«Статистиканы? жалпы теориясы» электронды? о?у ??ралыны? тапсырмалары мен тест тапсырмаларын жаса?тау


ІІ «Статистиканың жалпы теориясы» электрондық оқу құралын жасақтау
2.3«Статистиканың жалпы теориясы» электрондық оқу құралының тапсырмалары мен тест тапсырмаларын жасақтауӘлемдегі миллиондаған программистер Delphi-де жұмыс жасайды және олардың көбісі Delphi-де мәліметтерді өңдеуге және сақтауға арналған программалар құрады. Күнбе-күн коммерциялық және жеке мәліметтерді санамағанда (адам аттары, мекен-жайлар, есепшоттар) визуальды интерфейс көмегімен жұмыс істеу керек болатын көптеген ақпараттар бар: дыбыс файлдары, видео көріністер, WEB – парақшалары және т.б. Осындай көп ақпарат арасында өзімізге керекті мәліметтерді алу үшін, оларды өңдейтін программалар қажет.
Delphi-ді жүйені тез және визуалды құру ортасы деп атайды. Себебі ол өзіне компилятормен қоса редактор және көптеген дайын программалар жиынтығын қамтиды. Delphi – де шамамен 200 – ге жуық дайын компоненттер бар және де өзіндік компоненттер құруға болады.
Программа құруға ыңғайлы тамаша ортаның бірі – Delphi ортасы. Оны оқып үйрену, түсіну және логикалық ойлауға өте қарапайым, әрі жеңіл. Delphi программалаудың структуралық тәртібін және программалаудың басқа тілдерге қарағанда жалпы жақсы дамыған. Оның қызықты рекурсивті мүмкіндіктері, сонымен қатар қызықты есептер шығару мүмкіндіктері бар.  
DELPHI – бұл Borland International-дың қосымшаларды тез құруға арналған жеткілікті жаңа өнімі. Қосымшалармен мәліметтер қорымен "клиент-сервер" архитектурасында, Internet/Intranet, сонымен қатар локальді машиналар және "файл-серверлік" архитектурасында жұмыс істейді. DELPHI тілі объектілі – бағытталған Object Pascal тілінің жалғасы. DELPHI-ге InterBase локальді SQL сервері, есеп беру генераторлары, визуальді компоненттің және информациялық жүйені немесе Windows ортасының қарапайым программаларын кәсіби өндеуде өзінді сенімді сезіну үшін арналған тағы басқа құрылғылар жатады.
Delphi Windows 95, Windows 98 немесе Windows NT операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс істейді. Delphi ерекшелігі: көптеген Delphi-да құрылған программалар негізінен өндіріс және бизнес есептерін шешуге бағытталған. Бұл мәлімметтер қорымен және есеп беру жұмыстары басты шешілу керек есептер болып табылады.
Программалардың сәйкестендірілуі үлкен роль атқарылады. Бұл аппаратпен қамтамассыздандырумен байланысты (HardWare) жекелеген жағдайда мобильді компьютерлерді тарату кең ауқым алуымен байланысты. Дыбыс, сурет, тексттік және цифрлық типтермен берілген информацияларды беру және оқыту, алу үшін арналған техникалық жабдықтардың әрі қарай дамуы.
Delphi-дің Visual Basic және C++ сияқты қолданушы интерфейсі бар. Қазіргі кезде көптеген фирмалар өз программа интерфейсінің стандарты ретінде қабылдады. Қолданушы интерфейсі визуалды құрылатын болғандықтан Delphi ортасында программалауды тез программа құру ортасы делінеді.
Құрудың графикалық ортасынан басқа аспектісі ол-көмекші жүйесінінің күштілігі.
Delphi-да басқа да қазіргі программалау ортасы сияқты, объектілі бағытталған программаларға негізделген. Программа құру барысында дайын компоненттерді, олардың қасиетін, әдістерін және алдын-ала анықталған оқиғаларды пайдалану арқылы аз ғана программа кодымен айналып өтуге болады. Программа құрушыға бұл өзінің программасының қолданушы интерфейсін құру барысында көп уақыт үнемдеуді білдіреді. Delphi қолданушыға өте ыңғайлы, тез программа құруға мүмкіндік береді. Бұл ортаның құрал-саймандары өте көп және керек кезінде актив элемент үшін F1 пернесін басу арқылы көмек алуға болады.
