?МЖ Есептер шыгару (8 сынып)
Бекітемін:
Пәні: Физика және астрономия
Қысқа мерзімді жоспар №
Сабақтың тақырыбы : Есептер шығару №201 мектеп-лицей
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні: Шілдебаева Айгүл
Сынып: 7 Сабақтағы оқушылар саны: 20 Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:
Сабақтағы оқыту мақсаттары: Оқушылар үйренеді:
Жылдамдық, орын ауыстыру, уақытты есептеу формулаларына есептерді шығарту.
Күтілетін нәтиже Жылдамдық, орын ауыстыру, уақытты есептеу формулаларына есептерді шығарады.
Тілдік мақсаттар Физикалық терминдердің дұрыс қолданылуына мән беру.
Пәнаралық байланыстар Математика
Алдыңғы білім Жылдамдық деген не? Жылдамдық бірліктері
Дерек көздер, ресурстар 1.Б.М. Дүйсембаев, т.б, Физика және астрономия. Алматы «Мектеп», 2015 ж
2.Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, І деңгей
3. Электронды оқулық, 7 сынып
4.В.И.Кем, Б.А.Кронгарт Физика . Есептер жинағы
Жоспар
Жоспар-
ланған мерзім Жоспарланған іс-шаралар Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау түрі
Кіріспе
(3мин) Стикерлер арқылы 4 топқа бөлу Ынтымақтастық ортасын құру. Ережелерді еске түсіреді. Әлеуметтік орта, ынтымақтастық ортаға енеді Ынталанды-
ру
Үй тапсырма-сы (8 мин)
Үй тапсырмасымен жұмыс.
Жылдамдық деген не? Жылдамдық бірліктері.
Түрткі, сынама, қайта бағыттау сұрақтары
1.Қозғалыс жылдамдығы дегеніміз не? Формуласы
2.Егер жол мен жылдамдық белгілі болса, қозғалыс уақытын қалай есептеуге болады?
3.Дененің жылдамдығы өзінің сан мәнінен басқа тағы немен сипатталады?
Мұғалім оқушыларға түрткі, сынама, қайта бағыттау сұрақтарын өткен тақырып бойынша береді.
Мұғалім әр оқушының жауаптарына мадақтау сөздерін айтады.
ойлану
талқылау, диалог
жауап беру
Мадақтау
3 мин
Қызығушылығын ояту
Миға шабуыл . Сұрақтар арқылы
Оқушылар сұрақтарға жауап береді, ой-пікірлерін білдіреді.
Сабақтың тақырыбын ашады. Негізгі бөлімі
(13 мин)
Мағынаны тану
Топтық бірлескен жұмыс. Кіші жоба қорғау.
Төрт топқа есеп беріледі. Шығарылу жолын көрсету.
(«Сынып алдында жалпылай қайталау» әдісі бойынша қорғайды.) Шағын топ ішіндегі оқушылардың жұмысын бақылау. Барлық оқушылардың белсен-ділігін, әрекет түрін, оның сапасын, өзара ынтымағын, нәтижеге жету ниеттерін бақылау. Арнайы рөлдерге бөліну арқылы шағын топта кіші жоба әзірлейді. Топтық жұмысты құрылымдауға үйренеді. Басшы рөлдерге бөледі, бақылайды,
Оқушылар жоба бойынша сұрақтар қояды-жауап береді,
Топ спикері қорғайды. Критерий арқылы бағалау
1.Қорғау тәртібін сақтау: Уақыт және әдептілік;
2. Мазмұнның толық ашылуы;
3. Өмірден мысалдар келтіруі.
5 мин Жұптық жұмыс. Сәйкестендіру
Шағын топтың ішіндегі белсенділігі төмен оқушыны белсенділігі жоғары оқушымен жұптастыруды стикерлер көмегімен ұйымдастыру.
Жаңа тақырып бойынша бойындағы білімдерін пысықтайды.
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Оқушылар-дың танымы, сөйлеу, тыңдалым,жазылымы, оқылымы, ойлау қабілеті артады
Қорытын-
ды бөлімі
8 мин
Ой-толғаныс
Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар Сынып ішіндегі барлық оқушылардың деңгейлік тапсырманы орындауын қадағалау. Әсіресе мұғалімнің назарында А, В, С деңгейіндегі оқушылардың оқу әрекетін бақылау. Оқушылар деңгейлік тапсырманы орындайды.
Жаңа тақырып бойынша өз білімдерін тексереді, сыни ойланады, ақпаратпен жұмыс жасау дағдылары дамиды
Кері байланыс.
5 мин
Маған ұнады, маған ұнамады.
Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын ауызша айтады.
Үйге
Жылдамдық . Жылдамдық бірліктері Оқушылар үйде өздерінің ойларын жаңа тақырып бойынша дәптерлеріне түсіріп келеді , тақырыпты оқып келеді.
7-жаттығу
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау- Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлаймыз? Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс
Рефлексия. Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз?
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Топтық жұмыс. Есеп шығару үлгісімен танысу
І топ
0,5 сағатта 30 км жол жүрген автомобильдің орташа жылдамдығын есептеп шығарыңдар.
ІІ топ
Пойыз 20 м/с жылдамдықпен 30 с бірқалыпты қозғалды. Осы уақыт ішінде пойыз қанша жол жүреді?
ІІІ топ
Ересек адам 2 с ішінде 3 қадам жасайды. Егер бір қадамның ұзындығы 67 см болса, ол қандай жылдамдықпен жүріп келеді?
ІУ топ
12 км/сағ тұрақты жылдамдықпен келе жатқан машина жарты сағатта қанша жол жүреді?
2.Жұптық жұмыс. Сәйкестендіру.
Ойланып, сәйкестігін табыңдар.
1.Жылдамдық
t = S/ υ
2.Жол
υ = S / t
3.Уақыт
υ орт = S / t
4.Орташа жылдамдық
S = υ * t
Жеке жұмыс. Есептер шығару.
1.Мына жылдамдықтардың қайсысы кіші : 440 км/сағ па, әлде 125 м/с пе?
2.Ғарышкер Жерді айнала 41580 км қашықтықты 28000 км/сағ орташа жылдамдықпен ұшып өткен. Ғарышкердің ұшу уақытын табу керек.
3. 1 сағ ішінде құбыр арқылы көлемі 18 м3 мұнай ағып өтеді. Егер құбырдың көлденең қимасының ауданы 100 см2 болса, мұнай құбыр арқылы қандай жылдамдықпен ағып өтер еді?
4. Автомобиль 100 км/сағ жылдамдықпен 20 минут жүрді. Жолдың осы бөлігін 1 сағат 20 минутта велосипедші қандай жылдамдықпен жүріп өтер еді?