Д?ріс №1 Т?уелсіз ?аза? елі
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз Қазақ елі.
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің тарихы туралы ұғым қалыптастыру, бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенімізді зерделеу:
Ойлау, танымдық қабілеттерін арттыру.
Күтілетін нәтиже: 1. Оқушылар өз бетімен жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастырады
2. Алған білімдерін жүйелей алады
3. Өз ойын, пікірін ашық айта алады
4. Оқушылардың ізденіс нәтижесі анықталады.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер
І Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқушылардың дайындығын тексеру, топқа бөлу.
ІІ Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту. Ой қозғау
Бейнеролик (2-3 мин)
Оқушылар бейнекөрініс арқылы жаңа тақырыптың мазмұнын ашады.
Мұғалімнің сөзі: - Балалар бүгін сабақта, біз Қазақстанның өткен өміріне ораламыз. Еліміздің тәуелсіздігіне қол жеткізген оқиғаларды еске түсіреміз. Сонымен қатар қазіргі Қазақстанның табыстарына баға береміз . Кеінгі Қазақстанның болашағын болжаймыз.
ІІІ Мағынаны тану
Қазақстан: кеше және бүгін
І тапсырма
І-топ Шежірелі Қазақстан - тарихқа шолу.
ІІ-топ. Бүгінгі Қазақстан.
ІІІ-топ Болашақ Қазақстан
Топпен ақылдаса отырып, берілген тақырыпты орындау. Ойларын қағаз бетіне түсіру. Әр топ өз жұмыстарын аяқтаған соң, берілген уақыт бойынша қорғап шығады.
2 тапсырма. "Сен маған - мен саған" Оқушылар бүгінгі сабаққа байланысты мәліметтер бойынша бір-біріне сұрақ қояды.
3 тапсырма.
Сәйкестендіру тесті.
1. 1991 ж 21 желтоқсан 1. Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының
Президенті болып сайланды
2. 1990 ж. 25 қазан 2. Б.Ұ.Ұ мүше болып қабылданды.
3. 1991 ж. 1 желтоқсан 3. ТМД құрылды.
4. 1992 ж. 2 наурыз 4. Қазақстанның егемендігі туралы Декларация
қабылданды
5. 2012 ж. желтоқсан 5. "Мәдени мұра" мемлекеттік
бағдарламасы қабылданды
6. 1997 ж. 10 қазан 6. "Қазақстан" - 2050" стратегиясы жарияланды
7. 2004 ж.
7. "Қазақстан - 2030" Ел президентінің
8. 1986 ж. желтоқсан
Қазақстан халқына Жолдауы жарық көрді
8. Желтоқсан оқиғасы
4 тапсырма.
1. "Қазақстан - ата-бабам мұра етіп қалдырған мекен"
2. Бейбітшілік пен тыныштық - біздің басты тілегіміз
3. Болашақ Қазақстанды қалай елестетесің?
Эссе жазу.
5 тапсырма. " Елімнің ертеңі - ертегі" , "Елге тілек"
Оқушылар жапсырма қағазға жазылған ой тілектерін бақыт ағашына іледі.
V. Бағалау. Топтарда өзара бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
Қорытынды: Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың " Басқаға жалтақтайтын күннен кеттік. Бар байлығымыз өзімізге бұйыратын еттік. Қоғамның саяси тұрақтылығы мен бірлігіне жеттік. Қысқасы, егемен ел болудың ауыр белесінен өттік" ендігі болашақ өз қолдарыңызда. Балалар жарқын келешектің іргесін қаласуға өз білім мен күш жігерлеріңізбен ат салысуға әр кез дайын болуларыңыз керек.
Еліміздің ертеңін ойлап, оны дамытатын да көркейтетін де осы бүгінгі жас ұрпақ өздеріңіз екендіктеріңізді ұмытпаңыздар!