Программалау-алгоритмді формальді жазу т?сілі (7-сынып)
Паскаль тілінде мәліметтерді енгізуді және шығаруды ұйымдастыру “
Сабақ өтетін сынып – 9
Сабақтың мақсаты:
А. Білімгерлерді мәндерді оперативті жадыға еңгізу және экранға шығару процедураларымен таныстыру, сызықтық құрылымды программаларды құруды үйрету.
Б. Оқушылардың компьютермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілеттерін дамыту.
В. оқушыларды іскерлікке, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: флипчарттар, слайдттар
Жоспары:
Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын тексеру
Мәліметтерді еңгізу операторы. Сандық және символдық мәліметтерді еңгізу.
Мәліметтерді шығару операторлары.
Белгілі бір формат бойынша мәліметтерді шығару.
Жаттығу программалары
Компьютерде тапсырмалар орындау
Сабақты бекіту сұрақтары
Үйге тапсырма
Қорытынды
Үй тапсырмасын тексеру:
Паскаль программалау тілі қай жылдарда пайда болды, авторы кім?
Паскаль тілінің жазылу ережесі ?
Программа қандай бөліктерден тұрады?
Паскаль тілінің алфавті және сөздігі
Меншiктеу операторы.
Атаулар /идентификатор/ жазылу ережесі
Begin және end операторларының қызметі
Меншiктеу операторының көмегiмен айнымалыға немесе функцияға есептелiп отырған өрнектiң мәнi меншiктеледi. Ол үшiн “:=” белгiсi қолданылады. Бұл белгiнiң сол жағында айнымалының немесе функцияның аты, ал оң жағында олардың қабылдайтын мәндерi немесе сол мәндердi есептейтiн өрнек жазылады.
Begin және end операторлық жақшаларға алынған орындалатын операторлардың тiзбегiнiң жиынтығы құрылымды операторды сипаттайды:
Тұрақты шама және айнымалы шама дегеніміз не?
Практикалық тапсырма
Өрнекті Паскаль тілінде жаз:
Санды экспонента түрінде жаз:
Экспонента түрінде берілген санды стандартты түрде жаз:
Сәйкестендіру тестісі
Мәліметтер типі
Integer – бүтін сан
Real –нақты сан
Char –смволдық шама
Boolean –логикалық шама
String- тіркестік
Text – мәтіндік
Жаңа тақырып
Есептi шешу үшiн қолданылатын арифметикалық әрекеттердi сипаттайтын құрылымдарды операторлар деп атайды.. Бұл операторлар бiр-бiрiнен “;” тыныс белгiсiмен ажыратылады. Паскаль тiлiнiң барлық операторларын екi- жәй және күрделi– топтарға бөлуге болады.
Стандартты енгізу файлы болып пернетақта, ал шығару файлы болып дисплей экраны саналады
Read (ln)- сандық мәндерді, символдарды, жолдарды клавиатурадан енгізеді.
Жазылу форматы : Read (ln)(айнымалылар тізімі);
Жазылу түрлері:
Read операторы орындалған соң курсор сол жолда қалады.
Readln-операторы жаңа жолға түсіп айнымалы мәнін ендіруді сұрайды.
Паскаль тілінде нәтижені экранға шығару үшін WRITE (жазу) операторы қолданылады. Айнымалының мәнін, өрнектің мәнін, тексті экранға шығарады.
жазылу форматы: WRITE (ln) (параметр);
Жазылу түрлері:
WRITEln (өрнек) – өрнектің мәнін экранға шығарады
WRITEln (х)-х айнымалының мәні экранға шығады.
WRITEln (‘текст’)-апостроф ішіндегі сөзді экранға шығарады. Мысалы WRITEln (‘сәлем’);
Шығарылатын параметрлер бір-бірімен үтір арқылы ажыратылады.
