Генотип ж?не фенотип. Аллельді гендер. Талдаушы ша?ылыстыру. Толы? ж?не толы? емес доминаттылы?. Т?уелсіз т??ым ?уалау. Гендерді? тіркесіп т??ым ?уалауы.


24 сабақ. 9 сыныптар «а», «ә», «б» 26. 11. 2014 ж. Сабақтың жоспары: ТАҚЫРЫБЫ: 9 сыныпқа арналған сабақ жоспары (Генотип және фенотип. Аллельді гендер. Талдаушы шағылыстыру. Толық және толық емес доминаттылық. Тәуелсіз тұқым қуалау. Гендердің тіркесіп тұқым қуалауы.) САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ: Білімділігі: Оқушыларға талдай шағылыстыру, толық және толық емес доминанаттылық, тәуелсіз тұқым қуалау, гендердің тіркесіп тұқым қаулау, генотип және фенотип, аллельді гендер, олардың тірі табиғаттағы маңызын жайлы түсінік қалыптастыру. Дамытушылық: Генетиканың маңызы туралы, табиғатта генетика ғылымының алатын орны, әрбір терминнің маңыздылығы жайлы түсініктерін дифференциялды тапсырмалар арқылы кеңейту. Тәрбиелік:Әр оқушының өз қабілетінің деңгейінің мүмкіндіктерін ажырата білуге дағдыландыру арқылы, генетикалық сауаттылыққа этнопедагогикалық тұрғыда тәрбиелеу. КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: Оқушылар генетикадағы толық және толық емес доминанаттылық, тәуелсіз тұқым қуалау, гендердің тіркесіп тұқым қаулау, генотип және фенотип, аллельді гендер, олардың тірі табиғаттағы маңызын туралы мәлімет алады. МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ: 9 «а», «ә», «б» сынып оқушылары САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ: Ой қозғау, негізгі бөлім, (мазмұнды ашу), кері байланыс ӘДІС – ТӘСІЛДЕР: Топтық жұмыс, пікір алмасу, көпір, өздік бағалау, «Рефлексия». ҚҰРАЛ – ЖАБДЫҚТАР: дайын плакаттар, стикер, бағалау карталары, постер
Жұмыс кезеңдері Кезеңдердің мазмұны Қатысушылардың іс- әрекеті Уақыт
Ұйымдастыру бөлімі
Кіріспе
Оқушылардың сабаққа деген қызғушылығын ояту. Мұғалімнің сәлемдесуі.
Топтарға бөлу (партада тігінен сұрақтар жазылған таблицаны оқи отырып, әркім өзі білетін сұрақтар тұсына отырады) . Оқушылардың деңгейлеріне қарай, 3 (А, В, С) топқа орналасуын сұрайды.
Стикер таратылып, балалар осы стикерге «Әркім бүгінгі сабаққа өз алдарыңа мақсат қойыңдар» деген сұраққа әркім өз ойларыңды парақ беттеріне түсіріңдер. Енді сол жазған стикерлеріңді оқулықтың бірінші мұқаба бетіне орналастырыңдар. Әрі онда не жазылғанын ұмытпаңдар! Оқушылардың сәлемдесуі
Оқушылар 3 (А, В, С) топқа бөлінеді.
Оқушылар осы стикерге өз алдарына мақсат қояды, жазған стикерді оқулықтың мұқабасына орналастырады. 1 мин
«Көпір»
Мақсаты: Үй тапсырмасын қайталау арқылы жаңа сабаққа бастама беру.
Символ Аталуы Символ Аталуы
Р F1 Г F2 А а х «Биологиялық пошта» А-топтың тапсырмасы
«Символдарды тани біл!»
В - топтың тапсырмасы
«Екі заңды ажырата біл!»
Мендельдің І заңы
1.Белгілердің біркелкілігі .
2.Белгілердің ажырауы.
3.3\4 сары
4.1\4 жасыл
5.Тек сары түсті тұқымдар
6.Тек гетерозиготалы
7.Герозиготалы және гомозигтола ы
8.Ғ1
9.Ғ2
10.Аа Аа Аа Аа
11.АА Аа Аа аа
12.Сары және жасыл түсті Мендельдің ІІ заңы
С – топтың тапсырмасы
«Генетиканың негізін біл!»
