?аза? тілі саба?ында?ы дидактикалы? ойындарды? ма?ызы


Павлодар облысы Лебяжі ауданы Қарақала ауылы
Потанин жалпы орта білім беретін мектеп
Калиева Идалия Муллахматқызы
Қазақ тілі сабағындағы дидактикалық ойындардың маңызы
Эпиграф:
 Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты.
 
В.М. Сухомлинский
Бала тәрбиесі – қиын да жауапты міндет.Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс, оқшау тұрған емес.Ол қоғамның, заманның бағыт-бағдарымен бірге жүріп отырады
Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабылеті мен белсенділігі де көрінетін туралы ас көрнекті педагог А.С.Макаренко былай дейді : «Ойында бала қандай болса , өмірінде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады»
Шындығында да, бала бар ынтасымен,ықыласымен әрекет жасағанда ғана дамиды.Баланаң эмоционалды жай-күй мен толық дамуы біір-бірімен тығыз байланысты. Осыған байланысты В.Л Сухомлинский : «Мұқият қараңыз,баланың өмірінде ойын қандай орын алады екен ? Бала үшін ойын- өте жауапты іс.Ойын барысында баланың шығармашылық қабылеті ашылып, дамиды.Бәлкім, ойынсыз баланың жан-жақты ойлау қабылеті дамымайтын шығар..»-деген.
Ойын адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Ойын өмірде өте ерте жастан басталып, адамның кәсіпті толық мегергенінше жалғасады. Ал оқыту процесінде жаңа технологияның маңызды бөлігі. Қазақ халқының ұлт ретінде өмір сүруіне оның тілімен қатар салт-дәстүрлердің,әдет-ғұрыптарының маңызы айрықша. Қазақтың мақал-мәтелдері жас ұрпақты ибалы болуға,әдептілікке,мінезін жақсы қасиеттер арқылы имандылықпен инабаттылыққа тәрбиелесе,ақын-жазушылардың көркем шығармалары эстетикалық,этикалық қасиеттерге тәрбиелейді
Ойын баланы қимылға, әрекетке, денешынықтыруға төселдіреді. Сол арқылы өмір күресіне, еңбекке баулиды. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ. Ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың интеллектуалдық қабілеттері,логикалық ойлауы,түрлі көркем шығармаларды пайдалана отырып,ізгілік,адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіреді. Ойын екі немесе одан да көп адамдардан құрылатын топтардың өз мүдделерін іске асыру үшін күрес жүргізу процесі. Әрбір топтың өз мақсаты, стратегиясы болады.Педагогика саласында пайдаланатын ойындарды - дидактикалық ойындар дейді. Дидактикалық ойындар баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі,сабаққа эмоциялық бояу береді.
Ойынның мақсаты:1. Баланы пәнге қызықтыру, логикалық ойлауын дамыту.2.Сөздерді орынды қолдану дағдыларын жетілдіре отырып,сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.
3.Таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау, алған білімді тексеру, қызығушылығын ояту,белсенділігін арттыру.
Міндеті: 1) Танымдық: баланың тану, іздену әрекетін дамыту.
2) Тәрбиелік: айналасымен қарым-қатынас жасауға, қажетті дағдыны,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру
Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді:
1) Балалардың іс-әрекетіне ойын түрлерімен оқуды байланыстыру,біртіндеп қызықты жеңіл ойындардан ойын-тапсырмалар арқылы берілген оқу-тәрбие мәселелеріне көшу.
2) Шарты мен міндеттерін біртіндеп күрделенуі
3) Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің күшеюі
4) Оқу-тәрбие мақсаттарының бірлігі
Дидактикалық ойын түрлері:
1) Заттық дидактикалық ойындарБұл ойын әртүрлі ойыншықтармен ж/е әртүрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
2) «Жаңылтпашты тез айт», «Фонетикалық жаттығулар», «Мақалды жалғастыр» т.б.
3) Сөздік дидактикалық ойындар, яғни ауызша ойналатын ойындар
Әр сыныпта жас ерекшеліктеріне байланысты ойындар іріктеймін, сондай-ақ тапсырмалар арқылыоқушылардың білімін тереңдете түсемін және сөздердідұрыс айтуға,оқуға, есте сақтауын дамытуға көмектесемін. Мысалы:
Фонетикалық жаттығулар
Мақсаты: Оқушылардың оқу шапшандығын жетілдіру,төл дыбыстарды дұрыс айтуын дағдыландыру.
Тапсырма : Берілген сөздерді оқи отырып , сол жақтағы қарамен белгіленген тірек сөзге сәйкес сөзді тауып белгілеңіз.Тапсырманы тез және мұқият орындауға тырысыңыз.
Уақытты белгілеңіз.Егер тірек сөзді таппасаңыз, тоқтамай оқи беріңіз.Тірек және белгілеген сөздердің сәйкестігін барлық сөздерді оқығанан кейін тексеріңіз.
Тапсырма орындалғанан соң пайдаланған уақытты жазыңыз, содан кейін тірке сөздердің белгіленген сөздердің сәйкестігін анықтап, нәтижесін белгілеңіз.
