?МЖ Есептер шыгару(10 сынып)
Бекітемін:
Пәні: Физика
Сыныбы: 10
Қысқа мерзімді жоспар №40
Сабақтың тақырыбы Есептер шығару.
Сілтеме 1.Ұзақ мерзімді, орта мерзімді жоспар.
2.Мұғалімге арналған нұсқаулық, І деңгей.
3.А. Орақова, Ж. Жартынова «Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару»
4.Ғаламтор .
Жалпы мақсаты Термодинамиканың І заңы, идеал газдың ішкі энергиясы, жылу мөлшері, термодинамикадағы жұмыс формулаларына жаттығу у жұмыстарын орындату арқылы олардың есеп шығару дағдысын дамыту.
Ресурстар Интерактивті тақта, маркерлер, стикерлер, постерлер, оқулық, бағалау парағы, электрондық оқулық 10 сынып, тапсырмалары бар парақшалар.
Күтілетін нәтиже Оқушылар термодинамикадағы жұмыс, термодинамиканың І заңы, идеал газдың ішкі энергиясы, жылу мөлшері формулаларын қорытып шығарады, түрлендірулер арқылы жоғары, орташа, жеңіл есептерді шығарады.
Дереккөз
1. Б.Кронгарт, В.Кем, Н.Қойшыбаев.Физика,10 сынып Алматы, «Мектеп» 2010 ж
2. С.Тұяқбаев, Ш. Тынтаева, Ж.Бақынов. Физика. Есептер жинағы Алматы «Мектеп», 2010
3. Б.Кронгарт, В.Кем. Физика. Дидактикалық материалдар. 10 сынып. Алматы, «Мектеп» 2014 ж
Әдістер Сергіту
«Миға шабуыл»
«Топтық жұмыс»
Бағалау.
Топтық жұмыс. Екі жұлдыз, бір тілек.
Жұптық жұмыс. Ауызша мадақтау
Жеке жұмыс. Критерийлер арқылы.
Жиынтық бағалау
Тапсырмалар 1. Қызығушылығын ояту. Миға шабуыл. Өзара сұрақтар арқылы
2.Топтық жұмыс . Есеп шығару үлгісімен танысу
3.Жұптық жұмыс. Формулалар сөйлейді
4.Жеке тапсырма. Деңгейлік тапсырмалар
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары (мұғалім және оқушы немен айналысады) :
№
Сабақ кезеңдері Әдістер Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының іс- әрекеті
1 Ұйымдастыру кезеңі
(3 минут) Сергіту.
«Топқа бөлу» Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, зейінін сабаққа аудару.
Санау арқылы топқа бөлу.
Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді.
2 Үй тапсырмасын сұрау
(5 минут) «Зымыран сұрақтар»
«Миға шабуыл» .
«Өзара сұрақтар» арқылы
Оқушыларға жауабы қысқа, нақты сұрақтарды оқу.
Оқушыларды сындарлы сөйлеуге ынталандыру үшін тақырыптар бойынша өзара сұрақтар қоюға тапсырма беру.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
3 топ бір-біріне стикерге жазу арқылы өзара сұрақтар қояды және жауап береді.
3
Мағынаны тану.
(18 минут)
Топтық жұмыс.
«Галереяға саяхат» әдісі арқылы есеп шығару үлгісімен танысу
Жұптық жұмыс.
«Формулалар сөйлейді» Топтарға бір есептен беріледі, есепті шығарып, шығарылу жолын түсіндіреді.
Оқушыларды жұпқа бөліп, тапсырма беру . Оқушылар өздеріне берілген тапсырманы орындайды, есеп шығару үлгісін таныстырады.
Ойларын ортаға салып, топта талқылайды.
«Галереяға саяхат » әдісі арқылы топ спикері қорғайды.
Екі оқушыдан бірлесіп «Формулалар сөйлейді» кестесін толтырады.
4 Ой толғаныс.
(14минут). Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар. Тапсырмалары бар парақшаны тарату.
Оқушылар деңгейлік тапсырманы орындайды, есеп шығарады .
5 Кері байланыс
(3 минут) «Маған не қиын болды, не қиын болмады». Оқушылар өзінің сабақта алған әсерлерін стикерге жазып, тақтаға іледі.
6
Үй тапсырмасы.
Кейінгі тапсырмалар. Термодинамиканың І заңын изопроцестерге қолдану (оқу ) .
Кейінгі оқу.
Тест сұрақтарын дайындау.
Топтық жұмыс.
І топ.
Температурасы 15 0 С , массасы 120 г шыны стақанға температурасы 100 0С , массасы 200 г су құяды. Қандай температурада жылулық тепе-теңдік орнайды?
ІІ топ.
Спиртовкада массасы 100 г суды 160 С-тан 710 С- қа дейін қыздырады. Осы кезде массасы 10 г спирт жағылған. Қондырғының ПӘК-ін табыңдар.
ІІІ топ.
Массассы 0,7 кг судың температурасын 200 С-дан 1000 С- қа дейін қыздырып, 200 г суды буға айналдыру үшін жұмсалатын энергия неге тең?
Жұптық жұмыс. Формулалар сөйлейді
№ Тапсырмалар
Оқушы жауаптары
1 Идеал газдың ішкі энергиясының формуласын жазыңдар. Формуладан шаманы анықтау формуласын қорытыңдар. 2 Термодинамиканың І заңының формуласын жазыңдар. Термодинамиканың І заңының изопроцестерге қолданылуын (формуласын) жазыңдар. 3 Температурасы әртүрлі екі сұйықты араластыру нәтижесінде алынған қоспаның температурасын есептеу формуласын жазыңдар. 4 Жылу мөлшері, термодинамикадағы жұмыс формулаларын жазыңдар. Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар.
І деңгей.
Изобаралық қыздыру кезінде газға берілетін жылу мөлшері неге жұмсалады? ( 1 ұпай).
Массасы 2 кг темір қазанға 5 кг су құйылды. Осы қазанның температурасын 20 0С- тан 100 0С- қа дейін жеткізу үшін қанша жылу беру керек? ( 1 ұпай)
Газға 500 Дж жылу мөлшерін жұмсағанда сыртқы күштердің жұмысы 300 Дж болды. Газдың ішкі энергиясының өзгерісі неге тең?( 1 ұпай)
ІІ деңгей
2 моль бір атомды идеал газдың ішкі энергиясы 800 Дж. Изотермиялық ұлғаю нәтижесінде газ 12000 Дж жұмыс атқарды. Ұлғайғаннан кейін газдың ішкі энергиясының өзгерісі неге тең?. ( 2 ұпай)
Бір атомды идеал газдың 2 молін 50 К- ге қыздырған. Газдың ішкі энергиясының өзгерісі неге тең? ( 2 ұпай)
ІІІ деңгей
Көлемі 500 м3 аэростат 10 5 Па атмосфералық қысымдағы гелиймен толтырылған. Газдың температурасын 10 0С- тан 250С- ға дейін өзгерткенде , газдың ішкі энергиясының өзгерісі неге тең? ( 3 ұпай)
Рефлексия
Сабақта мақсатыма жете алдым ба ________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________
Сабақтың тиімді жақтары _________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________
Тиімсіз болған жақтары ___________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________
Келесі сабақта нені ескеру қажет _________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________