Онды? б?лшектерге арифметикалы? амалдар ?олдану.
Пән: математика
Сынып: 6 Күні: ___________
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану.
Сабақтың мақсаттары:
Оқушылардың жай бөлшектерді қосу, азайтуға, көбейту және бөлуге есептер шығара алуға үйрету.
Оқушыларды ойландыруға, ойын жеткізе білуге белсенділігін көтеруге, ұқсастық пен қарама-қайшылықты байқауға дағдыландыру. Жай бөлшекті қосқанда және азайтқанда бөлімдері әр түрлі болған жағдайда ортақ бөлімге келтіру керек екенін білуге, жай бөлшектерді көбейткенде және бөлгенде бөлшектерді қысқарту керек екенін есептер шығаруда қолдана білуге дағдыландыру.
Негізгі мақсатқа табандылықпен жетуге, жауабын негіздей білуге, өзін-өзі бағалай білуге тәрбиелеу.
Оқыту әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау, иллюстративті суреттерді көрсету арқылы
Қолданылатын көрнекіліктер: оқулық, жұмыс дәптері, интерактивті тақта, компьютер, кесінді карточкалар, логикалық тапсырмалары бар плакаттар.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру. Оқушыларды түгелдеу. Дайындығын тексеру.
Оқушылардан сұрақтар қою арқылы өткен сабақтарға құрақтар қою.
Сұрақтар
Жай бөлшекті қалай түсінеміз?
Алым, бөлім айырмашылығы неде?
Бос ыдысқа не салынады?
Жай бөлшекті қалай қосамыз? Қалай азайтамыз?
Дастархан басында не керек?
Жай бөлшекті қалай көбейтеміз?
Жай бөлшекті қалай бөлеміз?
Жай бөлшекпен неше амал орындауды білеміз?
Санның бөлігін қалай табамыз?
1 жұмыртқа 4 минут піседі, 5 жұмыртқа неше минут піседі?
Қаз бір аяғымен тұрса 12 кг тартады, екі аяғымен тұрса неше килограмм тартады?
Бөлігі бойынша санды қалай табамыз?
3.Қанша бөлік боялған? Қанша бөлік боялмаған? Интерактивті тақтадан мынадай суреттерді көрсетіп осы сұрақтарға оқушылардан жауап алу.
Интеракті тақтадан лупаның көмегімен картинаның астындағы бөлшектерді оқу. Олардың дұрыс бөлшектер екенін атау және осы дұрыс бөлшектерге қосу және азайтуға мысалдар келтіру.
Интерактивті тақтадан лупаның көмегімен картинаның астында тығылып тұрған сандарды анықтау. Олардың бұрыс бөлшек екенін анықтау. Бұрыс бөлшектерді аралас сан түріне келтіру.
Интерактивті тақтадан тағы да лупаның көмегімен суреттің астындағы аралас сандарды оқу және дәптерге жазу.
Әр оқушыға жеке карточкалар таратылады. «Кім жылдам» карточкаға аты- жөндері жазылады. Есептерді шығарып болған соң оқушылар карточкаларын ауыстырады. Мен интерактивті тақтадан есептердің жауаптарын көрсетемін олар жауаптарын салыстырып, қателері болса түзетеді.
Карточкамен жұмыс «Кім жылдам»
№1 карточка
№1 карточка жауаптары
Интерактивті тақтада дұрыс және бұрыс бөлшектердің бірнешеуі жан-жақта шашырап жатыр. Ортада дұрыс бөлшектер деп аталатын контейнер орналасқан. Сол контейнерге дұрыс бөлшектерді салу керек. Оқушыларды тақтаға шақырып, дұрыс бөлшектерді контейнерге салдыртамын.
Дәл жаңағыдай әр түрлі бөлшектер шашырап жатыр. Ортада бұрыс бөлшектер деп аталатын контейнер орналасқан. Осы контейнерге осы бөлшектердің ішіндегі бұрыс бөлшектерін орналастыру керек.
Мына берілген тортты қалай бөліп жейміз? Оқушылардың әрқайсысы қанша бөлігін алады? Торттың суреті интерактивті тақтада көрсетіледі.
Сергіту сәті: Ойын«Тапқыштар»Мақсаты: Әр түрлі тақырыптағы астарлы сұрақтарға жауап іздеу арқылы баланың логикалық ойлауын дамыту.Тапқырларға арналған әзіл викторина-Елекпен су тасуға болады ма? (болады, мұз күйінде)-Аңшы көлде жүзіп жүрген үйректерді бір оқпен атса, көлде неше үйрек қалады? (қалмайды, бәрі үркіп ұшып кетеді)-Есік пен терезенің арасында не тұр? («пен» тұр)-Орыс күнтізбесінде ең қысқа ай қай ай? (Май- үш әріптен тұрады)-Қай өзен ең қорқынышты ? (Тигр өзені)-Страус өзін құспын деп айта алады ма? (Жоқ, ол сөйлей алмайды)-Нені дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды? (сабақты)-Жасыл доп Сары теңізге құласа не болады? (су болады)-Қай қолмен шәйді араластырған дұрыс? (шәйді қасықпен араластырған дұрыс)-Қандай сұраққа «иә» деп жауап бере алмаймыз? (ұйықтап жатырсыз ба?)-Жаңа жылда адамдарды жаппай құлататын табиғат құбылысы ? (мұзтайғақ)-Он жұмыртқа салынған себетті екі рет түсіріп алсаң нешеуі қалады? (бәрі жарылып қалады)Сабақты бекіту кезеңі.
Сөйлемді аяқтаңдар.
Егер бөлшектердің көбейтіндісі 1-ге тең болса, онда олар өзара ... сандар деп аталады.
Жай бөлшектің алымын да, бөлімін де бірдей санға бөлуді бөлшекті.... деп атайды.
Егер бөлшектің алымы бөлімінен кіші болса, бұл бөлшектер.... бөлшектер деп аталады.
Егер бөлшектің алымы бөлімінен үлкен болса, онда бұл бөлшектер ..... бөлшектер деп аталады.
Бүтін саннан және бөлшек саннан тұратын бөлшек ...... сан деп аталады.
Кез келген санды 0-ге көбейтсе, .... шығады.
Кез келген санды 1-ге көбейтсе..... санның .... шығады.
Үйге тапсырма есеп құрастырып келу. Есептер жай бөлшектермен орындалатын амалдарға байланысты болуы керек.
Оқушыларды бағалау, сабақты қорытындылау.