Қоғамды ақпараттандыру – ғылыми – техникалық прогресін жеделдетін қоғамдық байлық ретінде жаппай пайдалану . Қазіргі таңда пайдалануға арналған арнайы программалар мен программалар жабдықтары көптен саналады. Сондықтан да осы зерттеудің өзектілігі ретінде компьютерлік программалық тілдердің ішінде танымал, әрі жетілген түрі болып саналып жүрген Borland Delphi 6.0 программалық тілінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы: тест программалары, кезөкелген пәнді үйрететін программалар және т.б. программалар атқаруға болатынын көрсетіп, ұсынып отырмын. Delphi –дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып ,кейінгі жылдары оның бірте –бірте кеңейтілген 2,3,4,5,6-нұсқалары жарық көрді.Мысалы, 5-нұсқа 1999 жылы ,6-нұсқа 2001 жылдың мамыр айында жарыққа шықты.5,6-нұсқалардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, екеуі де Windows32 операциялық жүйесінің негізінде дайындалған. Тек ,Delphi 6, оған қоса 1991 жылы жарық көрген ,салыстырмалы арзан, Linex операциялық жүйесінің негізінде де жұмыс істей алады Delphi 6-да интернет үшін қосымшаларды дайындау мүмкіндігі кеңейтілген және берілгендер қорымен жұмыс істеуге ұсынылып отырылған кітапқа қарастырылмаған кейбір өзгешіліктер енгізілген.
Delphi програмасын iске қосу үшiн бiз ең алдымен Delphi програмасын орнатуымыз керек. Егер программа орнатылған болса, онда оны әдеттегiдей Iске қосу (Пуск) – Программалар (Программы) - Borland Delphi 6 Delphi 6 командалары арқылы iске қосамыз.Бұл кезде Delphi 6 программасы iске қосылады.Программаны iске қосқанда ең алдымен Delphi програмасының негiзгi үш терезесi экранда көрiнедi. Бұл терезелердiң 1-шiсi Delphi ортасының негiзгi терезесі болып саналады. Бұл терезеде стандарты батырмалар, аспаптар панелi бар және Delphi–дің барлық компоненттері орнатылған, ал 2-шiсi Delphi ортасының негізгі формасы (Form1) деп аталады. Бұл формада барлық компоненттер орналастырылады, ал 3-шiсi Delphi ортасының объект инспектор терезесi (Object Inspector). Терезеде кез келген компонеттердің қасиеттері, шрифты, түсі, көлемі және компонеттерді бір-бірімен байланыстырады, тағы басқа қасиеттерін өзгертеді. 
Сурет 1. Delphi ортасының негізгі формасы (Form1)
Жалпы, формадан код терезесiне өту және код терезесiнен формаға өту үшiн F12 клавишiн басу жеткiлiктi. Жалпы, ортада программа құруға арналған 4-ші, модуль терезесi де iске қосылады (Unit1.pas). Форма терезесiнiң астында орналасатындықтан, ол алғашқыда көрiнбейдi. Delphi-дiң негiзгi терезесiнiң құрамына мәзiр, аспаптар панелi және компоненттер палитрасы енгiзiлген .
2-сурет. Delphi-дің негiзгi терезесi

Windows-тағы сияқты Delphi-де программалар оқиғалар арқылы басқарылады. Мысалы, пайдаланушы программа құру үшiн алдымен формаға компонент орнатуы, форманы не формада орналастырылған компоненттi тышқан арқылы шертуi мүмкiн. Оның әр iс-әрекетi оқиға шақырады. Яғни, оқиға – программаның жұмыс iстеуi кезiнде объект жағдайының өзгеруi.
Delphi-де әр оқиғаға атау берiлiп қойылған. Мысалы, компоненттер палитрасының Button түймесi арқылы формада орнатылған Button1 компонентiн шерту Click (Шерту) оқиғасын шақырады.