Саба?ты? та?ырыбы: А?ашты біріктіруді? негізгі т?рлері. 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ағашты біріктірудің негізгі түрлері.
Сабақтың мақсаты: Ағашты біріктірудің негізгі түрлерімен таныстыру.
Ағашты біріктіру жолын түсіндіру, ой-өрісін кеңейту.
Адамгершілікке, еңбекке, қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Ағаштан құрастырылып жасалған бұйымдар.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақ әдісі: Түсіндіру, көрсету.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру, түгендеу.
2.Оқушылардың білімін тексеру.
Мақсат қою: Ағашты біріктірудің негізгі түрлерін таныстырып өтемін.
Жаңа сабақты түсіндіру: Ағаш бөлшектері мен тетіктерді құрастырып бекіту жеке тәсіл түрінде де, кедір бұдырлы, кертікті-тиекті тәсілдерімен желім арқылы құрастырып, бекіту түрінде де қолдана береді. Ағаш бұйымдарды құрастыру кезінде шегелер, жалпы құрылыстық және дербес мақсаттағы материал ретінде пайдаланады. Шегелердің қалпақшалары жалпақ, конус тәрізді, жартылай дөңгелек және белгілі бір пішіныпге келтірілген сәнді болып келеді. Ағаш ұсталығында неғұрлым кеңінен қолданылатыны – ұзындығы 8ден 50мм ге дейін жететін, қалпақшасы жалпақ келетін жалпы құрылыстық мақсаттағы шегелер. Бөлшектерді шегемен құрастырып – бекіту кезінде белгілі ереже талаптары мұқият орындалуы керек. Бөлшектерді құрастырып бекітетін шегелердің орналасуымен олардың жалпы саны бұйымды құрастырып бекітудің мейілінше жоғары тиімділігін қамтамасыз етуі қажет. Ағаш бөлшектің тік кесілген шетіне қағылған шегелер мықты болмайды сондықтан оларды ағаштың жас мөлшерін білдіретін жүзік тәріздес шеңберлерді қиып өтетіндей, яғни тік өтетіндей етіп қағады. Әрқашан есте болатын бір нәрсе ылғал ағашқа қарағанда, кепкен ағаштың қақ айырылып кету қаупі күшті болады. Сондықтан кепкен құрғақ ағаштармен жұмыс істегенде оларды шеге қағылардан бұрын суға батырып, дымқылдандырып алған жөн. Шегелердің ұшы әдетте ромб тәріздес болып келеді.
Түсінігін тексеру:
Ағаш бұймдарды құрастыру кезінде қандай шегелер қолданылады және шегелердің түрлері, қағу жолы.
Сабақты бекіту: Ағашты біріктірудің негізгі түрлерін білү.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: Жазған конспектіні оқып келу.