Ашы? саба?. Та?ырыбы: Эстафеталы? тая?шаларды бір-біріне д?рыс беру ?дісі.


Эстафеталық таяқшаларды бір-біріне дұрыс беру әдісі
Сабақтың тақырыбы: Эстафеталық таяқшаларды бір-бітіне дұрыс беру әдісі. Таяқшамен дұрыс жүгіру.
Сабақтың мақсаты: Жеңіл атлетика сабағындағы эстафеталық таяқшаларды бірөбіріне беріп жүгіру техникасын үйрету.
Дене шынықтыру сапаларын жан-жақты дамыту.
Дене шынықтыруға дайындық деңгейін арттыру.
Сабақтың өтілетін жері: Спорт алаңы
Сабаққа қажетті құралдар: Эстафеталық таяқша - 2 дана, жалаушалар, секундомер.
Бөлім Сабақтың мазмұны Уақыт мөлшері Әдіскерлік тапсырмасы
1 2 3 4
Дайындық бөлімі
10-12мин Оқушыларды сапқа тұрғызу. Рапорт беру. Сәлемдесу.
Журнал бойынша тексеру. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Эстафеталық жүгіру түрлері: 4х100м, 4х200м, 4х400м, 4х800м, 4х1500м.
Жаттығуларға назар салу. Оңға бұрылып алаңды айналып жүру.
Ж.Д.Ж. 1.Жүру.
Қолды жоғары көтереміз. Аяқтың ұшымен жүреміз.
а) Қолды желкеге қоямыз. Өкшемен жүреміз.
б) Қолды екі жаққа жайып ұстаймыз. Аяқтың сыртқы қырымен жүреміз.
в) Қолды белге қоямыз. Аяқтың ішкі қырын басып жүреміз.
г) Спорттық жүріспен жүреміз. Қолды көкірек тұсына ұстаймыз. Тез-тез өкшемен аяқтың ұшына дейін, барлық табанды жерге тигізе басып жүреміз.
2.Жүгіру.
а) Бір қалыпты баяу жүгіру.
ә) Алақанды алға ұстаймыз, белден сәл жоғары ұстаймыз. Тізені көтеріп алақанға тигізіп жүреміз.
б)Алақанды артқа ұстаймыз, өкшені артқа лақтыра жүгіреміз.Өкшені алақанға тигіземіз.
в)Алақанды екі жаққа қарай соза ұстаймыз, аяқтың сыртқы қырын алақанға тигізе жүгіреміз.
г) Артпен жүгіру
д) Тыныс алу мүшелерін қалпына келтіру жаттығулары.
3. Орнында тұрып жаттығулар жасау.
1) Б.Қ.Н.Т. Қол белде. Аяқ иық көлемінде. Мойынды 4-рет оңға және 4-рет солға қарай айналдырамыз.
2)Б.Қ.Н.Т. Қол иықта, аяқ иық көлемінде. Иық буынынан шыңдау.
4-рет алға және 4-рет артқа қарай айналдырамыз.
3)Б.Қ.Н.Т. Оң қол жоғарыда, сол қол белде. 1-2 бел жаттығуларын жасаймыз, солға қарай қисайтамыз. 3-4 қолды ауыстырып керісінше белді қисайтамыз.
4)Б.Қ.Н.Т. Қол белде, аяқ иық көлемінде. 4-рет белді оңға және 4-рет белді солға айналдырамыз.
1-2мин
6-8мин
8-10м
8-10м
8-10м
8-10м
3-4мин
8-10м
6-8м
6-8м
4-6рет
6-8рет
6-8рет
6-8рет Оқушылардың спорттық киімдеріне назар салу. Саптағы тәртібін қадағалау. Жаттығулардың дұрыс орындалуын бақылау. Қолды тік, алақанды бір-біріне қарата ұстау ұстау. Денені тік ұстап жүру. Аяқтың сыртқы және ішкі қырын басып жүруге тырысу. Қолды тез-тез қимылдата отырып, жамбас буынын тез қимылдата жүгіру.
Жүгіру кезінде спорттық ережелерді қатаң сақтау. Артқа сол иық арқылы қарап жүгіру. Қолды төменнен жоғары көтергенде, аяқтың ұшына көтеріле жүріп дем алу, еңкейіп дем шығару.
Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау.
Жоғарыдағы қолды тік ұстау. Белді қисайтқан уақытта да қолды тік ұстау
Негізгі бөлім 26-28мин Оқушыларды сапқа тұрғызу. Көрсету арқылы бірнеше рет үйрету.
Түсінбеген жерлерін сұрау.
1.Жүгіру кезінде спорттық ережелерді сақтап, эстафеталық таяқшамен жүгіру.
2.Эстафета таяқшасын бір-біріне беру әдісі.
Эстафеталық таяқша оң қолға ұсталады, таяқшаны оң қолмен, қабылдаушы оқушының сол қолына беріледі.
Таяқшаны берген соң, сол жерде берген оқушы қалады. Таяқшаны сол қолымен қабылдаған оқушы, таяқшаны жүгіріп бара жатып оң қолға ауыстырып алады.
3. Оқушыларды алаңға шығарып екі топқа бөліп, 1-ші топты алаңның басына қойып, 2-ші топты алаңның ортасына қойып, алаңның ортасынан таяқшаны қабылдау сызықшасын сызып, қызыл жалаушалармен белгілеп, 1-ші топтағы оқушылар эстафеталық таяқшаны беретіндер болып есептеледі, 2-ші топтағы оқушылар эстафеталық таяқшаны қабылдайтындар болып есептеледі. 1-2рет
3-4рет Жүгіру кезінде ара қашықтықты сақтау.
Таяқшаны тура, анық беру.
Қорытынды бөлім
Оқушыларды сапқа тұрғызып жүгірту, жүргізу.
Тыныс алу мүшелерін қалпына келтіру жаттығулары. Оқушыларды сапқа қою. Кемшіліктерін айтып түсіндіру. Жақсы жүгірген оқушыларды марапаттау. Бағалау. Үйге тапсырма беру. 3-5 мин Тыныс алуды қалпына келтіру
«Т. Көбдіков атындағы орта мектебі» КММ
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Эстафеталық таяқшаларды бір-біріне дұрыс беру әдісі. Таяқшамен дұрыс жүгіру»
Пән мұғалімі: Жунусов Т.К.
2015-2016 оқу жылы