Баяндама: Диалогтік о?ытуды енгізу студенттерді? функциональды? сауаттылы?ын арттыру ??ралы ретінде
Диалогтік оқытуды енгізу студенттердің функциональдық сауаттылығын дамыту құралы ретінде.
Диалогтік оқыту студенттердің бірлесіп әрекет жасауға тарту ғана емес, студенттердің ойлау қабілеттерінің жоғары деңгейде өсуіне, тілдерінің байлығы мен зияткерлің қабілеттерінің дамуына әсерін тигізеді. Студенттердің топтық жұмыстардағы талқылауға қатысулары, өздерінің айтқан дәлелдерін қорғап, мәселелерге сыни көзқараспен қарауға дағдылары қалыптасады. Өз зерттеулерінде Мерсер әңгімелесу оқушылардың білім алуында ажырамас бөлігі деп атап көрсеткен. Әңгімелесудің үш түрі бар:
1.Зерттеушілік әңгіме
2.Әңгіме-дебет
3.Кумулятивтік әңгіме
Әңгімелесу арқылы оқытушы оқушылардың оқуға деген ынтасын оята алатын жақсы тәсіл. Ф.Ш.Оразбааева ғалым сабақтарда тілдік қатынастың үш түрлң жолмен немесе қалыппен іске асырылады деп көрсеткен. Олар жұптық, топтық және ұжымдық. Бұл жұмыстардың өзі диалогтік қатынасқа түсуден тұрады. Ал менің ойымша диалогтің өзі сабақтарды жүргізу кезінде әр түрлі әдістер арқылы жүзеге асады. Мысал ретінде: сұрақ-жауап, рөлдік тапсырмаларды орындау, жұптық жұмыс, топтық жұмыстар, мәтінді оқу т.б. Мәтінмен жұмыс жасау барысыда рөлдерге бөлу тиімді, бірнеше студенттер қамтылады. Топтық жұмыстың пайдасы топтық әңгіме барысында топ мүшелері бірін-бірі тыңдап,ортақ шешімге келіп отырады. Диалогтік сөйлесу студенттердің білім алуға қомақты үлес қосатын, өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болып табылады. Сабақтарда диалогті пайдаланудың маңызды рөл атқаратынын ғылыми зерттеулердің өзі көрсетті. Диалог арқылы оқыту сабақта оқушылардың қызығушылықтарын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өз үлесін қосатындығын Мерсер мен Литлтон өз еңбектерінде атап көрсетті.
Сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын ғылыми зерттеулер нәтижелері көрсетті. Студенттерге диалогтік тәсілмен оқытудағы сұрақтардың маңыздылығын қарайтын болсақ, мұғалім сұрақтар қою арқылы: студенттерді тақырып бойынша және сындарлы сөйлей білуге ынталандырады, студенттердің шынайы қызығушылығы мен сенімін анықтайды, білуге деген құштарлықтарын дамытады және зерттеуге ынталандырады, студенттердің білімін қалыптастыруға көмектеседі, студенттердің сыни тұрғыдан ойлауына ықпал жасайды және сыни тұрғыдан ойлануына ықпал етеді, студенттерге сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі, студенттердің бір-бірінен үйренуіне көмектеседі, басақ да студенттердің идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді, әңгімелесу және ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмегін береді және шоғырландырады, оқытудағы қиындықтар мен түсініспеушілікті анықтайды. Осыдан бақылағаным, студенттер бір-бірімен әрекеттесе отырып, берілген материалды жақсырақ түсінеді. Ал Выготскийдің білім беру моделі оқушының диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдаса, Барнс болса сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың білім алуына соншалықты әсер етеді деп айтқан. Барнс оқудың мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербальды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті. /Студентке арналған нұсқаулық 35 бет/ Тіл оқытуда үйретуде диалогтың маңызы зор, диалог ұғымының өзі тілді оқытудың сара жолы деуге болады. Диалогтің жұмыс түрлерін мен өз сабақтарымда қолданып жүрдім, менің жалпы байқағаным: бұрынға сабақ беру үрдісімен салыстырғанда жаңа тәсілді қолданып жаңа диалогты дамытудың айырмашылығы бар екенін байқадым.Менің бұлай деп отырған себебім: бұрында диалогтік жұмыс тек жұптық жұмыстарда іске асса, ал мен осы тізбектелген төрт сабағымда топтық жұмыстарда да орындалды. Бұл кезде студенттер берілген сұрақтар болсын, бейнематериалдардан көрген іс-әректтер болсын бірлесе отырып, оған жауап беруге тырысты, өздері сайлаған топ басшысымен келісіп, ортаға топтан екі студент шығып өз шығармашылықтарын көрсете білді.
Мен өзімнің тізбектелген төрт сабағымды «Өзін-өзі тану» пәнінен құрастырып өткіздім. Мен сабақтарымды жұмыс жоспарында берілген тақырыптар бойынша жасап жоспарладым. Бірінші сабағымның тақырыбы: «Махаббат-өмір өзегі», мақсаты: адамдар арасындағы достық пен өзара түсіністікті бағалай білуге үйрету, күтілетін нәтиже: сенімді, адал дос болуға,адамдар арасындағы достықтың алатын орны туралы үйренеді. Мен сабақты бастамас бұрын студенттердің психологиялық ахуалын тудыру мақсатында ақырын музыка әуені арқылы бір –бірлеріне жылы лебіздерін білдірді.
