Биология п?нінен Адам генетикасыны? негізгі зерттеу ?дістері та?ырыбына арнал?ан саба? жоспары (11-сынып)


Сыныбы: 10 «б»
Күні: 23.04. 2015
Пән мұғалімі: Зулкашева А.Д.
Сабақтың тақырыбы: Адам генетикасының негізгі зерттеу әдістері
Мақсаты: Оқушылардың адам генетикасының әртүрлі зерттеу әдістері жайлы мағлұмат беру арқылы білімдерін жүйелеу тереңдету.
Оқушылардың қосымша мәліметтер арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын ояту.
Оқу нәтижелері: Оқушыларға білім тереңдету мақсатында адам ағзасындағы хромосомалардың атқаратын қызметін және маңызын білу. Хромосомалар арқылы тұқым қуалайтын аурулар мен ауытқуларды толық ажырата білу. Генетикада адамның тұқым қуалаушылығын зерттеуге мүмкіндік беретін әдістерді білу;
Әр түрлі білім көздерін қолдана білу (мәтін, сурет жинақтамалар, слайд және электронды оқулықтар). Ойларын салыстыруға, анализдеуге, жалпылауға және қорытындылауға үйрету. Ұлы, дарынды адамдардың шежірелік карталарын құруға үйрету.
Топпен жұмыс кезінде оқушылардың жаңа көзқарастарын дамыту. Оқушылар арасында ұйымшылдықты және сыйласымдықты ояту. Өз ата – тектерін құрметтеуге және шежірелік карталарды дұрыс құра білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Кейс-стади, СТО: түсіндіре басқарып, оза оқыту, жеке және топтық жұмыс, өздік жұмыс, қосымша әдебиеттермен жұмыс, сұрақ – жауап, АКТ, рефлексия
Басқа пәндермен байланысы: Қазақ әдебиеті, тарих, математика, медицина
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Ресурстар
Ұйымдастыру: Оқушыларға сабақтың мақсаты, орындалатын жұмыстардың реті таныстырылады.
Әр түсті конфеттерді таңдау арқылы бірдей түсті конфет алғандар бір топқа біріктіріледі. Топ басшысы сайланып, оларға бағалау парақшасы таратылды.
«Көңіл-күйің қалай?»

Оқушылар 4 топқа бөлінеді.
Топ басшысын сайлайды.
Оқушылар смайликтер арқылы өз көңіл-күйлерін білдіреді. Түрлі-түсті конфеттер, бағалау парақшалары
Смайликтер
Білімді есепке алу кезеңі:
«Терминдер» кабинеті
«Нақты сандар» кабинеті
«Шыңға шығу» әдісі Сұрақтарға жауап береді Слайдтар, мультимедия
Жаңа тақырып бойынша білім білік- дағдыларын дамыту:
Топтық жұмыс:
1. Ғылыми жоба.
Әр топ оза оқыту және 9 сыныпта өткен материалдарды еске түсіру бойынша өз жобаларын және постерлерін қорғайды.
2. «Тапқыр топ»
Шежірелік карта құру.
Топтарға адамдардың қабілеттерін көрсететін шежірелік карта құру тапсырмасы беріледі.
Дұрыс әрі тез жауап берген топқа ақшалай сыйлық беріледі Топ ішінде бірлесіп, ақылдасып, нақтылап алған соң жобаларын қорғайды.
2.Берілген тапсырма бойынша топ болып шежірелік карта құрады Қосымша оқулықтар мен мәліметтер, флипчарттар,презентациялар,
мультимедия.
Флипчарт, маркерлер, валюталар
Сергіту сәті: «Зәулім емен» тренингі
Мұғалім оқиды Оқушылар көздерін жұмып елестетіп, орындайды Мультимедия
Операциялық-орындаушылық кезең: Жеке жұмыс:
1.«Кім жылдам?»
Есеп шығару
Әр оқушыға жеке есептер беріледі.
2.Тест тапсырмалары
10 сұрақтан құралған тест алдарына беріледі. Әр оқушы өздеріне берілген есептерді тақтаға орындайды.
Тестіні орындайды.
Тест кілті мен бағалау шкаласы берілгеннен кейін өзара бір- бірін тексереді, бағалайды. Тақта, бор, флипчарт
Жауап парақшалары
Рефлексиялық-бағалау кезеңі: «Бағдаршам»
– түсінген жоқпын;
1215390257810 – әлі де практикаға қажет сұрақтар бар;
– барлығы түсінікті. Оқушылар «Бағдаршам» түстері арқылы сабаққа баға береді.
Бағдаршам суреті , түсті (қызыл, сары, жасыл) стикерлер
Үйге тапсырма беру: §57 Тақырып соңындағы тапсырмалар.
Әрбір оқушы өз жанұясының шежірелік картасын құру
«Терминдер кабинеті»
Локус-
Фенотип-
Мутация-
Дупликация-
Аутосома-
Инверсия-
«Нақты сандар кабинеті»
1906ж- 22 жұп-
1865ж- 3:1-
35ж- 2п-
9:3:3:1- 46-
1901ж- 34-
«Шыңға шығу әдісі»
Модификациялық өзгергіштікке әсер ететін жағдайлар?
Анеуплоидияға анықтама бер?
Мендельдің заңдарын ата?
Делеция деген не?
Геномдық мутацияның анықтамасы?
Өзгергіштік деген не?
«Зәулім емен» тренингі
Сен сұңғақ бойлы әрі мықты зәулім еменсің! Тік тұр!... Қолдарымызды жоғары көтереміз... Сенің қолдарың бұтаққа айналсын! Аяқтарың тамырға айналып, еденді жарып өтсін!... Сенің тамырларың жауған жаңбырдан нәр алып, тереңдей түссін! Сен биік әрі мықтысың...
«Тапқыр топ» Шежіре құру.
Адамда қой көзді белгіні анықтайтын ген көк көздіге доминантты. Әкесі жағынан әжесі мен атасы (5,6), атасының шешесі (3) және атасының әкесінің әке-шешесі (1,2) қой көзді; атасының әкесінің (4) көзінің түсі көк болған. Шешесі жағынан (нағашылары) әжесінің (11), әжесінің шешесінің (13), оның шешесінің (15) көздері көк. Ал атасының (12), атасының әкесінің (14) және атасының әкесінің әкесінде (16) қой көзділік белгі тұқым қуалаған. Ал шешесі (10) мен бір ұлының (9)көздері қой көзді де, әкесі (7) мен екінші ұлының (8) көздері көк. Осы мәліметтерге сүйеніп шежіре құрастырыңдар.

