Ажырау за?ы та?ырыбы бойынша 9 сынып?а арнал?ан саба? жоспары


9 сынып . Биология Пән мұғалімі: Молбасова Гүлбаршын Ариновна 22 сабақ
Сабақтың тақырыбы Доминанттылық заңы. Екінші ұрпақта белгілердің ажырауы. Ажырау заңы. Гомозиготалы және гетерозиготалы даралар.
Сілтеме Жоспар, оқулық,қосымша мәліметтер
Жалпы мақсаты Генетика ғылымының қысқаша даму тарихы туралы түсінік беру арқылы одан ары қарай білімін дамыту
Күтілетін нәтиже Барлық оқушылар: Ажырау заңын түсінеді. Дәптермен жұмыс жасайды. Кейбір оқушылар: Деңгейі төмен және жоғары сұрақтарды қойып үйренеді Жекелеген оқушылар. Оқушының сыни ойлауы дамиды, оқушы шығармашылығы, ізденісі дамиды, көшбасшылығы айқындалады
Негізгі идеялар Доминантты және рецессивті белгілері бар тұқымдардың F2-де сандық арақатынасы 3:1 болады. Бір жұп белгілердің осындай арақатынаста ажырауыМендельдің екінші заңы немесе ажырау заңы деп аталады. Ажырау заңының негізінде доминантты және рецессивті гендердің гетерозиготалық организмде бірімен бірі араласып кетпей, гаметалар түзген кезде таза күйінде ажырайтындығында жатыр. Бұл құбылыс генетика ғылымына гаметалардың тазалық ережесі ретінде енді.
Тәуелсіз тұқым қуалау (тәуелсіз комбинациялану) заңы немесе Мендельдің үшінші заңы баламалы белгілердің әр жұбы ұрпақтарға бір-біріне тәуелсіз тарайды, сондықтан 2-ұрпақта белгілі бір сандық қатынастықта белгілердің жаңа комбинациялары бар дарабастар пайда болады деген тұжырымдама жасайды. Бұл заң тек қана, әр түрлі хромосомалар-да орналасқан гендерге байланысты. Әр гомологты хромосомада орналасқан түрлі гендер бір-бірінен тәуелсіз тұқым қуалайды. 
Оқыту құралдары Үлестірмелер, Қазақстанның физикалық және экономикалық картасы.
Тапсырмалары Сыни тұрғыдан ойлауға сұрақтар
«Миға шабуыл»
Жеке жұмыс
Топтық жұмыс
Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының іс- әрекеті Бағалау
Үй тапсырмасын сұрау Мендельдің заңы бойынша есептер шығару Ұйымдастыру
5 мин.
Қызығушылықты ояту «Миға шабуыл»
Негізгі бөлім:
Мына суретте не бейнеленген?
1. Оқушылар сабаққа дайын екенін байқатады.
2. Оқушылар тақырып арқылы топқа бөлінеді.
Оқушылар сұраққа жауап береді Негізгі бөлім
Топтық жұмыс
Мәтінмен жұмыс жаса
Лекция
Мендельдің екінші заңы: Белгілердің ажырау заңы.
Жаңа сабақты ашу үшін Мендельдің бірінші заңы негізінде қандай заңдылықтар ашылды?
Мендель «Бір немесе екі белгісінде айырмашылығы бар дараларды будандастырғанда қандай өзгеріс болады деп еді?»
Екі белгісі (сары тегіс және жасыл бұлдыр) дараларды будандастырғанда дараларды будандастыру қалай аталады?
Бірінші ұрпақтың гетерозиготалы (будандық) дараларын өзара шағылыстырса, екінші ұрпақта (Ғ2) белгілердің ажырауы жүріп, екі белгі де жарыққа шығады. Ажырау фенотипі бойынша 3:1, ал генотипі бойынша 1:2:1 арақатынасында байқалады, бұл Мендельдің екінші заңы. Мендельдің ІІ заңы:
Белгі: АА – сары, аа – жасыл.