Жаттығу программалары:/оқушылар программаны мұғаліммен бірге орындайды /
1-тапсырма
5+3 қосындысын табу программасы
Program kosyndy;
Begin
Writeln(5+3);
End.
2-тапсырма
Сәлем!
Мен Паскальмын.
Дос болайық! деген тексті шығару бағдарламасы
Program text;
Begin
Writeln(‘Сәлем’);
Writeln(‘Мен Паскальмын’);
Writeln(‘Дос болайық’);
End.
Компьютерде тапсырма орындау
Program Perimetr;
Var A,B,C,P: Real;
Begin
Writeln(‘ үшбұрыш қабырғаларының мәнін енгіз…’);
Read (A,B,C); {алғашқы мәнін беру}
P:= A+B+C; {периметрін есептеу}
Write ( ‘Үшбұрыш периметрі P=’P); {жауабын жаздыру}
End.
Тақырыпты бекіту сұрақтары:
Енгізу, шығару операторларының негізгі қызметі қандай?
Адамдар мен компьютер арасында мәлімет алмасу мақсатында қолданылады.
Read (ln)- сандық мәндерді, символдарды, жолдарды клавиатурадан енгізеді
Паскаль тілінде нәтижені экранға шығару үшін WRITE (жазу) операторы қолданылады. Айнымалының мәнін, өрнектің мәнін, тексті экранға шығарады.
Үйге тапсырма
Шеңбер ұзындығын есептеу программасын жазу
Енгізу-шығару операторлары / оқуға/
Электрондық кестелер. Кестелік процессордың терезе интерфейсі.
Досқабылова Жұлдыз
Сабақтың тақырыбы: Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары. Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ЕХСЕІ кестелік процессоры, негізгі түсініктер мен амалдар, Excel мүмкіндіктері, жұмыс кестесінің элементтері, жаңа құжатты сақтау, құру, ашу, берілгендерді енгізу және оларды редакциялау туралы білімдерін өздігімен қалыптастыру.
Тәрбиелік: Компьютермен ұқыпты жұмыс жасауға, жан – жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың көре және ести отырып, есте сақтау және көру қабілеттерін дамыту, ойындар арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі:топтық жұмыс, топтар жаңа тақырыпты түсіндіреді, өзін-өзі бағалау
Пән аралық байланыс: тарих
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Практикум элементерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Компьютер, оқулық, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушылардың құрал – жабдығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
I . Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Өткен тақырыптар бойынша оқушыларға сұрақтар қойылады:
1) Электрондық кестелер қайда қолданылады?
2) Excel программасын қалай іске қосамыз?
3) Excel мен Word процессорынан айырмашылығы атаңыздар?
4) Excel-дің жұмыс кітабы дегенді қалай түсінесіңдер?
5) Баған мен жолдардың қиылысы қалай аталады?
Үйге берілген тапсырманы тексеру мақсатында оқушылардан тест алынады. 7 сұрақтан құралған тест.
1. Іргелес ұяшықтардың вертикаль бірлесуі?
а) жол
ә) баған
б) сызықтық кесте
в) тіктөртбұрышты кесте
2. Іргелес ұяшықтардың горизонталь бірлесуі?
