Ж?йрік болса?, озып к?р атты отбасылы? Тола?ай спортты? ойын
Кадирова Асель Женискызы
Қарағанды қаласы
№68 МИББ кешені
Толағай спорттық жарысы Тәрбие сағаты
Класс: 4 «а, ә, б,» Өтілетін орны: Спорт залТақырыбы: «Толағай» спорттық жарысы.Мақсаты: Оқушыларды ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Төзімділік, жылдамдық, ептілік деңгейін дамыта отырып, дененің жалпы даму сапасының артуына, ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу.
Түрі: жарысКөрнекілігі: доп, скакалка, ракетка, қап, түрлі шариктар, обруч, сыпырғышБарысы:1. Ұйымдастыру кезеңі.2.Кіріспе сөз.3.Спорттық жарыс.4.Қорытынды.II .Мұғалім сөзі: Шынықсаң шымыр боласың,Сауығып айдай толасың.Спортты серік ете біл,Жақсы азамат боласың.Чемпион болу оңай ма?Арман болған талайға.Болмасаң да ұқсап бақ,Жарысқа түсіп қалай да.Құрметті мұғалімдер және оқушылар! Бүгінгі өтілгелі отырған «Жүйрік болсаң, озып көр!» атты «Толағай» атты спорттық жарысымызға хош келдіңіздер.Әр таңды бақытпен атырамыз,Өнерді ой көгінде бақылаңыз.Сайысқа қатысуға енді ортаға,Спортшы балаларды шақырамыз.Қарсы алыңыздар.«Жасұландар» тобы. Көк түсті жейде кигендерТоп ұстанымы: Біз бақытты баламыз,
Желден озған жүйрікпіз,
Жеңілмейміз, озамыз,
Біз бақытты баламыз
«Жас қыран» тобы. Қызыл түсті жейде кигендер Топ ұстанымы: Қыран болып самғаймыз,Жарыстан еш қалмаймыз.«Сұңқар » тобы. Ақ түсті жейде кигендерТоп ұстанымы: Мақсаты бірдің – рухы бірҚұрметті сайыскерлер, бүгінгі ойында сіздерге толағай табыс және сәттілік тілейміз..Ал құрметті халайық,Жарысты енді көріңдер.Әділ қазы алқасы,Әділ баға беріңдер.Жарысты бастамас бұрын ойынға төрелік ететін әділ-қазы алқасымен таныстырып кетейік.Бастауыш сынып мұғалімі: Аралбай ПанарДенешынықтыру пәнінің мұғалімі: Кульжанов Дархан,
және Искаков Эльдар
Құрметті қатысушылар бүгінгі сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.III. Сайыстың бағдарламасы.1 «Кенгуру»2. «Өрмекші»3. «Кім жылдам»4. «Сенбілік»
5. «Обручпен жарыс»
6. «Қаппен секір»Сонымен бірінші ойынымыз1. «Кенгуру» допты аяқ арасына қыстыра отырып, секіру арқылы белгілі мәреге барып, кері қайтады. Ең соңғы ойыншы ойынды аяқтайды.2. «Өрмекші». Қатысушы топтар төрт аяқтап шалқасынан жүгіреді.3. Жолда шашылып жатқан шариктерді жинап алып, шелекке апарып салып, скакалкамен 5 рет секіріп орнына қайта қайту.4. «Сенбілік» Кішкентай шарикті сыпырғышпен сыпыра жүріп белгіні айналып өту.
5. Обручты дөңгелете жүріп белгіні айналып өту.
6. Қаппен секіру.
Өнерге биік сенеміз,Думанға қызық келіңіз.Әділ қазы ел сенген,Өнерге баға беріңіз.
4 «а,ә,б» сынып оқушыларының орындауында «Толағай» әні.IV.Марапаттау.V. Қорытынды. Сөзді әділ-қазы алқасына береміз.Құрметті оқушылар! Сіздерді алған орындарыңызбен құттықтай отырып, бүгінгі жарысымызды аяқтаймыз. Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет, сау болыңыздар!!!