымша бетіндегі Кесте тобынан Кесте тізімін ашу
Кестені кірістіу тізімінен керекті жол мен бағандардыерекшелеу (кестенің ең үлкен өлшемі -10*8).
Кестені редакциялау, кестеге мәліметтерді енгізу және пішімдеу.
Microsoft Word командалары көмегімен кестені әртүрлі етіп әдемілеуге болады. Кестені құрғаннан кейін немесе жанама меню көмегімен кестенің бөліктерін бөліп алған соң шығатын Конструктор және макеттің қосымша беттері қолданылады (61-сурет).
Конструктор қосымша бетінің көмегімен кестені қарындашты пайдалану ардылы сызуға және кетіргішті пайдалану арқылы өшіруге болады. Сонымен қатар түстерін де өзгертуге де болады.
IV. Сабақты бекіту
Тест тапсырмасы
Кестелер құрғаннан кейін мәтіндік редактор жолаққа кестелермен жұмыс істейтін қандай екі бөлімді қосады?
А) Конструктор және макет
В) Кірістіру және сілтемелер
С) Қою және түр
Д) Бет параметрлері және файл
2) Таңдалған ұяшықтың енін ұлғайтудың немесе кішірейтудің неше тәсілі бар?
А)1 В)2 С)3 Д)4
3)Кестенің іргелес бағандарын ерекшелеу үшін қандай пернені ұстап тұру керек?
А)Shift В)Ctrl С)Alt Д)Fn 4)Кестенің іргелес емес бағандарын ерекшелеу үшін қандай пернені ұстап тұру керек?
А)Shift В)Ctrl С)Alt Д)Fn 5) Кестені тұтастай бет бойынша жылжыту үшін не істейміз?
А) Меңзерді кестенің соңғы ұяшығына апарып созады
В)Кестені жылжыта алмаймыз
С) Кресті бар шаршыны меңзермен ұстап алып, экранның керекті жеріне апарып қояды
Д)Кестенің сол жақ төменгі жағындағы бос шаршы арқылы
ЖАУАБЫ:
А
В
А
В
С
V. Сергіту сәті («Қара жорға» биі)
VI. Практикалық тапсырма.
А деңгейінің тапсырмасы
Төмендегі суреттегідей «Кітапханадағы мәліметтер қоры» атты кесте құр:
№ Кітаптың атауы Баспасы Шыққан жылы Бағасы Таралымы
1 Информатика Атамұра 2010 350 5
2 Математика Келешек-2030 2012 550 5
В деңгейінің тапсырмасы
А деңгейінде құрған кестеге «Таралымы» бағанынан кейін «Бет саны» бағанын қос.
Қосылған баған үшін мынадай мәліметтер енгіз: информатика кітабының бет саны -250, математика кітабы үшін – 360.
3-ші жолды қосып, «Қазақ тілі» пәнін жаз.
Қазақ тілі пәні үшін баспасы «Атамұра», шыққан жылы - 2000, бағасы- 500, таралымы -6 дана, бет саны -160.
Кестені деңгей атауымен сақта.
Нәтижесінде:
№ Кітаптың атауы Баспасы Шыққан жылы Бағасы Таралымы Бет саны
1 Информатика Атамұра 2010 350 5 250
2 Математика Келешек-2030 2012 550 5 360
3 Қазақ тілі Атамұра 2000 500 6 160
С деңгейінің тапсырмасы
В деңгейінде құрған кестені ашып, төмендегі кестедегідей қылып өзгерт:
№ Кітаптың атауы Баспасы Шыққан жылы Бағасы Таралымы Бет саны
1 Информатика Атамұра 2010 350 5 250
2 Математика Келешек-2030 2012 550 5 360
3 Қазақ тілі Атамұра 2000 500 6 160
VIIІ. Сабақты қорытындылау
Кесте дегеніміз не?
Ұяшық деп нені атаймыз?
Баған дегенді қалай түсінесің?
Жол дегеніміз не?
Жол кестедегі қандай сызық?
Кестеге мәтінді қалай тігінен жазуға болады?
Кестеге баған қосу үшін қандай әрекеттер орындалады?
Кестеге жолды қалай қосамыз?
Кестедегі артық бағанды қалай жоюға болады?
ІX. Үйге тапсырма беру. §4.12 оқып келу
X. Бағалау. Рефлексия (кері байланыс парағы арқылы)