а) жол
ә) баған
б) сызықтық кесте
в) тіктөртбқрышты кесте
3. Microsoft Excel дегеніміз:
а) мәтіндік редактор
ә) кестелік процессор
б) вирустан қорғау программасы
в) барлық варианты дұрыс
4. Электрондық кестеде дерек сақтауға арналған ең кіші элементі:
а) баған
ә) жол
б) ұяшық
в) ұяшықтар диапазоны
5. Кестелік процессор – бұл … жұмыс жасауға негізделген программалық құрал
а) Кестелік мәліметтермен жұмыс жасауды қамтамасыз ету
ә) Мәтіндерді құру және редактілеу
б) Кестені сақтау
в) Кең көлемдегі ақпараттық массивтерді басқару
6. MS Excel бағдарламасының кестесінде жеке ұяшықты көрсететін , жолдың номері мен бағананың атын білдіретін ол -…
а) есептеу нәтижесі
ә) ұяшыққа енгізілген формула
б) ұяшық адресі
в) операндтар
7. Бесінші жол мен үшінші бағанның қиылысуында тұрған ұяшықтың адресі:
а) 5С
ә) С5
б) 3Е
в) Е3
6-7 сұрақ дұрыс болса – 3 балл- “5”
4-5 сұрақ дұрыс болса – 2 балл – “4”
3 сұрақ дұрыс болса – 1 балл – “3”
II. Электрондық кесте сөзіне ассоциация жасау
III. Мағынаны тану. Оқушыларға мәтін таратылады. «Балық қаңқасы», «Кластер» әдістері бойынша презентация жасап, постер қорғайды (төменде мәтіндер берілген):
Электрондық кестелер
1980 жылы кестелік процессорлардың пайда болуы кестелік құжаттарды компьютердің көмегімен өңдеуге мүмкіндік туғызды.
Кесте – ақпараттың жолдар мен бағандарда реттеліп берілуі. Кесте жолдар мен бағандардың кез келген санынан құрылуы мүмкін. Кестеде тек бір ғана жол болса сызықтық кесте деп аталады. Бірнеше жолдардан тұратын кесте тіктөртбұрышты кесте деп аталады.
Жол – көршілес ұяшықтардың бірлестігі
Баған- көршілес ұяшықтардың тік бірлестігі
Бағандар мен жолдар қиылысы ұяшық деп аталады. Ұяшықтар деректер сақталатын орын.
Деректердің типтері.
ЭК-дегі мынадай типті деректерді енгізуге болады: мәтіндік, сандық, формулалық (туынды ақпаратты есептеу үшін), датасын және уақытын көрсететін болуы мүмкін.
Мәтіндік жазбалар әріптердің, сандардың және арнайы символдардың, қандай да болса тізбегі. Егер бірінші символ тырнақша, апостроф, бос орын немесе цифрлар кезектесіп келсе, онда мәтін ретінде қабылданады.
Сандық деректер- бұл цифрдан , «+», немесе «-» белгілерінен немесе ондық үтірден басталуы мүмкін.
Дата мен уақыт символдарымен жұмыс істегенде ғасыр басынан бастап енгізілген күнге дейінгі күн сайын анықтайтын реттік нөмір түрленеді.
Электрондық кесте ұяшықтарына деректерді ғана емес, құрамдас функцияларды және формулаларды да енгізуге болады.
ЕхсеІ-дің обьектілерімен өңделген xls кеңейтілуі түрінде берілген файл оның құжаты болып табылады. ЕхсеІ де құрылған файл жұмыс кітабы болып табылады. Әр файл 1ден 255 дейін жұмыс парағы деп аталатын электрондық кестеден тұрады. Әр парақ 65 536 қатардан ж\е 256 бағаннан тұрады. Қатарлар бүтін сандармен нөмірленеді,ал бағандар латын алфавитінің А,В,…,АА,ВВ әріптерімен белгіленеді. Баған мен жолдың қиылысында ұяшық-деп аталатын кестенің негізгі элементі орналасады. Курсор тұрған екпінді ұяшыққа сандар мен мәтін енгізуге болады. Әрбір ұяшықтың жол мен бағандардың белгіленуінен тұратын адресі болады. Мысалы: С22, А21, Е15, Е28.
Берілгендерді ұяшыққа енгізу. Алдымен тышқан курсорын енгізілетін ұяшыққа апарып шерту арқылы оны белгілеп алады. Сол кезде ұяшық қоршауға алынады, сонымен бірге формуланың сол жақ бөлігінде «А1» жазуы көрінеді. Осыдан кейін берілгендер енгізіледі.
Берілгендерді енгізу кезінде формула жолының сол жақ бөлігінде үш батырма тұрады, олар қызыл крест, жасыл белгі, және тең белгісі немес функция белгісі.