Бұл тақырып бойынша студенттерге диалогтік оқытуды меңгертуде «Миға шабуыл» сұрақтармен жұмыс жасау, «Махаббат кілттері» зерттеушілік әңгіме жұмысын жүрізу арқылы ұйымдастырдым. Бірінші тапсырма бойынша студенттер сұрақтарға жауап берді және өздері де бір-біріне сұрақтар таңдап, қоя білді. Мен бұл жерде студенттердің сұрақтарды қоя білулеріне қарап бағаладым, бірінші топтың сұрақтары тақырыпқа сай ауытқымай қойылғаны үшін жоғары деңгейде дап бағаладым, басқа топтардың сұрақтарында сәл ауытқушылық болғандықтан жақсы деп бағаладым. Келесі тапсырманы орындау барысында «Махаббат кілттері» бойынша мәтінмен жұмыс жасай отырып, зерттеушілік әңгіме жүргізді және оны регламент бойынша қорғап шығарды. Бұл іс-әрекетті студенттер өздері бесбармақ әдісі бойынша бағалады.
Бұл іс-әрекетті студенттер өздері бесбармақ әдісі бойынша бағалады.
Екінші сабағымның тақырыбы: «Өз бақытың-өз қолыңда» , мақсаты: «Бақыт» ұғымының мәнін ашу, өзі мен өзгелерді бағалай білуге үйрету, күтілетін нәтиже: «Бақыт» ұғымының жан-жақтылығы екенін ұғына отырып, жан-жақты ашуға үйренеді. Бұл тақырып бойынша студенттерге диалогтік оқытуды меңгертуде «Әңгіме-дебат» аудиожазба қолданып естіген ән бойынша бір-біріне сұрақтар қойып және өз ойларын, сезімдерін рөлдерге бөліп көрсетіп кетті.
Үшінші сабағымның тақырыбы: «Адами қарым-қатынас ізгіліктері», мақсаты: өзара түсінушілікке қол жеткізу құралы ретінде адамдар арасындағы қарым-қатынасқа құндылық көзқарастарын анықтау, күтілетін нәтиже: адамдар арасындағы тілдесу мәдениетін, жеке қарым-қатынас дағдысын, сөйлесу мәдениетін, кикілжіңнің мәнін және шешілу жолдарын анықтайды. Бұл тақырып бойынша диалогтік оқытуды меңгертуде сөйлесу түрлерін зерттеп, өз ойларын тұжырымдамалық карталарды қорғау арқылы көрсетіп кетті.
Төртінші сабағымның тақырыбы: «Мейірімділік әлемді құтқарады», мақсаты: қоршаған ортаға және өзіне деген жауапкершілікпен қарай білу, күтілетін нәтиже: мейірімділіктің өмірге керектігін анықтайды. Диалогтік оқытуды енгізу барысында «Стоп кадр» және мультфильмді пайдаландым. Болып жатқан оқиғалар туралы өз пікірлерін, әңгіме-дебат арқылы жалғастырды. Студенттер «Стоп кадр» әдісі арқылы өз топтарында кеңесіп,әрі қарай немен аяқталатыны жөнінде пікірталас жасап, өз пікірлерін ортаға салды. Бейнебаянды аяғына дейін көріп болғаннан кейін, өз пікірлеріннің дәлелдеді.
Менің тізбектелген төрт сабағымда да диалогті әдісті пайдалану оң нәтижесін берді деп ойлаймын, себебі бұл жағдайды мен студенттермен кері байланыс жасау барысында көзімді жеткіздім деуге де болады. Студенттер сабақтарда өздерін еркін ұстап, өз ойларын нақты дәлелдеуге тырысты, бір-бірлерін бағалау барысында да объективті болуға тырысты. Менің бұлай деу себебім, мен бұрынғы өзімнің сабақтарымда студенттер өздерінің ойларын еркін жеткізуге тырыспайтын , тек қана берілген сұрақтарға жауап беріп қана қоятын , ал осы сабақтарымда байқағаным мен ғана емес студенттер де еркін өз ойларын дәлелдеме арқылы айта білетінін байқадым.
Мен осы сабақтарымды өткізу барысында байқағаным:
Студенттер тақырып бойынша өз ойларын нақты жеткізуге ынталанады. Сыни тұрғыдан ойлануға үйренеді. Бір-бірін тыңдай білуге , бір-бірінен үйренуіне және басқалардың идеяларын құрметтеуге және бір-бірін бағалауға үйренеді. Сонымен қатар ойын жинақтап айтуға көмек береді. Менің студенттерім болашақ тәрбиешілер, олар балабақшадағы балаларды жақсылыққа, мейірімділікке, өз тілінде сөйлей білуге, өз тілінде өз ойларын жеткізе білуге үйретеді. Біздің тұратын өңіріміз орыс тілді болғандықтан, кішкентай балаларымыздың тілдері көбінесе орысша шығады, сондықтан да менің ойымша студенттер өздерінің үйренгендерін балаларға дұрыс қолдана біліп үйрете білсе, диалогті оқытудың маңыздылығының пайдасы тиді деп ойлауға болады.
Қорытындылай келе диалогті оқыту студенттердің білетіндігін мен білмейтіндігін анықтау үшін жақсы қарым-қатынастық , тілдік дағдылар және түсініктістікпен қарауды талап етеді. Біз бұрынғы үйренгеніміздей студенттердің қысқа жауап беретін сұрақтарына қарағанда , диалогті сөйлесу студенттердің білім алуларына, өз ойларын жеткізуге көп көмегін тигізеді деп қорытындыға келуге болады.