Генетика дегеніміз – белгілердің тұқымқуалау заңдылықтарын және олардың өзгергіштіктерін зерттейді.
Генетиканың негізін салушы чех ғалымы Грегор Мендель. Ол асбұршақтың 7 белгісін, яғни 1. Күлте мен бұршақтың түсі, 2. Бойыны аласа биік болуы, 3. Бұршақтың гүлінің түсі мен орналасуы, 4. Бұршаққаптың пішіні, 5. Бұршақппатың түсі, 6. Тұқымның пішіні, 7. Тұқымның түсін алып гибридологиялық әдіс арқылы тәжірибе жүргізді. Ата- енелер формалары тек бір жұп белгі бойынша ерекшеленетін шағылыстыру моногибридті будандастыру болса, екі жұп белгі бойынша дигибридті шағылыстыру деп атайды. Басым белгіні доминант десе, басылыңқы белгіні рецессивті деп атайды. Мендельдің тәжірибесінде бірінші ұрпақта барлығы сары болып шығып оны Мендельдің бірінші заңы немесе біркелкілік заңы, ал екенші ұрпақта екі сары ата – енеден жасыл ұрпақ түзілді, яғни мұны Мендельдің ІІ заңы немесе ажырау заңы деп атады.
Осы кестені алдымен басқа топтар қатесі бар ма бір қарап шығайық, енді өздеріңе ыңғайлы, өздерің көретіндей жерге орналастырыңдар, сабақ үстінде қажеттігі туындаса қарап қоярсыңдар. Әр топ өзіне берілген кестелерді өз ұяшықтарына орналастырады
1-топтың тапсырмасында оқушылар әр символдың тұсына не мағына беретінін жазып шығады
В топтың тапсырмасында Мендельдің І заңына сәйкес деген сөйлемді ретімен жазып шығады. Мендельдің ІІ заңына сәйкестікті табады.
Кесте қателігін тексеріп керекті жерге орналастырады.
«Генетиканың негізін біл!» деген биологиялық диктантты толтырады. Содан қалаған жерлеріне қарай орналастырады. 4 мин
Білу
Түсіну кезеңі
Мақсаты: Тақырып ішіндегі негізгі деген мәліметтермен танысу.
А топтың тапсырмасы :
Оқулықтағы 99-113 беттердегі тақырыптардан « Генотип, фенотип, аллельді гендер, талдаушы шағылыстыру, толық және толық емес доминаттылық, тәуелсіз тұқым қуалау, гендердің тіркесіп тұқым қуалау деген сөздерді бірлесе отырып тауып, жұмыс дәптерлеріңе түсіріңдер, анықтамасын жаттаңдар.
Б топтың тапсырмасы: Генотип, фенотип, аллельді гендер, талдаушы шағылыстыру деген не екендігі жайлы ауызша түсінік беріңдер.
С топтың тапсырмасы : Толық және толық емес доминаттылық, тәуелсіз тұқым қуалау, гендердің тіркесіп тұқым қуалау деген не екендігі жайлы түсінік беріңдер. Бұл кезеңде оқушылар өздеріне бөлініп берілген тапсырмаларды орныдарында топ ішінде талдай отырып, негізгі дегенді басқа топ алдында түсіндіреді. 10 мин.
Қолдану кезеңі
Мақсаты: Оқушылар алған теориялық материялдарын практика жүзінде қолданады.
А - топтың тапсырмасы Талдаушы шағылыстыру жайында постерге суреттерді орналастыру арқылы түсіндіріп беріңдер.
В - топтың тапсырмасы
Толық және толық емес доминанттылық жайында постерге суреттерді орналастыру арқылы түсіндіріп беріңдер.
С - топтың тапсырмасы
Тәуелсіз тұқым қуалау, бойынша кестені толтырыңдар ККСС Х кксс
Мұндағы К- бұршаққаптың жасыл түсі, к – бұршаққаптың сары түсі, С – бұршаққаптың тегіс пішіні, с- бұршаққаптың бұдыр пішіні.
