Саба? жоспары ?айнау. Меншікті булану жылуы. 8 сынып


Қайнау. Меншікті булану жылуыСабақтың мақсаты: Оқушыларға қайнау процесін түсіндіріп, меншікті булану жылуы туралы мағлұмат беру.Оқушылардың теориялық білімдерін күнделікті өмірмен ұштастыра білуге дағдыландыру жәнеде оқытудың жаңа технологиясымен оқытуға бейімдеуКөрнекілігі: компьютер, интерактивті экран, видеопроекторСабаққа қажетті көрнекіліктер: флипчарттар, электрондық оқулық, деңгейлік тапсырмалар.Сабақ типі: жаңа тақырыпты меңгерту.Сабақ түрі: араласСабақ барысы:І. ҰйымдастыруІІ Үй тапсырмасын ыстық орындыққа отырғызу туралы сұрауІІІ. Жаңа сабақ мазмұныIV. Бекіту.V. Үй тапсырмасыЫстық орындық сұрақтары:• Заттың неше агрегаттық күйлері бар?• Қай зат осы үш күйде де бола алады?• Зат не себепті қатты, сұйық, газ күйінде болады?• Сұйықтың буға айналу процесі қалай аталады?• Сұйықтың бетінде жүретін булану қалай аталады?• Буланудың қарқындылығы неге байланысты?• Сұйық буланғанда энергия жұтыла ма бөліне ме?• Будың сұйыққа айналу процесі қалай аталады?Жаңа сабақ мазмұны• Сұйықтың тек үстіңгі бетінен ғана емес сонымен бірге оның ішінде де бу көпіршіктерінің пайда болуымен жүретін қарқынды булану қайнау деп аталады.Біз кез - келген жер бетіндегі денелерге атмосфералық қысым әрекет ететінін білеміз. Енді осы су көпіршіктері қандай жағдайда осы атмосфералық қысымды жеңіп сырқа шығады? Қайнау кезінде көпіршіктер ішіндегі қаныққан будың қысымы атмосфералық қысымнан төмен болмау керек.• Қайнау сұйықтың қаныққан буының қысымы атмосфералық қысымға тең немесе одан сәл жоғары болатын температурада жүреді;• Қайнау кезінде сұйықтың температурасы өзгермейді. Сұйық қайнайтын температураны қайнау температурасы деп атайды.Қалыпты атмосфералық қысымда әртүрлі заттың қайнау температураларының мәндері анықталған.Кейбір заттардың қайнау температурасы, оС(Қалыпты атмосфералық қысымда 105 Па)сутек - 253 су 100 сынап 357Оттек - 183 сүт 100 қорғасын 1740эфир 35 спирт 78 мыс 2567Алайда сұйыққа түсетін сыртқы қысым атмосфералық қысымға тең болмауы да мүмкін. Атмосфералық қысым қалыпты қысымнан төмен болса онда су төменгі температурада қайнай береді. Биіктігі 5 - 6 мың метр Эльбрус шыңында су шамамен 800С - та қайнайды. Сұйықтың үстіндегі қысымды жасанды түрде төмендетсек, онда кез келген температурада тіпті қату температурасында қайнайды. 32 гПа 25 оС су бөлме температурасында қайнайды. Ал сыртқы қысым 6 гПа болғанда, су 00С - та қайнайды. Судың төменгі қысымда қайнауын қант өнеркәсібінде қолданады. Қант ерітіндісі бар болғаны бірнеше ондаған градуста бұрқылдап қайнайды. Қант сиропының күйіп кету қаупі болмайды және артық су тезірек бөлініп шығады. Керісінше судың бетіне аса жоғары қысым түсіре отырып, судың температурасын 1000С тан жоғары температурада қайнатуға болады. Автоклав құрылғысында тем - ра 200 0 С - қа дейін қызады.Қайнау процесі үзбей жүру үшін оған үнемі сырттан энергия беру керек. Қайнаған сұйықтың температурасы өзгеріссіз қалады. Бірдей массадағы түрлі сұйықтарды қайнау температурасында буға айналдыру үшін әртүрлі жылу қажет болады. Заттардың булану қабілеттілігін сипаттайтын шама меншікті булану жылуы (r) деп аталады.Меншікті булану дегеніміз - сұйықтың бірлік массасын қайнау температурасында буға айналдыруға қажетті жылуды айтады.Q = rm (Дж кг)- өлшем бірлігіҚалыпты атмосфералық қысымда қайнау температурасында әртүрлі сұйық үшін меншікті булану әртүрлі болып келеді. (7 – кесте )IV. Бекіту сұрақтары.1. Қайнаудың алдында сұйықта қандай құбылыстар пайда болады?2. Сұйықтың қайнауының, оның булануынан айырмашылығы неде?3. Сұйықтың қайнауы қай кезде басталады?4. Сыртқы қысымға сұйықтың қайнау температурасы қалай тәуелді болады?5. Бірдей температурадағы су және бу молекулаларының ішкі энергиялары бірдей ме?6. Сынаптың меншікті булану жылуы 0, 3*106 Дж/кг - ға тең дегенді қалай түсінуге болады?Есеп шығару үлгісін түсіндіру.Тақтада ілінген деңгейлік тапсырмалармен жұмыс- №1 конверт0 0С температурада массасы 10 г суды қайнағанға дейін ысытып, одан әрі оны буға айналдыру үшін қандай жылу мөлшері жұмсалады?