Метрология негіздері ж?не ?лшеу ??ралдары п?нінен Манометрлер та?ырыбында?ы ашы? саба? презентациясы


Маңғыстау энергетикалық колледжіАшық сабақПәні: Метрология негіздері және өлшеу құралдарыТақырыбы: Манометрлер. Манометрлердің түрлері. Оқытушы: Сарсен Р.Н.Топ: АжБ-31Ақтау 2014 жыл Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды манометрлермен таныстыра отырып, манометрлердің түрлері туралы түсінік берумен қатар, олардың автоматикадағы маңызына толықтай мағлұмат беру.2. Дамытушылық: Жаңа тақырыпты меңгерте отырып, манометрлердің жұмыс әрекетін одан әрі тереңірек түсіндіру.3. Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятып, шығармашылыққа жетелеу.Сабақтың түрі: диспут сабақСабақтың әдіс –тәсілдері: өткенмен байланысСабақта қолданылатын оқу көрнекілік құралдары: оқулық, сұлбалар, конспект, интерактивті тақтаСабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, оқушылардың сабаққа қатысуын түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. II. Үй тапсырмасын тексеру.Әр оқушының өзіндік жұмысына байланысты сұрақтар қою және жауап алу. Сұрақтарға жауап алып болған соң , ой қозғау мақсатында тірек-сызбамен жұмыс жасату.Суреттерде қандай аспаптар көрсетілген?Деңгей өлшейтін аспаптар қалай аталады?Құрылыс ерекшеліктері қандай? Әр аспаптың құрылымын түсіндір. Манометрлер туралы түсінік.Манометрлердің жіктелуі.Қысымды өлшеу түрлендіргіштерін жіктеуIII. Жаңа сабақты түсіндіру: Манометр— сирек, тығыз емес — сұйықтық пен газ қысымын өлшеуге арналған прибор. Манометрлердің көптеген түрлері бар,мысалы,дифманометр,сфигма-нометр,бурдон манометрі, қарапайым ашық сұйық манометр,т.б. . Атмосфералық қысым барометрмен, нөлге жуық қысым вакуумметрмен өлшенеді. Манометр шкалалары әр түрлі бірліктерде (кгк/м² немесе кгк/см², бар, мм сынап бағаны, мм су бағаны, т.б.) градуирленген. Бірліктердің халықаралық жүйесінде (СИ) қысым бірлігіне паскаль (Па) алынған. Жұмыс істеу принципі мен сезімтал элементінің (алғашқы түрлендіргіштің) құралымына байланысты манометрлер сұйықтық, піспектік (поршенді), деформация немесе серіппелі (түтікті, мембраналық, Манометр сильфондық) болады. Сондай-ақ, көрсетуі тікелей саналатын немесе тіркелетін, жұмысы әр түрлі заттардың физикалық қасиеттерінің қысым әсерінен өзгеруін өлшеуге негізделген манометрлер де қолданылады. Әр түрлі технологиялық процестерді бақылау, автоматты реттеу және басқару жүйелерінде пневматикалық немесе электрлік шығу сигналдары үйлестірілген шкаласыз манометрлер пайдаланылады. Қарапайым ашық сұйық манометрМанометр - қысым айырымын өлшеу үшін қолайлы аспап. Қарапайым ашық сұйық манометр латын әрпі U пішінді шыны түтіктен тұрады (1,а-сурет). Түтікке қандай да бір сұйық, мысалы, аз қысым айырымын өлшеу үшін май сияқты тығыздығы аздау, ал үлкен қысым айырымын өлшеу үшін сынап сияқты тығызырақ сұйық құйылады. Түтіктің бір тармағы ашық қалдырылып, екінші тармағы резеңке түтікшемен жалғасады. Түтікке құйылған сұйық оның екі тармағында да бір деңгейде болады, себебі ыдыс тармақтарындағы сұйық бетіне тек атмосфералық қысым ғана әсер етеді. Енді резеңке түтікшені бір бетіне резеңке қабықша қапталған дөңгелек қорапшамен жалғастырайық та, қорапшаны ақырын қолымызбен басайық (1,ә-сурет). Бұл кезде қорапшамен жалғасқан манометр тармағындағы сұйықтың деңгейі төмен түседі де, екінші тармағындағы сұйықтың деңгейі жоғары көтеріле бастайды. Манометрдің шкаласының бөлінуі Қорапты неғұрлым күштірек бассақ, соғұрлым манометр тармақтарындағы сұйық деңгейлерінің айырымы үлкен болады. Себебі резеңке қабықшаны басқан кезімізде қорапшадағы ауаның қысымы артады. Паскаль заңы бойынша қысымның осы артуы манометрдің қорапшамен жалғасқан тармағындағы сұйыққа да беріледі. Сығылған ауаның артық қысымы манометрдің екінші тармағындағы сұйықтың артық бағанының түсіретін қысымымен теңелген кезде, сұйық тепе-теңдік қалыпқа келеді. Бурдон манометрі-оны кейде металл манометр деп те айтайды.Ғылыми атауы бурдон манометрі болып табылады.Техникада көбінесе сұйықтың, газдың немесе будың қысымын өлшеу үшін металл манометр қолданылады, кейде оны Бурдон манометрі деп те атайды. Оның жұмыс істеу принципі үрлеген кезде түзулене түсетін сыбызғы тәрізді ойыншыққа ұқсайды (2-сурет). Металл манометрдің негізгі бөлігі - доға тәрізді иілген металл түтікше (3-сурет). Оның бір жағы бітеу болады да, екінші жағы кран (4) арқылы қысым артқан кезде түтік түзулене бастайды да, оның бітеу ұшының қозғалысы иіндіктің (5) және тісті тегершіктердің (3) көмегімен аспаптың шкаласы бойымен жылжитын меңзерге (2) беріледі- қысым кеміген кезде, түтік өзінің серпімділік қасиетінің арқасында бастапқы қалпына келеді де, меңзер шкаланың нөлдік бөлігін көрсетіп тұрады. Өтілген тақырыпты қайталау сұрақтарын қою.IV. Бекіту V. Қорытындылау. Алған білімдерін пысықтау. VII. Бағалау.