Саба? жоспары Будандастыру (9-сынып)


Пәні: Биология
Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Заманауи селекцияның әдістеріСабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға заманауи селекцияның әдістері, будандастыру оның түрлері туралы жан-жақты түсінік беру.
Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып оқушылардың өй өрісін,ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, жауапкершілікке, жан-жақты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Аралас сабақСабақтың көрнекілігі: үлестірмелер, суреттерСабақтың әдісі: Түсіндіру, ауызша, сұрақ-жауапСабақтың барысыI.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен : а) амандасуә) түгендеуб) сабаққа назарларын аударуII.Үй тапсырмасын сұрау1. Селеция ғылымы нені зерттейді?
2. Қолдан сұрыптау деген не?
3. Жануарлардың шығу тегіне сипаттама беріңдер?
III.Үй тапсырмасын пысықтауIV.Жаңа сабақЗаманауи селекцияның әдістері:
1. Шаруашылыққа пайдалы жағымды белгілері бойынша бастапқы ата – аналық жұпты іріктеп алу.
2. Туыстық немесе туыстық емес будандастыру арқылы будандық даралар алу.Будандастыру нәтижесінде гетерозис құбылысы байқалуы мүмкін.
3. Шаруашылыққа пайдалы белгілері бойынша жаппай немесе жеке сұрыптау жүргізу.
4. Сұрыптап алынған даралардың ұрпақтарына сынақ жүргізу, тұқым қуалау қасиеттерін бағалау.
БудандастыруТуыстық будандастыру Туыстық емес будандастыру
(инбридинг) (аутбридинг)
Заманауи селекцияның келксі әдісі – мақсатқа сай әдістемелік сұрыптау. Оның екі жолы бар: жаппай және жеке сұрыптау. Жаппай сұрыптау, әдетте, айқас тозаңданатын өсімдіктерге қолданылады.Жеке сұрыптау кезінде қандай да бір жағымды белгілері бар өсімдік дараларын жеке бөліп алып, қайта егіп, сол белгісі сақталған ұрпақ сақталады.
V.Сабақты бекіту1. Заманауи селекцияда қолданылатын қандай әдістер бар?
2. Будандастыру дегеніміз не?
3. Жаппай және жеке сұрыптаудың ерекшеліктері қандай?
VI.Үйге тапсырма§ 33 оқу, мазмұндау
VII.Оқушыларды бағалау