Егер қызыл кресті батырманы шертсеңіз, онда енгізу тоқтатылып, ұяшыққа енгендер өшіріледі. Егер батырмасын шертсеңіз, экранда (4 сурет) Функция шебері (Мастер функций) сұхбат терезесі көрінеді. (оны біз алдағы сабақтарда оқимыз)
Берілгендердің ұяшыққа енгізілгеніне көз жеткізу үшін мына әдістердің біреуімен тиянақтау керек:
* Енгізу пернесін басу;
* Формула жолындағы символмен берілген батырманы басу;
* Басқа ұяшықтағы курсорды шерту;
* жұмыс ұяшығынан бағыттаушы пернелердің көмегімен шығу.
Кез-келген электронды кестенің ұяшығына
v Сан;
v Формула;
v Мәтіндік (алфавиттік-сандар) ақпараттарды енгізуге болады.
Сан. Санның мәндері бүтін, ондық бөлшек, бөлшек болуы мүмкін. Оларға арнайы символдар қосылуы мүмкін: $, %, +, -, / және т.с.с. ұяшыққа сыймайтын үлкен сан енгізілсе, онда Excel ұяшықты ########### символдарымен толтырады, сондықтан санды толығымен көру үшін бағанды кеңейтуге тура келеді.
Формулалар: егер сіз = белгісімен басталатын символдар тізбегін терсеңіз, онда Excel оларды формула деп қабылдайды. Мысалы: Д5 ұяшығына формуланы енгіздіңіз: =А5*В5, бұл ұяшықтың мәні А5 және В5 ұяшығындағы мәндердің көбейтіндісіне тең.
Мәтін. Егер сіз сан немесе формула емес символдар тізбегін енгізсеңіз, онда Excel оны мәтін деп қабылдайды. Мысалы: -55,69 немесе 5,36-—мәтін, =А5*В5 —формула, =А5*В5+жады- —мәтін.
Берілгендерді редакциялау. Ұяшықтардағы мәліметтерді редакциялаудың бірнеше әдісі бар:
1) Ұяшықты белгілеп, курсорды қажетті орынға апарып, оны формула жолында редакциялау
2) Ұяшыққа апарып, екі мәрте тышқанды шерту немесе ұяшықты белгілеп және F2 пернесін басу. Бұл жағдайда редакциялау тек қана ұяшықта болады.
Егер бағанның енінен мәтін ұзындау болса, онда ол келесі бос тұрған бағанда көрсетіледі.
Кестенің элементтерін белгілеу. Кестенің бір ұяшығы әр уақытта жұмыс істеп тұрады. Жұмыс істеп тұрған ұяшық қоршаумен белгіленеді. Ұяшықта жұмыс істету үшін бағыттаушы пернелермен курсорды осы ұяшыққа апару немесе тышқанды шерту қажет.
Жұмыс кітабын сақтау. Жұмыс кітабын сақтау үшін файл менюіндегі Сақтау командасын немесе Стандартты аспаптар тақтасының батырмасын шерту керек. Бірінші сақтау кезінде Құжатты сақтау диалогтік терезесі көрінеді, одан Бума өрісінің тізімінен диск, ал төменгі тізімнен кітап сақталатын бума таңдалады. Файл типі өрісінің тізімінде – кітап форматы сақталады. Файл аты өрісіне кітап атын енгізіңіз және Сақтау батырмасын шертіңіз.
Қайта сақтау кезінде Құжатты сақтау диалогтік терезесі шықпайды, кітап автоматты түрде сол файлда сақталады. Кітапты басқа атпен немесе басқа бумаға сақтау үшін Файл менюіндегі Қалай сақтау керек командасы таңдалады, сонда Құжатты сақтау терезесі шығады.
Деректерді өңдеу.
Формула енгізу.
• Формуланы енгізу = тең символы арқылы орындалады.
