Доклад на тему: ?аза? тілі саба?ында?ы дидактикалы? ойындарды ?олдануды? т?рбиелік негіздері


Бүгінгі таңда білім берудің негізгі кезеңдері оқу-тәрбие процесін дамыту, оны интеграциялау, ізгілендіру, оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескеру мәселелері бойынша белгіленеді.
Ана тілі емес тілдерді пән ретінде оқыту, базистік оқу жоспарына еніп отыр.
Тіл пәндерін оқыту концепциясы брйынша оқушы білім дағдыларын саналы меңгеріп, тіл арқылы бір-бірімен қатынас жасайды. Тіл үйрету барысында тәрбиелі педагогикалық, соцлингвистикалық мақсаттар да іске асырылады. Тіл пәндерін оқыту арқылы оқушылар рухани және эстетикалық сезімдерінің қалыптасуына, өз бетімен білім алуына, олардың жан-жақты дамуына мүмкіндіктер туғызады.
Өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілімізді оқыту мәселесі алдымызға қойған үлкен мақсаттарымыздың бірі болып отыр.
Жалпы қазақ тілін үйренушілер тілді үйренудің алғашқы сатысындағы ауызекі сөзді түсініп, өздері қазақ тілінде көрген-білгенін айтып, оқып жаза алатын болу керек.
Осы мақсаттарға жету үшін біз сабақта оқытудың бірнеше әдістерін: баяндау, түсіндіру, сұрақ қою, дидактикалық түрлі материалдарды қолдану арқылы әр түрлі жұмыс түрлерін жүргіземіз.
Дидактикалық материалдардың мақсаты - оқушылардың тілін дамытуда, тіл үйренуде, сөздік қорын байытуда оқулыққа қосымша құрал ретінде мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету. Мұғалім мұндағы тапсырмаларды оқушылардың қабілетіне, қазақ тілін білу дәрежесіне қарай саралап орындалады.
Дидактикалық материалдардың негізгі мінднті - оқушылардың сөздік қорын байыту, тілін дамыту яғни оларға тіл туралы білімді ғана меңгеру емес қазақ тілінде сөйлесуге, пікір алысуға үйрету. Осыған байланысты сөздерді синонимдерін, антонимдерін табу, мақал – мәделдермен таныстырып, олардың қолдану аясында көрсету, диологтар мәтіндерінің мазмұны бойынша сұрақтар, жоспар құрастыру, шағын әңгіме, шығарма жазу сияқты лексика – грамматикалық тапсырмалар ұсынылады. Грамматика көбінесе қолданбалы сипатта беріледі. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтырмай, тіл үйренуге болмайды, сондықтан әр мәтіннің соңынан фонетикалық тапсырмалар орындатқан дұрыс
Қазақ тілінің дидактикалық материалдары-сынып оқушыларының жас ерекшелігін, қазақ тілін меңгерту дәрежесін, сөздік қорларын ескере отырып, оқушыларға материалдарды толықтыру мақсатында жасалады. Мұнда қысқа және қызықты мәтіндер, өлең, жұмбақ, мақал, түрлі дидактикалық ойындар оқушылардың сөйлесу тілін кеңейту, байыту мақсатында беріледі. Сондай-ақ жаттығу, тапсырмалардың әр түрлері де қамтылады.
Орыс ғалымы, дәрігер, педагог К.А.Покровский «ойын-күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы.Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады»-деген. Ойын баланы қимылға, әрекетке, денешынықтыруға төселдіреді. Сол арқылы өмір күресіне, еңбекке баулиды. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ. Ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың интеллектуалдық қабілеттері,логикалық ойлауы,түрлі көркем шығармаларды пайдалана отырып,ізгілік,адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіреді. Ойын екі немесе одан да көп адамдардан құрылатын топтардың өз мүдделерін іске асыру үшін күрес жүргізу процесі. Әрбір топтың өз мақсаты, стратегиясы болады.
Педагогика саласында пайдаланатын ойындарды - дидактикалық ойындар дейді.
Дидактикалық ойындар баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі,сабаққа эмоциялық бояу береді.
Ойынның мақсаты:1. Баланы пәнге қызықтыру, логикалық ойлауын дамыту.2.Сөздерді орынды қолдану дағдыларын жетілдіре отырып,сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.
3.Таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау, алған білімді тексеру, қызығушылығын ояту,белсенділігін арттыру.
Міндеті: 1)Танымдық: баланың тану, іздену әрекетін дамыту.
2)Тәрбиелік: айналасымен қарым-қатынас жасауға, қажетті дағдыны,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру
  Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді:
1) Балалардың іс-әрекетіне ойын түрлерімен оқуды байланыстыру,біртіндеп қызықты жеңіл ойындардан ойын-тапсырмалар арқылы берілген оқу-тәрбие мәселелеріне көшу.
