БиС технология бойынша саба? жоспары (М?хит суыны? ?оз?алысы)


Күні: 22.12.2016 Сыныбы: 6 Бекітемін:
Сабақтың тақырыбы: Мұхит суының қозғалысы
Сабақтың мақсаты: Мұхит сулары бойынша білімдерін кеңейту;
Дамытушылық:Оқушылардың сөздік қорын молайтып, танымдық белсенділігін арттыру,
Тәрбиелік: ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Міндеті: технологиялық картаның регламентін орындау. Жоспарланған нәтиже, қойылған мақсатқа жету.
Әдісі: БжС технологиясыТүрі: Ауызша-1
Көрнекілігі: Матрица, тірек сөздер, сын тұрғысынан сұрақтар , қарама-қарсы сұрақтар, ДЖ физикалық картасы, слайд.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі мотивация. (2 минут)
Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Бүгінгі біздің сабағымыз БжС технологиясының «Ауызша сабақ-1″ картасы негізінде өтеді. Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз берейік.
Көшбасшының айтқан тілегіне рахмет,қанеки,қол шапалақтайық.ООМ бойынша жұмыс.
ІІ.Сіздерге үйге “Гидросфера туралы ұғым” берілген болатын. Олай болса сұрақтарға жауап бере қойыңыздар.
ІІ. Қарама-қарсы сұрақтар. (6 мин)
Су сұйық күйде таралған ғаламшар? Жер
Су газ күйінде таралған ғаламшар? Шолпан
Су мұз күйінде таралған ғаламшар? Марс
Мұхиттар мен теңіздердегі су неше пайыз? 97
3 пайыз қандай су? Құрлық
Теңіздермен мұхиттарда жыл сайын қанша су буланады? 450 мың км³
Жер бетінен көтерілген су салқындап не түзеді? Бұлт
Бұлтарды не қозғалтады? Жел
Жер бетінің қанша бөлігін су алып жатыр? 3/4 бөлігін
Судың жылу сыйымдылығы өте жоғары,сондықтан мұхиттарды қалай атайды? Жылу қорын жинаушы
Мұхиттар құрлыққа не береді? Жылу
Судың жоғарғы қабаты неше метр? 25-50 м
Экватор маңындағы судың үстіңгі қабатының температурасы қанша? 28-29°С
1000 м тереңдікте судың температурасы қанша? 2°-3°С
Мұхит суы неше градуста қатады? -2°С
Мұхит суының жалпы орташа температурасы қанша? 17,5°С
Мұхит суының басты қасиеті? Тұздылығы мен температурасы
Тынық мұхит түбіндегі бұлақтардың температурасы қанша? 350°-400°С
Судың тұздылығын анықтайтын өлшем қалай аталады? Промиле
Мұхиттардың орташа тұздылығы қанша? 35 промиле
Балтық теңізінің тұздылығы қанша? 2-5‰
Тұздылығы жоғары теңіз? Қызыл теңіз
Судың қату температурасына не кедергі жасайды? Тұздылығы
Судың тұздылығы жоғарлаған сайын қату температурасында қандай өзгеріс болады? Төмендейді
Ең жылы мұхитты ата? Тынық
Тынық мұхитының орташа температурасы қанша? 19,4°С
3 оқушыға 1 сұрақты қоюға болады.Сұрақ 1-ақ рет оқылады,қайталанбайды. 3-еуі де білмесе (- ) қойылады. Төртінші оқушыдан сұрап, ол айтса + қойылады.
Бірінші белгі. Барлық оқушыларға қойылады.Және тақтаға Рим санымен < және > таңбалары жазылады.
Нәтижелері ООМ бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады.
ІІІ. Жаңа тақырып. (7 минут).
Мұхит суының қозғалысы. Мақсаты айтылады.Интерактивті тақтадан 14 тірек сөз шығып тұрады.Тақырып ішінде мұғалім сөздердің мағынасын түсіндіреді. Тірек сөздер жабылады . Оқушылар сөздерді есте сақтап жатқа жазу керек.Оқушылар дәптер алмасып,бірін-бірі тексереді. Нормаға сай есте қалған сөздерді айтқан оқушыға ООМ ұяшығына плюс немесе минус қойылады.
Тірек сөздер:
Толқындар
Дауылдар
Шкала
Цунами
1896
Сулавеси
Жапония
Жер сілкіну
800 км
Толысу
Ай
Лондон
ТЭС
Францияда
Екінші белгі. Есте сақтауға уақыт нормативі 14 сөз – 1 мин-15 сек.
ІV. Ұғынуды ұйымдастыру. ( 7 минут)
Оқушылар оқулықтан мәтінді оқып шығады. Мұғалім олардың материалды оқыған білімдеріне қатысты сұрақ-жауап алатыны жайында ескертеді.
V. Түсінудің алғашқы тексерілуі. Қарама-қарсы сұрақ қою. (7 мин)
Мұғалім оқушыларды рет -ретімен емес ,ООМ бойынша сабақтың тақырыбына байланысты тірек сөздерді қоса сұрайды. Оқушы түсінбеген жерлерін мұғалім түсіндіреді.
Қарама-қарсы сұрақтар.