• Формулаларды ұяшық адрестері мен операторлар арқылы құрастырады
• Формуланы енгізу <Enter> пернесін басу арқылы аяқталады.
Деректердің орнын ауыстыру және көшірмелеу.
Правка-Копировать ;
Правка-Вырезать;
Правка-Вставить командасы арқылы орындалады.
Правка-Копировать және Специальная вставка командасы арқылы арнайы параметрлерді тағайындауға болады.
Жұмыс кестесін автоматты түрде пішімдеу. Формат/Автоформат командасы арқылы кестені автоматты түрде форматтауға болады.
Формат/Условное форматирование арқылы шарт бойынша форматтауға болады.
Файл/Печать командасы арқылы принтерді таңдап, құжаттың белгілі бір бөлігін немесе барлығын баспаға жіберуге болады.
Жұмыс кестесінің беті бойынша орын ауыстыру.
Кестенің қажетті бетіне ауысудың екі жолы бар:
1) Терезенің төменгі жағындағы кестенің таңбасына шерту арқылы.
2) «F5» пернесін басып, Переход терезесіндегі Ссылка ұяшықтың координаталарын енгізіп, Ок бастырмасын шерту керек.
Кестеге жұмыс беттерін қосу үшін Вставка Лист командасын орындау қажет.
Кесте бетінің таңбасының атын өзгерту
Үнсіз келісім бойынша жұмыс беттерінің таңбаларына «Лист1», «Лист2» т.б. меншіктелген. Сол парақтағы ат қою дұрыс. Ол үшін мына әрекеттерді орындаймыз.
1) Қандайда бір парақтың таңбасында мауыстың оң жағын шертіңдер
2) Переименавать командасын таңдағанда сонда ол қара түспен ерекшеленеді. Жаңа ат енгізу қажет.
Бағанның енін және жолдың биіктігін өзгерту.
Кестенің ұяшығына мәтін енгізгенде көбінесе мәтін ұяшық шекарасына сыймай қалады. Бағаның енін мауыстың көмегімен өзгертуге болады. Н\е Формат-Строка(Столбец)-Ширина командасын таңдау керек Жұмыс кестесінің беті бойы бойынша орын ауыстыру. Кестенің жұмыс беттерінің ауыстырылуы. Кесте бетінің таңбасының атын өзгерту. Бағаның енін ж\е жолдың биіктігін өзгерту
IV. Сергіту сәті
V. Практикалық жұмыс.
Ал енді оқушылар практикалық жұмысқа өтейік.
1 тапсырма.
2 тапсырма.
3 тапсырма.
4 тапсырма.
I. Сабақты бекіту.
Оқушыларға семантикалық карта таратылады (Сәйкес торкөздерге кез-келген белгіше қою арқылы дұрыс жауапты табады ):
Семантикалық карта
жауап
сұрақ жұмыс кітабы = тең символы Баған мен қатардың қиылысуы кесте Еnter Кестеге жұмыс беттерін қосу үшін қандай команда орындау қажет
Ұяшық дегеніміз не?
ақпараттың жолдар мен бағандарда реттеліп берілуі
ЕхсеІ де құрылған файл … болып табылады
Мәліметтерді енгізу қай пернені басумен жүзеге асырылады
Формуланы енгізу … арқылы орындалады
Вставка => Лист
(оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын айтып, топ басшысы қорытындылайды)
Бекіту сұрақтары:
1) Электрондық кестелер қайда қолданылады?
2) Excel программасын қалай іске қосамыз?
3) Excel мен Word процессорынан айырмашылығы атаңыздар?
4) Excel-дің жұмыс кітабы дегенді қалай түсінесіңдер?
5) Кестеге енгізілгеннің мәндер емес, формула екенін Excel қалай анықтайды?
VIІ. Бағалау:
Оқушылардың өздері қойған бағалары мен мұғалімнің бағаларын салыстыр