1672590170815001603375160655008775701708150078867018097500P ♀ Aa x Аа ♂
Мейоз
1792605162560001394460162560001572895102870009969501422400097663013271500937260142240007981951422400078867012255500Г аметалар А а А а
Ұрықтану
12750801270000331914518161000F2 Генотип АА Аа Аа аа сары сары сары жасыл
Фенотип 3 1
Дигибридті будандастыру
P ♀ AABB x ♂ aabb
Гаметалар AB ab
F1 AaBb AaBb
P ♀ AaBb x ♂ AaBb
Гаметалар AB, Ab AB ,Ab
aB , ab aB , ab
Белгі: А – сары түсті, а – жасыл түсті, В – тегіс пішінді, b – бұдыр пішінді
Ғ 2 дегі ұрпақтың Пеннет торында орналасуы:
♀ / ♂ AB Ab aB ab
AB AABB AABb AaBB AaBb
Ab AAbb AAbb AaBb Aabb
aB AaBb AABb aaBB aaBb
ab AaBb Aabb aaBb aabb
Жеке жұмыс:
1-есеп. Адамда қой көзді белгі, көк көздіге қарағанда басым, ал оңақайлық, солақайлыққа қарағанда доминантты белгі ретінде тұқым қуалайды. Бұл аталған жұп гендер әртүрлі хромосомада орналасқан. Көк көзді оңқай қыз, көк көзді солақай жігітке тұрмысқа шығады. Олардың екі баласы болған, біреуі көк көзді оңқай, екіншісі көк көзді солақай. Шешесінің генотипі қандай?
Шешуі: есептің шартын кестеге жазамыз.
Белгі Ген Генотип
Қой көзді А Aa, AA
Көк көзді А Aa
Оңқайлық B Bb, BB
Солақайлық b bb
Енді осы некенің үлгісін көрсетейік:
Р ♀ aаBb х ♂ aаbb
Г АB аb аb
Ғ1 aaBb-көк көзді оңқай
Aabb-көк көзді солақай
Жауабы: шешесінің генотипі-ааBb болады. Топта талдайды.
Бір біріне түсіндіреді.
Басқа топқа түсіндіреді
Әрбір оқушы жеке жұмыс жасайды.
Топта талдайды . Постер етіп қорғайды. Топтар бір –бірін толықтырады Бір-бірлерінің пікірлерін тыңдап, сын пікірлер мен өздерінің ойларын ортаға салады, топ пен топ бағалайды.
Топтар бір бірін бағалайды
Сабақты қорытындылау
3 минут
Рефлексия
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма беру 1-есеп. Адамда алыстан көрмеушілік белгі көруіқалыпты белгіде басым, ал қой қөзді белгі, көк көзді белгіден басымдылық көрсетіп тұқым қуалайды. Екі жұп гендер әртүрлі хромосомада орналасқан. Гетерозиготалы еркек, көк көзді көруі қалыпты әйелге үйленгенде қандай ұрпақ күтуге болады.
Шешуі: есептің шартын кестеге жазамыз
Белгі Ген Генотип
Алыстан көрмеушілік А АА, Аа
Көруі қалыпты а Аа
Қой көзді B BB, Bb
Көк көзді B Bb
Р ♀ aаbb х ♂ АаBb
Г ab AB Аb аb
Ғ1 АaBb Ааbb ааBb aabb
Жауабы: бұл некеден туылған ұрпақтардың генотипі және фенотипі 4 түрлі болады.
Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?
Бұл сабақта сен үшін не қиын болды?
Бұл сен үшін неге қиын болды?
Бұл қиындықты ненің көмегімен еңсердің?
Доминанттылық заңы. Екінші ұрпақта белгілердің ажырауы. Ажырау заңы. Гомозиготалы және гетерозиготалы даралар. Оқушыларға сұрақтар қойылады.Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді. Бүгінгі сабаққа анализ жасайды.
Сабақ рефлексиясын жасайды. Сабақты бағалау
Оқушыларды бағалау