1.Май- сай, ай,лай,қай,май, атай, әкей2.Жер-ер,кел,жел,жең, жер, жек,же3.Ойын- отын, орын,оңай,ойын, ойна4.Бұлан- бұл,бұғы,бұнақ,бұны,бұлан, бұл-бұл5.Сағыз-сызғыш,соңғы,сағыз,сона,шама,сама6.Дәрі-дәл,дән,дәптер,итер,дана,
7.Әже- әзер,әкел,әпер,әдемі,әже,және,жә,жігер8.Мұрын-ұрын,мұнай,сұлу,сұрақ,ұран,мұз,құм9.Гүл-гүріл,гүлім,жүзім,жүгір,гүл,күз10.Қасық-мысық,қалам,жұмбақ,қамыс,намыс,қасық,жеміс 11.Сәбіз-біз.сегіз,сенбі,белгі,ілгіш,етік
12.Шеңбер-шебер,шеге,еге,жөн,жөтел,көйлек,елік,емен
13.Үй-күй,үкі,дүрбі,дүкен,үлкен,жүзім,үзім
14.Жұлдыз-жұмыс,жалбыз,жұлдыз,қамыс,арыс,барыс,керіс
15.Қадам-адам,шыдам,анар,қайнар,жайнар
16. Кұм- күн, үн,ұн,құм,жүн,түн,дым,сым17.Алау-қалау,палау,алау,жалау,сылау,қарау
18.Жөтел-жәрдем,жеген,жен,жөн,жөтел,жүз,күз,сөз,мәз
19.Қызық-суық,қызыл,нәзік, қызық, кезек,тізім,тізе20.Ләйек-сүйек,түйе,кейін,дейін,мезгіл,мүйіз,мәйек, ләйек ,дәйекУақыты ...............................
Белгіленген сөздердің саны ..................................
Фонетикалық жаттығуларМақсаты: : Оқушылардың оқу шапшандығын жетілдіру,төл дыбыстарды дұрыс айтуын дағдыландыру.
Тапсырма : Берілген сөздерді оқи отырып , сол жақтағы қарамен белгіленген тірек сөзге сәйкес сөзді тауып белгілеңіз.Тапсырманы тез және мұқият орындауға тырысыңыз.
Уақытты белгілеңіз.Егер тірек сөзді таппасаңыз, тоқтамай оқи беріңіз.Тірек және белгілеген сөздердің сәйкестігін барлық сөздерді оқығанан кейін тексеріңіз.
Тапсырма орындалғанан соң пайдаланған уақытты жазыңыз, содан кейін тірке сөздердің белгіленген сөздердің сәйкестігін анықтап, нәтижесін белгілеңіз.
1.Қазақ – мазақ, талақ,қазан,қазақ, танау, анау, қалауБұл жолда қандай төл дыбысы анық естілді? Жазыңыз :2. Дүкен- үлкен,дүкен, үйрен,үйден,үштен,үлпілдегенБұл жолда қандай төл дыбысы анық естілді ? Жазыңыз :3.Әріп- әдеп, әсем,әріп, әуен, әңгіме, әлем,сәлемБұл жолда қандай төл дыбысы анық естілді? Жазыңыз :4.Жаңа- ана,жаңа,жуан,жазу, жоба, және, жіңішкеБұл жолда қандай төл дыбысы анық естілді? Жазыңыз :5.Өзен-өнер, өмір,өзен,бөтен,бөгет,бөлек,бөбекБұл жолда қандай төл дыбысы анық естілді ? Жазыңыз :6.Киім—биші,киші,киім,киіз,кірпіш,көмекші,өрмекшіБұл жолда қандай төл дыбысы анық естілді ? Жазыңыз :7.Күн-күз,күн,гүл,түн,түйе,түлкі,туым
Бұл жолда қандай төл дыбысы анық естілді? Жазыңыз :8.Құс- құстар,достар,уыс, қуыс,құс,мұз, тұзБұл жолда қандай төл дыбысы анық естілді ? Жазыңыз :Уақыты ...............................
Белгіленген сөздердің саны ..................................
«Пирамида» құрастыруМақсаты: Бастауыш сынып оқушыларына заттың аты, кім ? не ?- сұрақтарға жауап беретін сөздер/ заттың сапасын,көлемін білдіретін сөздер/ заттың кимылын білдіретін сөздер/ қарапайым ұғым беру,сөз арқылы сөз тіркес,сөйлем құрастыруға дағдыландыру1.Сөз / заттың аты, кім ? не ?- сұрақтарға жауап беретін сөздер/
2.Сөз тіркесі / қандай ?- заттың сапасын,көлемін білдіретін сөздер/
3.Сөйлем. / не істеді?- заттың кимылын білдіретін сөздер/
Мысалы :1.Алма /не?/ сөз 2.Тәтті алма / қандай ?/ сөз тіркесі 3 . Тәтті алма жатыр / не істеді ?/ сөйлем«Поезд» ойыныМақсаты : Сөздерді буынға бөліп оқу барысында ,қазақ тілінде екпін соңғы дауыстыға түсетінін ұғындыру , дағдыландыру
.
