Урок по истории на тему $3. Буржуазиялы?-демократиялы? А?пан революциясы т?сында?ы ?аза?стан 8 класс
«№20 Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
Куанбаева Гулзира Андировна
Сабақтың тақырыбы : $3. Буржуазиялық-демократиялық Ақпан революциясы тұсындағы Қазақстан.
Сабақтың мақсаты : ХХ ғ. басында қоғамдық-саяси қатынастардың дамуында үлкен өзгерістер туғызған саяси оқиғалар ахуалын түсіндіру;
-Оқушы санасындағы отаншылдық қасиеттерді оята отырып, Қазақстанның ХХ ғ. басындағы қоғамдық өмірдегі орнын көрсету;
-Оқушыларды қоғамдық-саяси өмір дамуының кезеңдерімен, тарихи өзгерістердің қоғамдық қатынастардың дамуына тигізер әсерімен таныстыру.
Сабақтың барысы : Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын сұрау.
1. 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыстың басталу себептері мен барысы туралы не білесіңдер ?
2. 1916 ж. қазақ халқының саяси белсенділігінің күрт арттыруының себептері қандай ?
3. Үкіметтің Қазақстанда жүргізген жазалау шаралары қандай болды ?
Жаңа сабақ.
Жоспар.
1. Ақпан революциясының Қазақстанға әсері.
2. Ақпан революциясынан кейін құрылған саяси партиялар мен ағымдар.
3. Тыл жұмысындағылардың қайтып келуі және олардың революциялық үдеріске ықпалы.
1917 ж. ақпанда Ресейде буржуазиялық-демократиялық революция болып, монархия құлатылды.
1917 ж. наурыз, сәуір айларында әр жерде жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері құрылды.
Көрнекті ағартушылар мен демократтар, революциялық қозғалысқа белсене қатысушы А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ә.Ермеков, Ж.Ақбаев және басқа көптеген адамдар оның пікірлес серіктеріне айналды. Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету, эволюциялық-конституциялық жолмен автономиялық ұлттық мемлекет құру идеясы қозғалыстың негізгі өзегіне айналды. 1905 ж. бой көрсеткен алаш қозғалысы Ақпан революциясынан кейін қайта жанданды. 1917 ж. сәуір, мамыр айларында Алаш партиясының облыстық , ішінара уездік съездері болып өтті. Онда маңызды мәселелер қаралды.
Қазақтардың 1917 ж. көктемдегі Семей облыстық съезі Жалпықазақ съезіне Қазақстанның болашақ автономиясын құруды ұсынды.
Ақпан революциясынан кейін Ресейдің ұлт аймақтарында мұсылмандар қозғалысы жандана түсті. 1917 ж. сәуір айында Түркістан, Башқұртстан, Татарстан, Кавказ мұсылмандарының съездері болып өтті.
1917 ж. қыркүйекте тұңғыш мұсылман партиясы - Түркістан федералистерпартиясы құрылды.
1916 ж. қозғалыс, оның ізінше болған 1917 ж. Ақпан революциясы Қазақстан халық бұқарасын дүр сілкіндіріп, тарихи үрдістің дамуын жеделдетуге себепші болды.
1 Қ 2 А 3 З 4 А 5 Қ 6 С 7 Т 8 А 9 н 1. Үлкен өзгерістер әкелген ай.
2. Ұлт-азаттық қозғалыс жетекшісі.
3. С.Сейфуллин жетекшілік еткен ұйым.
4. Ә.Бөкейханов мүше болған партия.
5. «Қазақ жастарының революцияшыл одағы» ұйымының жетекшісі. 6. Уақытша үкіметтің төрағасы.
7. Қазақ зиялысы, 1916 ж. Жолдаудың авторларының бірі.
8. Ұлттық-демократиялық партия.
9. Жалпықазақ съезі болған қала.
Бекіту сұрақтары :
1. Ресейдегі саяси қозғалыстар өрлеуінің себебін қалай түсіндіресіңдер ?
2. Ақпан революциясы тұсындағы қазақ зиялыларының саяси белсенділігі артуының түпкі себептерін неден көреміз ?
3. Жалпықазақ съезінің қарарлары мен шешімдерінің тарихи маңызы неде ?
Бағалау.
Үйге : $3.