А?ылшын тілін о?ытуда дидактикалы? ойындарды ?олдану


Ағылшын тілін үйретуде ойын элементтерін қолдана отырып сөздік қорларын молайту
Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Еліміздің шет елдермен қарым – қатынасымыз күшейіп отырған кезде балалардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті. Мектепке дейінгі ұйымның бітірушісін тәрбиелеуде ана тілімен тең және басқа шетелдік тілдерде білім үлкен рөл атқарады. Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев айтқандай: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі». Демек, балаларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы. Дидактикалық ойын – баланың қызығушылығына негізделген оқыту тәсілдерінің бірі. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын баласы екенін ескере келе, дидактикалық ойындардың жүйелі қолданылуы жақсы нәтиже береді. Дидактикалық ойындарды пайдалану мәселесі педагогикалық теорияда кеңінен қарастырылған. Атап айтсақ, Ахметов С., Алдабергенов А., Ахметов Н.К., Хайдаров Ж.С., Кларин М.В., Қайырбекова А., Төлтаева Г., Әбселемова А., Әбішова А. т.б. ғалымдар дидактикалық ойындардың маңызын, түрлерін қолдану жолдарын көрсеткен. Педагогикалық процесте ойын балалар іс-әрекетінің басқа да түрлерімен, бәрінен бұрын еңбекпен, оқу үстіндегі оқытумен өзара тығыз байланыста болады .Қазіргі балабақшадағы ойынды қолданар алдында ақпараттық құралдарды жетік меңгеру, Power Point, Microsoft office, Paint бағдарламаларымен жұмыс істеп қана қоймай үнемі интернет жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерістерді өзінің кәсіби шеберлігіне қолдана білу, білім кеңістігін кеңейту, ашу бағытындағы өзгерістер мен әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге талпындырады. Интернет жүйесінің балаға тәрбие беру барысына қосар үлесі көп. Мектепке дейінгі жас – ағылшын тілін оқытуға өте қолайлы кезең, себебі бұл жастағы балалар тілдік құбылысты қабылдау қабілеттілігімен ерекшеленеді: оларда өзінің сөйлеу тәжірибесін, тіл құпияларын байқау қызығушылығы пайда болады. Олар лезде берілген шағын материалды меңгеріп алып, оны өте жақсы айтып бере алады. Шетел тілі ана тілімен қоса баланың сөйлеу қабілетін және жалпы дамуын ғана жетілдіріп қоймайды, оны өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым – қатынас мәдениетіне де үйретеді. Өз тәжірибемде жаңа тақырыпты өту барысында жаңа сөздерге көп көңіл бөліп отырамын. Сөзден сөз тіркестер құралады, одан сөйлемдер құрылады, сондықтан баланың жаңа сөзді дұрыс қабылдап, ойына сақтау барысында әр түрлі ойындар жүргіземін. Ойын баланың тілге деген қызығушылығын арттырады және баланың тілді үйренуде жақсы жетістіктерге жеткізеді. Мектепке дейінгі жастағы балаларға ағылшын тілін үйрету барысында ойын арқылы олардың қызығушылықтарын оята отырып, ауызша сөйлеудің алғашқы дағдыларын қалыптастырылады. Оқыту әдісінің бастапқы кезеңінде сұрақ-жауап әдісі қолданылады, себебі диалог балаларды қарапайым ауызша сөйлеуге үйретіп қана қоймай, сонымен қатар, тыңдай отырып ұғынуына және өз ойын жеткізе білуіге үйретеді. Әндер, тақпақтар, санамақтар балалардың сөздік қорын молайтады. Сонымен қатар негізгі оқу іс-әрекеті болып табылатын ол-ойын. Ағылшын тілі пәнін ойын арқылы үйретуде де үлкен роль атқарады және кеңінен қолданылады.Жан–жақты ойластырған және жақсы жүргізілген ойын тілдік материалды енгізуді және бекітуді (лексика, грамматика, фонетика) жеңілдетеді,есте сақтау дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Ойын балаларды шетел тілін меңгерудегі қиындықтарға дайындайды және осы қиындықтарды жеңіп шығаруға көмектеседі. Ағылшын тілінде ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту үшін ойынды үйлесімді таңдау –– ағылшын тілі оқытушысының шеберлігіне байланысты. Ағылшын тілін меңгертуде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде балалардың ақыл-ойын дамытудың көп тараған формалары дидактикалық ойындар олар: әртүрлі лото, доппен ойналатын ойындар, кеспе қағаздарын пайдаланатын ойындар,шаршы ойындары, сенсорлық ойындар т.б. Әсіресе допты пайдаланып ойналатын ойындарда бала өзінің назарын доптың бірқалыпты соғылуына аударады, санау дағдылары қалыптасады, ойында жеңіп шығу үшін сандардың мөлшерін жаттап алуға ынтасы оянады. Доптың ритмикалық соғылуымен бірге санау бір-бірімен тығыз байланысты көру, ұстау және қозғалу анализаторларының дамуына көмектеседі. Ойынның осы түрлері ойын материалын түрлендіруге зор мүмкіншілік береді және лексикалық материалдарды жақсы меңгеруге көмектеседі. Іс-тәжірибемде балаларға ағылшын тілін үйретуде мазмұны күрделі емес, шағын драмалық ойындарды пайдаланамын. Драмалық ойындарда балалар ертегілердегі рольдерді жаттайды және ерекше күндерге арналған ертеңгіліктерде осы рольдерді орындайды. Драмалық ойындар балалардың бейнелік сөйлеуін, мәнерлеп сөйлей білуін дамытады. Сонымен қатар көрнекілік принципіне үлкен мән беремін. Алғашқы әсер өте айрықша болу үшін ойыншықтар, суреттер, фотосуреттер, схемалар мен басқа да көрнекі құралдарды пайдаланудың маңызы зор. Мектепке дейінгі балаларды шетел тілінде сөйлеуге үйрету процесінде көрнекіліктерді пайдалану - өткізілетін ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде нақты жағдайларына байланысты болуы тиіс. Мысалы, «Жануарлар» тақырыбын оқытқанда суреттерге қарағанда, ойыншықтарды қолданған нәтижелі болады. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде техникалық құралдарды (магнитофон, DVD, CD, әртүрлі аудиотаспалар) пайдаланамын, баланың жан-жақты дамуына септігін тигізеді. Жарықтық суреттердің динамикалығын, көркемділігін және айқындылығын көрсететін дыбыстық техникалық құралдар мәнерлеп айту кезінде балалардың эмоциясын тудырады, ол оқу процесіне оң әсер етеді. Қорыта келгенде, ойын әрекетінсіз ағылшын тілі лексикасын баланың есінде қалдыру тиімділігі аз және ақыл ой күшін көп қажет етеді. Оқу үрдісіне енгізілген ойын ағылшын тілі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде оқытудың бір түрі ретінде қызықты, жеңіл және жанды болуы керек. Ойын оқу үрдісін жеңілдететінін ескеру қажет. Ағылшын тілі мұғалімінің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қойған мақсатына, міндетіне, шартына байланысты ойын түрі өзгертіліп отырылуы қажет. Ойын арқылы кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, балалардың көңіл-күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарын қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі бағытталып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана мұғалімнің ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мақсатына жеткізуіне мүмкіндік береді.  
Ағылшын тілі мұғалімі: Тургинбаева Молдир Батырбековна
Астана қаласы,№80 «Ботақан» балабақшасы.
Телефон:87756996000