А - ТА Ә - ЖЕ БА - ЛАОйын «Тасбақа мен қоян»
Мақсаты : Мәнерлеп оқуға машықтандыру, ақпараты есту барысында әр түрлі деңгейінде қабылдауға үйрету./ тез айту, баяу айту/
дәптер-қалам-сызғыш-өшіргіш-ойыншықтар,құыршақ-текшелер-робот-асхана./ /тез айту/
дәптер-қалам-сызғыш-өшіргіш-ойыншықтар,құыршақ-текшелер-робот-асхана, -баяу айту/
Ойын «Әтеш пен тышқан»
Мақсаты : Мәнерлеп оқуға машықтандыру, ақпараты есту барысында әр түрлі деңгейінде қабылдауға үйрету./ қатты айту, ақырын айту/
қасқыр,жылқы,әтеш,шалбар,көйлек,киім,әткеншек, ағаш,мектеп,сыныпқасқыр,жылқы,әтеш,шалбар,көйлек,киім,әткеншек, ағаш,мектеп,сынып«Суретті сөйлет»
«Бауырсақ» ертегісі

«Бірінші дыбысты ата»
Мақсаты: Сөздегі бірінші дауысты немесе дауыссыз дыбысты ажыратуға үйрету, фонематикалық естуді дамыту. Сөздегі бірінші дыбысты дауыспен белгілеп айтады. Дауысты болса: созып, дауыссыз болса: нақты, күшпен айтылады.
«Соңғы дыбысты тап»
деген ойын дәл осылыай ойналады тек қана соңғы дыбысты белгілеп табады.
«Ұйқтама, сөзді тез ата»
Мақсаты: фонематикалық есту қабілетін дамыту, бастапқы дыбысты басқа дыбыстардан ажырата білуін және басқа сөздегі осы дыбыстармен сәйкестіруін дамыту. Баланың сөздік қорын молайту.
Құралдар: бір дыбыстан басталатын суреттердің атаулары: 2-3 нұсқасы
Ойын барысы: Бұл ойынды балалармен, олар бірінші дыбысты анықтап үйренгеннен кейін ойнауға болады. Cуретті көрсетіп қандай дыбыстан басталатынын сұрау. Сосын осы дыбыстан тағы басталатын сөздерді атаңдар.
«Дыбыс қайда тығылды»
Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін дамыту, сөздегі дыбыстын орнын анықтау.
Ойын барысы: Ойынның алдында балаларға сөздің басы, ортасы, соңы бар екендігін түсіндіру қажет..
«Суретті таңда»
Мақсаты: Берілген сөзге суретті тауып көрсету.
Құралдар: Берілген дыбыстан басталатын сөздері бар заттық суреттер, басқа дыбыстардан басталатын бір-неше суреттер.
Ойын барысы: Ойынның алдында заттық суреттерді үстелге орналастыру, балалар қарапалсын. Сосын тапсырма беріледі бір дыбысқа барлық суреттерді жинастыру. (қалта, ақша, аққала т.с. с)
«Кім жылдам»
Мақсаты: Сөздегі төл дыбысты анықтап үйрету. Құралдар:Төл дыбыстан басталатын заттық суреттер, әр дыбысқа бір неше суреттер. Оқушының алдына суреттерді қояды да атайды, сосын оларды бірінші дыбысына қарай топтастыруын сұрайды.
(Қ) – қалам,қарындаш,қағаз
(Ә)- әже,әтеш,әке
Қорыта айтқанда,ойын оқу үрдісінде оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория бола алады. Сол сияқты ойынды оқушылар мен мұғалімдер бірлескен оқу әрекетінің өзара байланыста болатын технологиясы ретінде қарастыруға болады.Педагог- ұйымдастырушы, ақыл-кеңесші, ойын барысында болатын даулы мәселені шешетін әділ төреші. Ең бастысы - баланың досы. Дидактикалық ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, олардың ойлау қабілеттерін, ізденімпаздылығын арттырады, сөз қорын молайтуға көмектеседі, сабақта дидактикалық ойындардыпайдалануда оқушыларды әдептілікке, адамгершілікке, қамқорлыққа,қайырымдылыққа тәрбиелейді. Мектеп оқушыларының сол пәнге деген белсенділігі артады және бағдарламалық материалдарды қажет деңгейде меңгеруге ықпал етеді.Казіргі заман мектептерде дәстүрлі білім беру үрдісіне сан-қилы дамыту жұмыстарын белсенді еңгізу, оқушының жан-жақты болу зейінің,есінде сақтау қабылетін және т.б. психикалық қызметін дамуына зор үлес қосу, педагогикалық ұжымының ең маңызды мақсаты.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Бала мен балабақша Алматы, 2013№6
2. Орыс кластарында қазақ тілін тиімді оқыту жолдары Алматы ,2000
3. Бастауыш мектеп Алматы,2001№3
4. Қазақстан мектебі Алматы,2002№5
5. Бастауыш сыныпта оқыту Алматы,2011№1
6. Қазақ тілі (дидактикалық материалдар)Алматыкітап2010ж.
Авторы: Ж.Қ.Балтабаева.