Онды? б?лшектерге арифметикалы? амалдар ?олдану


Күні: 14.05.2014 Уақыты:
Пәні: Математика Сынып: 5 Жас ерекшеліктері
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану
Сабақтың типі: интербелсенді
Сабақтың түрі: Білімді бекіту және тексеру сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілі: диалог; топтық және жұптық жұмыс;
Талантты және дарынды балалар: Арсен, Замира, Зәмира, Мадина, Әділ, Рабиға, Айтмұхамбет.
Сыни тұрғыдан бағалау үшін зерттеуге алынған:Айтмұхамбет, Диас, Әлия
Жалпы мақсат: 1.Ондық бөлшектерге амалдар қолдану қасиетін пайдалана отырып, есеп шығару дағдыларын шыңдау
2.Топпен, жеке дара нәтижелі жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
3.Ынтымақтастық атмосферасын орнату
Табыс критерийлері 1. Ондық бөлшектерге амалдар қолдану қасиеттерін біледі.
2. Ондық бөлшектерге амалдар қолдану тәртібін түсінеді.
3. Ондық бөлшектерге амалдар қолдану қасиеттерін есептер шығаруда қолданады.
4.Теориялық түсініктерін пайдалана отырып, есептерді шығаруда пайдалана біледі.
5.Ойларын тұжырымдай біледі.
6.Тиімді тәсілді қолдана отырып, ақпаратты математикалық тілде сауатты түрде жаза алады.
Сілтеме: «Математика» Т.А. Алдамұратова, Т.С.Байшоланов
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: Ондық бөлшектерге амалдар қолдану тәртібін пайдалана отырып, амалдарды орындай білу.
Негізгі идеялар: Ондық бөлшектерге амалдар қолдану тәртібін пайдалана отырып, есептей білу.
Ресурстар: Слайдтар, плакаттар, түрлі-түсті стикерлер, табыс ағашы
Дерек көздері: А.Әлімов Блум таксономиясы (147 бет)
«Математика оқыту әдістемесі» Алматы «Атамұра» 2011ж
СБР №312
Сабақтың бөлімдері Орындалатын тапсырмалар Іс-әрекеттер Қолданылатын модульдер мен тәсілдер
Топқа бөлу 1.Кеспе қағазға жазылған амалдарды орындата отырып, бірдей жауап бойынша топқа бөлу. (Ауызша амалдарды орындата отырып, білімдерін пысықтау)
2. Бір-біріне тілек айту. Балаларды топқа бөліп, бір-біріне сәттілік тілеуі Ынтымақтас
тық атмосферасын құру
білім «Алтын балыққа арналған аквариум» стратегиясы бойынша
«Ой қозғау» Бір топ алтын балыққа арналған аквариумда отырады, басқалары оларға сұрақтар қойып, түсініктеме беруді талап етеді.
Ондық бөлшектерді қосу.
Ондық бөлшектерді азайту.
Ондық бөлшектерді көбейту.
Ондық бөлшектерді бөлу.
Ондық бөлшектерді жуықтау.
Ондық бөлшектерді 10-ға, 100-ге, 1000-ға көбейту.
Ондық бөлшектерді 10-ға, 100-ге, 1000-ға бөлу.
Ондық бөлшектерді 0,1-ге, 0,01-ге, 0001-ге көбейту.
Ондық бөлшектерді 0,1-ге, 0,01-ге, 0001-ге бөлу
Ауызша мысалдар қарастыру:
1.Әр топ ондық бөлшекке аралас арифметикалық амалдар қолдануға берілген тапсырма жазып, бір-біріне береді.Орындалған тапсырманы топ мүшелері қорғайды.
Арифметикалық амалдарды орындау ережелерін сұрау. Диалог
Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту
түсіну
3.CБР №312 «Ондық бөлшектерге амалдар қолдану мысалдары»
Ондық бөлшектерге амалдар қолдану тәртібін талдау Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
қолдану 4.Есептер шығару (Оқулықпен жұмыс)
№1446
х+2,4∙4=18х+2,4=18:4
x+2.4=4,5
x=4,5-2,4
x=2,1 Жауабы:2,1 м/с
№12
Базардан жүзім және қарбыз сатып алынды. Бір килограмы 80 тенгеден 2,25 кг жүзім сатып алынды, ал қарбыз үшін одан 1,2 есе кем ақша төленді.Жүзім және қарбыз үшін неше тенге төленді?
Шешуі:80∙2,25+80∙2,25:1,2=180+150=330Жауабы:330 тенге Слайдта жазылған есепті теңдеу құру арқылы шығарту
Слайдта жазылған есепті өрнек құру арқылы шығарту Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Сергіту сәті: «Балапандар» жаттығуын жасау
талдау
«Тарсия» бағдарлама
сымен жұмыс 5.Шығармашылық жұмыс.(Конвертке салынған қиылған фигуралардағы тақырыпқа сай тапсырмаларды орындата отырып, фигура құрастыру)
Әр топқа берілетін шығармашылық тапсырмалар Талантты және дарынды балалармен жұмыс
жинақтау
«Activote» құралымен жұмыс істету 7. Алған білімдерін жинақтау, қолдана алу мақсатында тақырыпқа сай тест жұмысы
Оқыту мен оқуда
АКТ – ны
пайдалану
бағалау
формативті бағалау Топ мүшесі кім қалай жұмыс істегені туралы табыс критерийі бойынша пікірін білдіреді Топтағы бақылаушы өз тобына баға береді. 1.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
рефлексия Сабақ туралы өз ойларын білдіру.Әр оқушы өзінің бүгінгі білімін бағалай отырып, өз біліміне сәйкес түсті алманы «Табыс ағашына» іледі. Кері байланыс орнату
Үйге тапсырма «Ондық және жай бөлшектер» тақырыптарына күрделі 5 тапсырма орындау.