Алфавит. Программалау тіліні? синтаксисі. 7 класс
Сабақ Пән: Информатика Мұғалім: Нусупова А.Б. Сабақ өтілетін күн: 28.11.2016ж
Сынып 7 «а» сынып Сабақ тақырыбы Алфавит. Программалау тілінің синтаксисі.
Жалпы мақсаттар Паскаль тілінің алфавитімен танысады. Программаның құрылымымен танысып, арифметикалық өрнектерді программалау тілінде жазып үйренеді. Ұшқырлыққа, ойын тез жинақтауға, топта жұмыс істеуге дағдыланады.
Түйінді идеялар Программалау, Паскаль программалау тілі, программалау тілінің әліпбиі, Паскаль тілінің элементтері
Әдіс-тәсілдер Топпен, жекелей, АКТ, миға шабуыл, кубизм әдісі, сұрақты қағып ал, деңгейлік тапсырмалар, ойлан жауап бер, өзін-өзі бағалау, кері байланыс.
Көрнекіліктер Үлестірмелі тапсырма мен конверттер, стикер, проектілі тақта, қима қағаздар
Дереккөз
дер Оқулық, дидактикалық материалдар, интернет ресурстары
Оқыту нәтижелері Паскаль программалау тілінің алфавиті, программалау тілінің синтаксисімен танысады.
Достарымен еркін қарым-қатынасқа түседі
Өз ойын қорғай алады
Шығармашылықпен жұмыс істей алады
Сабақ барысы Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сабақ кезеңдері
1-кезең.
Қызығушылықты ояту: 3 мин
7 мин
Екі түсті квадрат бойынша топқа бөлу.
Топ ережесін еске түсіру. Сабақ барысынды бағынуға шақыру.
Әр топқа бағалау парақшаларын тарату.
1- тапсырма.
Кубизм әдісі. Әр топқа кубикте шыққан түс бойынша конверттегі тапсырманы беру.
Алгоритм және оның қасиеттері туралы айтып бер.
Алгоритм типтері туралы айтып беріңдер
Алгоритмді атқарушылар, жазу формалары
Алгоритмнің блок схема түрінде жазылуы және блоктарды ата. Оқушылар әріптер жазылған екі түсті қағазды ала отырып топқа бөлінеді. Қағазда жазылған әріпті параққа жабыстырып топтың атын шығарады.
Ережені бір оқушы тақтадан оқиды, естеріне түсіреді
Сабақ барысында топ басшысы өзін және топ мүшелерін сабақтың әр этапы бойынша бағалап отырады.
Кубикті лақтырады, қай түс келеді, сол түсті конверттегі тапсырманы орындайды. Топпен ақылдасып жауап береді.
Мұғалім жасырын белгі салып кеткен оқушы жауап беруді бастайды.
2-кезең. Мағынаны ажырату:
3-кезең.
Ой- толғаныс:
10 мин
5 мин
2 мин
2мин
10 мин
2 .1 Жаңа сабақтың мақсаты. Оқушыларға «Балалар, алгоритмді компьютерде орындау үшін не істеу керек?» деген сұрақтар қояды.
2.2. Жаңа тақырып. Әр топқа оқып меңгеруге арналған материалдар үлестіріледі. Тақырыпты оқып, түсініп, топ ішінде пікір алмасу үшін бөлініп беріледі.
мысал. Екі санның қосындасын табу программасын құру керек.
Program kosindi;
Var a, b, x: integer;
Begin
Write (‘екі сан енгіз');
Readln(a, b);
X:=a+b;
Writeln(‘x =’,x);
End.
2.3 «Теңбіл доп» ойыны миға шабуыл әдісі. Мұғалім сұрақ қояды. Жауап бере алмаса топ мүшелері көмектесе алады.
Программа дегеніміз не?
Программалау дегеніміз не?
Оператор дегеніміз не?
Паскаль тілін ұсынған ғалым?
Арифметикалық амалдарды ата.
Арифметикалық және логикалық функцияларды ата.
АВС программасын ұсынған ғалым. Қай жылы
Программа құрылымын ата.
2.4 Сергіту сәті. «Физминутка»
2.5 Деңгейлік тапсырма
А деңгейі. Программа құрыңыз:
36 div 7
В деңгейі . Екі санның бөліндісін табу программасын құру керек.
Program bolindi;
Var a, b, x:real;
Begin
Write (‘a, b-сандарын енгіз');
Readln(a, b);
X:=a/b;
Writeln(‘x=’,x);
В – тобыC деңгейі Р=а+в+с формуласына программа құрңыз.
Program esep3;
Var a, b,c,x:real;
Begin
Write ('үш сан енгіз');
Readln (a,b,c);
X:=(a*b)/c;
Writeln('x=', x);
end. Оқушылар сұраққа жауап бере отырып, жаңа сабақты оқып, үйренуге өз мақсаттарын қояды.
Әркім жекелей тақырыпты меңгеріп, бірлесіп шешім қабылдайды. Топ ішінде пікір алмасады.
Мұғалім мысалды тақтадан түсіндіреді.
Оқушылар сұраққа шапшаң жауап береді. Жауап беруге қиналса, басқа топ мүшелері көмектесе алады.
Әр елдің амандасуымен таныстыру
Әр оқушы компьютерге А-деңгейінен бастап, шамасы жеткенше деңгейлік тапсырмаларды орындайды
3 мин 3.1. Сұрақты қағып ал. Тест сұрақтары
Компьютерден тест сұрақтарына жауап береді
Келесі оқуға арналған тапсырмалар. 1 мин 59 беттегі бақылау сұрақтарына жауап беру. Өзіңді тексерге ауызша жауап беріңіз. Бақылау сұрақтарының жауаптарын дәптерге жазады. Тестке ауызша дайындалады.
Бағалау 2 мин Бағалау парақшасы арқылы бағалау, Топ жетекшісі және өзін-өзі бағалайды.
Рефлексия сабақтан алған әсерлерін көрсету Сабақтан алған әсерлерін бағалайды
Тексерілді ____________________