2) Шарты мен міндеттерін біртіндеп күрделенуі
3) Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің күшеюі
4) Оқу-тәрбие мақсаттарының бірлігі
Дидактикалық ойындардың сапалылығы:
Олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажеті материалдарды алдын-ала дайындап алуына, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруына
байланысты болады.
  Дидактикалық ойын түрлері:
1) Заттық дидактикалық ойындар
Бұл ойын әртүрлі ойыншықтармен ж/е әртүрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
2) «Жаңылтпашты жаңылмай айт», «Мақалды дұрыс оқы», «Мақалды жалғастыр» т.б.
3) Сөздік дидактикалық ойындар, яғни ауызша ойналатын ойындар:
Мыс: Мұғалім бірінші топтың алдына келіп, «өтірік сөз» немесе «ұрлық» деді, оқушылар өтірік сөздің жолы қысқа екендігін және ұрлық түбі қорлық екенін айтып, мақалдар ұйқастырып айтады. Оқушылар осындай ойындарға дағдыланып,жаман қылықтардан аулақ болады.Сабақта викториналық сұрақтар, жұмбақтар,сөзжұмбақтар,ребустар пайдалану өте тиімді.
Оқытудың ойын теориясын қолдануда екі жақты дидактика байқалады:
1.Ойнау үшін білу, үйренудің қажеттілігі.
2. Ойнай отырып, өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтау қажеттігі.
Ойнау теориясы мен практикасын отандық және шет елдік педагог-психологтар, социологтар зерттеуде.
Дидактикалық ойынға «Ғажайып алаң», «Бақытты сәт», ХХI ғасыр көшбасшы, анаграммалар, тренинг-сабақ, «Ойлантап», «Кім  тез», атты ойындар және  викториналар, сөзжұмбақтар, ребустар жатады.
Сонымен қатар ұлттық ойындары  оқушылардың ауызша жеткізу сауаттылығы мен біліктілігін дамыту үшін пайдалануға болады. Ұлттық ойындар- ата-бабалардан бізге жеткен «ханталапай» ойынын топтық жарыс сабағында пайдалануға болады.
Бұл негізгі шарты бойынша шашылған асықты  жинай отырып, жаңылтпашты жаңылмай айтып отыруы керек. Қай топтың баласы қанша асық жинаса, сонша  жаңылтпаш айтуы керек, жаңылтпашты дұрыс,анық айтқан баланың тілі шынығады әрі жылдамдыққа,шапшаңдыққа,ептілікке үйренеді.
  «Арқан тартыс» ойынының негізгі шарты 2 топтың сынасуы болса, қазақ тілі сабағында 2 топ білім сынасады.Мұны былай жасадым: Жуандығы 2 елідей ұзын жіпті тақтаның жоғарғы жағынғы 2 шегеге іліп, ұштарын теңестіріп қоямын.2 топтан 1-1 оқушы шығып, 1 мезгілде мақал-мәтелдерді тоқтамай айтып шығады. Қай топтың оқушысы бұрын шығарса,жіптің ұшын өзіне қарай тартады. Нәтижесінде арқан қай топқа қарай көп жылжыса сол жеңді деп есептеледі. Бұл ойынды барлық пәндерге қолдануға болады.
  Бастауыш сынып апталықтарында «Тапқыр достар», «Бақытты сәт» атты интеллектуалдық ойындарда қазақ тілі пәнінен викториналық сұрақтар түрінде өткіздім.
  Ойын әрекеті негізінен 3 түрлі даму деңгейлерінен тұрады: кәсіптік ойындар, әуестену ойындары, оқу-жаттыу ойындары.
 Педагогтың бала ойынындағы рөлі
Педагог- ұйымдастырушы, ақыл-кеңесші, ойын барысында болатын даулы мәселені шешетін әділ төреші. Ең бастысы - баланың досы.
Қорыта айтқанда
  Дидактикалық ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, олардың ойлау қабілеттерін, ізденімпаздылығын арттырады, сөз қорын молайтуға көмектеседі, сабақта дидактикалық ойындарды пайдалануда оқушыларды  әдептілікке, адамгершілікке, қамқорлыққа, қайырымдылыққа тәрбиелейді.   Мектеп оқушыларының сол пәнге деген белсенділігі артады және бағдарламалық материалдарды қажет деңгейде меңгеруге ықпал етеді.
Балалар ойын барысында тәлім-тәрбиелік маңызы жоғары, адамгершілік, ізгілік қасиеттеріне сезініп, өздерін еркін ұстап, ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттері байқалады. Сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психологикалық түсінікпен сезім әрекетіне сүйенеді.Ойын үстінде бала қуаныш пен реніш сезімдерін сезінеді. » Ойын өмір сүру әдісі емес, бірақ адам әрекетінің құрамды негізі. Ақылды адам дегеніміз ең алдымен ойнайтын адам»,-дейді. Міне,сондықтан адамдарды жасына қарамастан ойын өзіне тартып тұрады»,-дейді.