Спортты? эстафеталы? ойын Тола?ай отбасылы? сайысы
Толағай отбасылық сайысы.
Мақсаты: Оқушылар мен ата - аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру.
Оқушыларды және ата - аналарды сұлу да сыбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің маңызын түсіндіру.
Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: Кегли , шарлар, қаптар, себеттер, доптар ,қайқы таяқтар, обруч, секіргіш, ысқырық т.б.
Барысы:
Мұғалім сөзі: Саламатсыздар ма құрметті ұстаздар,ата аналар және ооқушылар! Бүгінгі сыныптан тыс жұмыс өз класымыздағы ата аналармен біріге өткізгелі отырған отбасылық Толағай сайысымызды көрсеткелі отырмыз. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді, ал сол отбасы мен мектеп ұжымы бірлесе отырып жұмыс жасаса онда бала тәрбиесінде алда болар едік.
Отбасылардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Бүгінгі біздің сайысымызға 3 отбасы қатысады. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс. Меніңше бұл әрбір ата-аналарымыздың қолынан келеді. Біз әр топ отбасыларына сәт сапар тілейміз!
Жарысқа қатысатындарды шақырамыз,
Әр таңды бақытпенен атырамыз.
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң,
Отбасыларымызды шақырамыз.
Байжуменовтар отбасы.
Садыковтар отбасы.
Сұршановтар отбасы.
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызды бағалап, төрелік айтар әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:
Химия пәнінің мұғалімі Ғалия Армияновна
Технология пәнінің мұғалімі Мерхат Тлеуович
Биология пәнінің мұғалімі Жадыра Сагиевна
Спорттық сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.
Сайыстың бағдарламасы 7 турдан тұрады:
1-тур: «Менің отбасым» таныстыру
2-тур: «Эстафета-Баскетбол»
3-тур: «Картоп жинау»
4-тур: «Көлікке мін»
5-тур: «Хоккей ойнай білеміз бе?»
6-тур: «Әкелер сайысы»
7-тур: «Кенгуру сайысы»
Марапаттау
Бекітемін: Келісемін: ӘБ отырысында қаралды
Мектеп директоры: Оқу ісінің меңгерушісі: ӘБ жетекшісі:
_____________С.Қ. Жубаниязов ____________Г:А.Оспанова Ж.С. Хамитова
«____»____________ «____»______________ Хаттама № «___»________
Жауапты: дене шыңықтыру пәні мұғалімі Е.Қ.Хамитов.
Алғабас ауылы. 2016 жыл.