гендердің тіркесіп тұқым қулауы
х
АА аа

Аа Аа Аа Аа 100%
Яғни ата – енесі гомозиготалы болғаны

Аа х аа

Аа Аа аа аа 50% : 50%
Яғни аналығы гетерозиготалы болғаны
А топтың тапсырманы орындауы, осы сызба бойынша түсіндіреді.

х
ААаа

Аа
Берілгені Гені
Кжасыл
ксары
Стегіс
сбұдыр
х
ККССкксс
Г КкСс
Ғ1 КкСс
КкСс х КкСс
КС Кс к С кс
КС ККСС
Ж.т ККСс
Ж.т КкСС
Ж.т КкСс
Ж.т
Кс ККСс
Ж.т ККсс
Ж.б КкСс
Ж.т Кксс
Ж.б
к С КкСС
Ж.т КкСс
Ж.т ккСС
с.т ккСс
с.т
кс КкСс
Ж.т Кксс
Ж.б ккСс
с.т. кксс
с.б
Ж.Т-9;Фенотипі: 9:3:3:1
Ж.Б-3;Сонда түсі бойынша екі сары
С.Т-3;тегіс организмнен 3 сары
С.Б- 1бұдыр, 3 жасыл бұдыр белгілер бар организм пайда болды. 10 мин
Талдау кезеңі
Теорияны практикамен ұштастырады, яғни білімдерін пысықтайды. А, Б, С топтарының тапсырмасын басқа топтар алдында талдап, қорытындылаңдар. Өздерінің жасаған жұмыстарын басқа топтар алдында қорғайды, басқа сыныптастарына өз тақырыпшаларын түсіндіреді. 5 мин.
Жинақтау кезеңі
Барлық генетикадағы маңызды деген заңдылықтар, шағылыстыру түрлері жайлы теорияны нақтылайды.
«Бүлінген мәтінді» дұрыс ретімен орналастырыңдар
ГенетикадеГенімізбелгілердіңтұқымқуалаузаңдылЫқтарынжӘнеолардыңөзГерГіштіГінзерттейтінғылыммендельдіңбіріншізаҢыбіркелкілікзаңыдепаталадымұНдагенотипідефенотипідежүзпайызгетеРозиготалыдоминанттыбелгіжарыққашығадыекіншізаңыНдабелгілеражырайДыүштіңбірГесандықарақаТынасындаекісарыбұршақтаНекіншіұрпақтатөрттенүШісарытөрттенбіріжаСылболыпажырайдымұнымендельдіңекіншізаңыдеЙдіалүшіншізаңыдигибридтібудандастырукезіндедигетерозиготалыоргаНизмдерденатаенесінемүлдеҰқсамайтындарақсарыбұдыржәнежасылтегісдараҚтарпайдаболғаняғнибелгілертәуелсізтҰқымқуалайтындығЫнанықтадыатаеНесініңгенОтипінанықтауүшінсолбелгісіздарақтырецессивтіаталықпенқайТашағылыстыРукерекмұнытаЛдайшағылыстырУдепатаймызкейдедоминанттыбелгісібаргетероЗиготалыдарақтарданбасЫмбелгініңорнынмүлДебасқабелгібАсадымұнытолымсыздОминаттылықдЕпатаймыз. Генетика дегеніміз белгілердің тұқымқуалау заңдылықтарын және олардың өзгергіштігін зерттейтін ғылым. Мендельдің бірінші заңы біркелкілік заңы деп аталады. Мұнда генотипіде фенотипіде жүз пайыз гетерозиготалы доминантты белгі жарыққа шығады екінші заңында белгілер ажырайды үштің бірге сандық арақатынасында екі сары бұршақтан екінші ұрпақта төрттен үші сары, төрттен бірі жасыл болып ажырайды, мұны Мендельдің екінші заңы дейді, ал үшінші заңы дигибридті будандастыру кезінде дигетерозиготалы организмдерден ата – енесіне мүлде ұқсамайтын дарақ сары-бұдыр және жасыл-тегіс дарақтар пайда болған яғни белгілер тәуелсіз тұқымқуалайтындығын анықтады. Ата-енесінің генотипін анықтау үшін сол белгісіз дарақты рецессивті аталықпен қайта шағылыстыру керек мұны талдай шағылыстыру деп атаймыз. Кейде доминантты белгісі бар гетерозиготалы дарақтардан басым белгінің орнын мүлде басқа белгі басады мұны толымсыз доминаттылық деп атаймыз. 5 мин.