Ауа райы тыныш жатқан кезде теңіздер қалай жатады? Тыныш
Жел соққанда теңіз бетінде не пайда болады? Толқын
Толқынның ең биік жері қалай аталады? Тоқын қыры немесе жалы
Толқынның табаныдеп қай жерін атайды? Ең төмен жерін
Толқын немен сипатталады? Ұзындығы мен биіктігі
Ең күшті желде толқын неше метрге көтеріледі? 10-15 м
Толқынның күші неше балдық шкаламен өлшенеді? 9 балдық
Су асты жер сілкіні мен жанартау атқылаудан не пайда болады? Цунами
Ашық мұхитта цунами биіктігі неше метрге жетеді? 1-2 м
Сулавеси аралына соқан цунамидың биіктігі неше метр? 20 м
30 м-ге жеткен цунами қай елді мекеннің аралына соқты? Жапон
2011 ж Жапонияда болған жер сілкінісі неше метірлік цунами әкелді? 40 м
Цунами жер сілкіну ошағынан қанша жылдамдықпен тарайды? 800 км
Цунами келер алдында суда қандай өзгеріс болады? Жағадан шегінеді
Су неұрлым көп шегінсе цунами қандай болады? Биік
Теңіз жағалаулары тәулігіне неше рет көтеріледі? 2 рет
Теңіз жағалаулары тәулігіне неше рет төмен түседі? 2 рет
Теңіз деңгейінің көтеріліп төмен түсуін қалай атайды? Толысу,қайту
Теңіздердің толысуын алғаш анықтаған ғалым? И.Ньютон
Теңіздердегі толысу мен қайтуы неге байланысты? Айдың тартылыс күшіне
Ашық мұхиттарда тартылыс күші неше метрден аспайды? 1 м
Охот теңізіндегі Пенжин Қолтығындағы толқының тартылыс күші неше метрге жеткен? 13 м
Фанди шығанағындағы толысу толқыны неше метрге жеткен? 18 м
ТЭС стансалары қандай мемлекеттерде жұмыс істейді? Франция,Ресей,Ұлыбритания
Лондонға кемелер қай кезде ғана бара алады? Толысу
Үшінші белгі. Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады.
VI. Алғашқы бекітуді ұйымдастыру. Сын тұрғысынан сұрау. Меңгеру сапасын анықтау мақсатында сұрақтар бұрмаланып беріледі. «Иә» немесе «Жоқ» деген жауап беретін сұрақтар болмауы тиіс.
Сын тұрғысынан сұрақтар. (7 мин)
Ауа райы тыныш жатқан кезде теңіздер тыныш жатады +
Жел соққанда теңіз бетінде цунами пайда болады. - Толқын
Толқынның ең биік жері табаны деп аталады. - Тоқын қыры жалы
Толқынның табаныдеп ең төмен жерін атайды. +
Толқын ұзындығы мен биіктігі арқылы сипатталады +
Ең күшті желде толқын 1-2 метрге көтеріледі. - 10-15 м
Толқынның күші 6 балдық шкаламен өлшенеді. - 9 балдық
Су асты жер сілкіні мен жанартау атқылаудан цунами пайда болады.+
Ашық мұхитта цунами биіктігі 15-20 метрге жетеді. - 1-2 м
Сулавеси аралына соқан цунамидың биіктігі 20 метр. +
30 м-ге жеткен цунами Ява мекеннің аралына соқты. - Жапон
2011 ж Жапонияда болған жер сілкінісі 40 м метірлік цунами әкелді.+
Цунами жер сілкіну ошағынан 1000 км жылдамдықпен тарайды.-800
Цунами келер алдында су жағадан шегінеді. +
Су неұрлым көп шегінсе цунами төмен болады. - Биік
Теңіз жағалаулары тәулігіне 4 рет көтеріледі. - 2 рет
Теңіз жағалаулары тәулігіне 2 рет төмен түседі. +
Теңіз деңгейінің көтеріліп төмен түсуін қалай атайды? Толысу,қайту
Теңіздердің толысуын алғаш анықтаған Ф.Магелан. - И.Ньютон
Теңіздердегі толысу мен қайтуы Айдың тартылыс күшіне байланысты.+
Ашық мұхиттарда тартылыс күші 5 метрден аспайды. - 1 м
Охот теңізіндегі Пенжин Қолтығындағы толқының тартылыс күші 13 метрге жеткен.+
Фанди шығанағындағы толысу толқыны 25 метрге жетке. - 18 м
Франция,Ресей,Ұлыбритания ТЭС стансалары жұмыс істейді. +
Лондонға кемелер толысу кезде ғана бара алады. +
Төртінші белгі барлық оқушылардың нәтижелері ООМ бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады.
Қол шапалақтау
VII. Талдау . Мұхит суының қозғалысы бойынша тақырыптық сөздік қорды (ТСҚ) тексеру үшін эссе жазасыздар. (5 минут)
Оқушылар дәптерлерін алмасып,бір-бірінің жазған эссесін тексереді.
(1 минут)
Бесінші белгі барлық оқушылардың нәтижелері ООМ қойылады.
VIII.Рефлексия (2 минут )
IX. Бағалау . (2 минут)
Журналға баға қою келесі норматив бойынша жүзеге асырылады.
4-5 белгі – 5 ұпай,
3-белгі – 4 ұпай
2 – белгі – 3 ұпай.
Сапа нормативі: оқушылардың 63/ -ы 5 ұпайдан алуы тиіс.
9. Үй тапсырмасы 4 белгіден кем алған оқушыларға үйге тапсырма алады.