ТОЛА?АЙ Отбасылы? спортты? сайыс
«Толағай» отбасылар арасында өткізілетін сайыс
«№8 отбасы үлгісіндегі балалар үйі» КММ
Тәрбиеші Алғалиева А.С.
«Толағай»
Мақсаты: Тәрбиешілер мен тәрбиеленушілерге адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Балаларды сұлу да сыбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Қолданылатын материалдар: доптар, секіргіш, қаптар, стакан ,қасық.
Өтетін күні:
Команда құрамы:
3 команда қатысады. Әр командада 1 тәрбиеші, 5 тәрбиеленуші.
Жоспары:
1. Команданың шығуы, өздерін таныстыруы.
2. Әділ-қазылармен таныстыру.
3. Доппен кедергілерден айналып өту.
4. Секіргішпен секіру.
5. Қасықпен су тасу.
6. Қаппен секіру.
7. Математикалық ойын (шардың ішіне есеп жазу)
8. Допты құлатып алмай жүру.
9. Әр топ өз өнерлерін көрсету.
10. Қорытыңды әділ-қазыларға сөз беру.
11. Жеңімпаздарды марапаттау.
Ойынның барысы:
І. Доппен кедергілерден айналып өту.
Өтетін орын, қажетті құралдар: спорт алан, 3 доп.
Ойынға дайындық: Ойынға қатысушы үш топтың алдынан сәре сызығы сызылады. Топ басында капитандар тұрады. Қалған ойыншылар капитанның артында қатарлана тұрады. Команда капитандарына бір-бірден доп беріледі.
Ойынның мазмұны: жетекші белгі бергеннен кейін команданың басында тұрған ойыншы допты еденге соға отырып, кедергілерден айналып келеді. Допты келесі ойыншыға береді. Келесі ойыншы допты қабылдап , ойынды жалғастырады.
1. Ойынды тек белгі берілгеннен кейін ғана бастауға болады.
2. Допты қабылдамай тұрып ойыншыға сызықтан шығуға болмайды.
3. Бірінші болып мәреге жеткен команда жеңіске жетеді.
ІІ. Секіргішпен секіру.
Өтетін орын, қажетті құралдар: спорт алан, 3 секіргіш.
Ойынға дайындық: топ басында капитандар тұрады. Қалған ойыншылар капитанның артында тұрады. Команда капитандарына бір-бірден секіргіш беріледі.
Ойынның мазмұны: жетекші белгі бергеннен кейін команданың басында тұрған ойыншы секіргішпен секіре отырып, кедергілерден айналып келеді, келесі ойыншыға береді. Келесі ойыншы секіргішті қабылдап , ойынды жалғастырады.
Ойын ережелері:
1. Ойынды тек белгі бергеннен кейін ғана бастауға болады.
2. Секіргішті қабылдамай тұрып ойыншыға сызықтан шығуға болмайды.
3. Бірінші болып мәреге жеткен команда жеңіске жетеді.
ІІІ. Қасықпен су тасу.
Өтетін орын, қажетті құралдар: спорт алан, 3 стакан 3шелек 3 қасық.
Ойынға дайындық:Үш команда ойыншыларының алдына сөре сызығы сызылады. Топтың басында тұрған ойыншы дайын тұрады.
Ойынның мазмұны: жетекші белгі бергесін ойыншы шелектен қасықпен су алып стаканға су құяды.
Ойын ережелері:
1. Бұл ойында тек белгі бергеннен кейін ғана бастауға болады.
2. Қасықты қабылдамай тұрып ойыншыға сызықтан шығуға болмайды.
3. Бір ойыншыда бір - ақ мүмкіндік болады.
IV. Қаппен секіру.
Өтетін орын, қажетті құралдар: спорт алан, екі қапшық.
Ойынға дайындық: Екі команда ойыншыларының алдынан сөре сызығы сызылады. Топтың басында тұрған ойыншы қапшықты киіп дайындалып тұрады.
Ойынның мазмұны: Жетекші белгі бергесін қап киген ойыншылар жарысты бастайды. Ойыншы қаппен секіріп барып, қарсы тұрған қабырғаға қолын тигізіп, бастапқы қалыпқа қайтып келеді. Қапшықты келесі ойыншыға шешіп береді. Ойын осылайша жалғаса береді.
Ойын ережелері:
1. Ойын тек белгі берілгеннен кейін ғана басталуы керек.
2. Қаппен секіруші ойыншы міндетті түрде қабырғаға қолын тигізуі керек.
3. Ойыншы секіріп өз орнына келгенше келесі ойыншыға сөре сызығынан шығуға болмайды.
V. Математикалық ойын (шардың ішіне есеп жазу)
Өтетін орын, қажетті құралдар: спорт алан, шарлар және де шар ішіндегі математикалық есептер.
Ойынға дайындық: Екі команда ойыншыларының алдынан сөре сызығы сызылады.
Ойынның мазмұны: Жетекші белгі бергесін ойыншылар жарысты бастайды. Ойыншы қарсы тұрған қабырғаға жүгіріп, ілініп тұрған шар ішінде жасырын тұрған есепті шешу қажет.
Ойын ережелері:
1.Ойын тек белгі берілгеннен кейін ғана басталуы керек.
2. Есепті міндетті түрде шешу қажет, есеп шешілмей келесі ойыншы жалғастыра алмайды.
3. Шарды отырып немесе екі қолмен қысып жару қажет.
VI. Допты құлатып алмай жүру.
Өтетін орын, қажетті құралдар: спорт алан және доптар.
Ойынға дайындық: Үш команда ойыншыларының алдынан сөре сызығы сызылады. Команда ойыншылары шынтақтарымен жұптасып, арқа аралырына доп қойылады.
Ойынның мазмұны: Жетекші белгі бергесін ойыншылар жарысты бастайды. Ойыншылар қарсы тұрған қабырғаға жүгіріп орындықты айналып өтеді, екі ойыншы сөре сызығына жүгіріп келесі екі жұпқа допты береді. Ойын осы сарында жалғаса береді. Жеңімпаз қай команда бірінші сөре сызығына келеді. Сол команда жеңімпаз атанады, бұны әділқазылар алқасы қадағалап отырады.
Ойын ережелері:
1. Ойын тек белгі берілгеннен кейін ғана басталу керек.
2. Ойыншыларға допты құлатып алмау керек.
3. Ойыншылар өз орындарына келгенше келесі ойыншылар сөре сызығынан шығуға болмайды.
ҮІІ. Өз өнерлерін көрсету.
Әр топ өз өнерлерін көрсетеді.
ҮІІІ. Әділ – қазыларға сөз беру.
Әділ-қазылар әр топтың ұпай сандарын айтады.
ІХ. Марапаттау.
Жеңімпаздарды марапаттау.