Бағалау кезеңі
Сабақтағы әр оқушының жасаған жұмысына қарай бағалануын жүзеге асыру, оқушылар жинақтайды, мұғалім сумативті бағаны қояды.
Мұғалім бағасы Топ ішіндегі ең белсенді деген оқушыларға баға қойыңдар, әрі бағаны оқушының жұмыс жасауының көлеміне қарай бағалаңдар
«0 балл» «1 балл» «2 балл» «3 балл»
1 2 3 4 5 6 7 8 Суммативті бағалауды жүзеге асырады. Ең көп жұмысты ұйымдастырушы, әрі барлық материялды жақсы меңгерген оқушы «3 балл», материялды меңгерген тек көп мәліметте қателіктер жіберіп отырды «2 балл», тақырып бойынша теорияны біледі, тек ауызша жауап беруден қиналған оқушы «1 балл», мүлде сабаққа қатыспаған оқушы «0 балл» деген критерийлер арқылы топ ішінде талдау жасалып топішінен бір оқушы шығып дауыстап комментарий бере отырып бағасын қояды. 5 мин.
Рефлексия кезеңі Оқушылар өздерінің мақсаттарының деңгейлерін болашаққа деген сенімді асыра алады ма, соған сәйкес әдемі жолдан өзінің мақсатының орнын тауып сол жерге стикерді орналастырады. 5 мин
«Мен Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты «Нұрлы Жолды» жариялаймын және оған 2015 жылдың халыққа Жолдауын арнаймын. Ол ұзақмерзімді және экономикамыздың құрылымдық реформасын жалғастыруға бағытталады. Бұл нені білдіреді? Біз сыртқы нарықтың ахуалы жақсы болған жағдайда қазба байлығынан тапқан табысымызды Ұлттық қорға жібердік.  Қордың негізгі мақсаты экономикамыздың тұрақты дамуын қамтамасыз ету. 2007-2009 жылдар аралығындағы дағдарыспен күресте тапқан табысымыздың 10 млрд долларын жұмсадық, қалған қаржыны жеп қойған жоқпыз, сақтадық және көбейттік», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен қатар, Президент атап өткендей, бүгінде осы резервтерді халқымыздың игілігі мен алда келе жатқан дағдарыспен күресу үшін  жұмсайтын уақыт келді.
«Ол бізге аумалы-төкпелі кезеңнен өтуге, экономикамыздың өсіміне қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Қомақты қаржы көлік, энергетика,  шағын және орта бизнестің индустриалды, әлеуметтік  инфрақұрылымын дамытуға бағытталады», - деп елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 17 қарашада қазақстан халқына жолдаған жолдауын қолдау мақсатында «Нұлы жолдан» оқулық мұқабасындағы өздеріңнің бүгінгі сабаққа алдарыңа қойған мақсаттарыңа жеткен деңгейлеріңді қалай бағалайсыңдар сол бойынша әркім өзінің сабақтан не үйренгендігі жайлы пікірлерін тақтадағы «Нұрлы жол» картасына өз рефлексияларыңды орналастырсаңдар болады. Тексерілді:
Д. Қонаев атындағы орта мектеп
Генотип және фенотип. Аллельді гендер. Талдаушы шағылыстыру. Толық және толық емес доминаттылық. Тәуелсіз тұқым қуалау. Гендердің тіркесіп тұқым қуалауы.
(9 – сынып, биология)
Пән мұғалімі А. Арысбаева
2014-2015 ж.