-көк көз -әйел

Қой көз -еркек
«Кім жылдам?» Есептер.
1. Әкесі сау, шешесі гемофилия гені бойынша гетерозиготалы болса, отбасының ұрпақтары қандай?
2. Көздері қалыпты көретін ерлі-зайыптылардан дальтоник бала туған. Әке-шешесінің генотипі қандай?
3. Әкесі және баласы гемофилия ауруымен ауырады. Ата-анасының, баланың ең ықтимал генотипін анықтаңдар.
4. Ерлі-зайыптылардың екеуінің әкесі ымырт кезде көрмейтін аурумен ауырады, ал өздерінің көздері дұрыс көреді. Осы отбасында ұлының дұрыс көретіндігінің ықтималдығы қандай?
5. Әкесі және ұлы дальтонизм ауруымен ауырады, ал шешесі –сау. Баланың және ата-анасының генотипін анықтаңдар.
6. Әкесі дальтоник, қалыпты көретін қыз қалыпты көретін жігітке тұрмысқа шыққан. Осы некеден туатын баланың көзінің көруі қандай болады?
7. Ерлі-зайыптылардың екеуінің әкесі ымырт кезде көрмейтін аурумен ауырады, ал өздерінің көздері дұрыс көреді. Осы отбасында қызының дұрыс көретіндігінің ықтималдығы қандай?
8. Ақшам соқыр әйелдің шешесі мен ағасының көзі қалыпты көреді. Әйелдің бірінші ұлының ауру болып тууының ықтималдығы қандай?
9. Шешесі сау, әкесі ауру отбасында ауру бала тууының ықтималдығы қандай?
10.Шешесі сау гомозиготалы, әкесі гемофилиямен ауыратын отбасының ұрпақтары қандай болмақ?
Тест тапсырмалары
1.Адамда алты саусақтың болуын доминантты геннің, ал бес саусақтың болуын рецессивті геннің анықтайтыны белгілі. Бес саусақты әйел, гетерозиготалы алты саусақты ер адамға тұрмысқа шыққан. Отбасында алты саусақты бала болуының ықтималдылығы қандай?
А) 25%; В) 50%; С) 75%; Д) 100%; Е)12,5%.
2. Қара көзді жігіт көк көзді қызға үйленеді. Қара көзді белгі көк көздіден басым. Олардан қара көзді 8 бала туады. Осы отбасындағы балалардың генотипін анықтаңдар.
А) АА; В) Аа; С) аа; Д) Аааа; Е) АААА.
3. Гетерозиготалы организмдер(AaBb; AaCc; AaDd) қандай типті гаметалар түзеді?
А) 2; В) 4; С) 6; Д) 8; Е)10.
4. Қой көзді оңқай ер адам көк көзді оңқай әйелге үйленеді. Олардың бірінші баласы көк көзді солақай болды. Осы баланың генотипі қандай?
А) AaBb; В)AAbb; С)aaBB; Д)aaBb; Е)aabb.
5. Балаларының қанының топтары І; ІІ; ІІІ және ІV болса, ата – анасының генотиптері қандай болады?
А) АО х ВО; В) ВВ х ВО; С) АВ х АВ; Д) АО х АВ; Е) АВ х ОО.
6. Егер ата – анасының қанының топтары ІІІ және ІҮ болса, олардан ІІІ топты бала тууының ықтималдылығы қандай?
А) 25%; В) 50%; С)75%; Д) 100%; Е) 12,5%.
7. Адамда түнде көрмейтін ауру доминантты белгі ретінде тұқым қуалайды. Шешесі сау, әкесі гомозиготалы ауру отбасында ауру бала тууының ықтималдылығы қандай?
А)25%; В)50 %; С)75%; Д)100%; Е)12,5%.
8. Қай заң белгілердің тәуелсіз тұқым қуалауын дәлелдейді?
А) Мендельдің 1-заңы; В) Мендельдің 2-заңы; С) Мендельдің 3-заңы; Д) биогенетикалық заң; Е) гаметалардың тазалығы.
9. 13 : 3, 12 : 3 : 1 қатынасында белгілердің ажырауы гендердің өзара әсерінің қай типіне жатады?
А) комплементарлық; В) полимерлік; С) эпистаздық; Д) плейотропты; Е)кодоминаттылық.
10. Моногибті будандастыруда организмдер қанша белгілерімен ажыратылады?
А) 2; В) 3; С) 1; Д) 4; Е) 6.